Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет11/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   115
Байланысты:
СРСП 1 оз, СРСП 1 оз
Сыныптан тыс қызмет арқылы;  
Сыныптан тыс патриоттық тәрбие берудің бірнеше жолы бар. Мұғалімнің 


24 
 
міндеті жүрісі жылдам, өзгерістерге толы дәуірде болашақтың көшбасшыларын 
тәрбиелегенде  өскелең  ұрпақты  нақты  адамдардың  өнегесімен  бағыттау, 
жалпыұлттық  және  аймақтық  жобалардың  көрнекті  тұлғаларын  танымал  ету. 
Міндетке  жету  үшін  мұғалім  жетекшілігімен  оқушыларды  «Қазақстанның  100 
жаңа  есімі»  жобасының  жеңімпаздарымен  кездесу  сабақтарына  апарамыз. 
Мұндай  сабақтар  мәдени  мекемеде,  ғылыми  зертханада,  немесе  өндіріс 
орындарында, киелі орындарда өтуі мүмкін.  Бұл жұмыстардың мақсаты: 
•білім алушыларды жоба қаһармандарының ерлік өнегесімен мемлекеттік 
мүдделерді қорғай алатын өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу; 
•белсенді  азаматтар  пен  патриоттардың  образында  қазіргі  заманғы  білім 
алушыларды ынталы және тартымды етіп қалыптастыру; 
•білім  алушылардың  бойындағы  өз  еліне  деген  мақтаныш  сезімін,  оның 
тарих  мен  заманауи  жетістіктерін,  біздің  замандастарымыздың  даңқты 
ерліктерін құрметтеуді сақтау мен дамыту. 
Екінші  жолы,  мектептегі  балалар  қоғамдық  қозғалысы  немесе  бірлестігі 
арқылы патриоттық тәрбие бере аламыз. 
Балалар  бірлестігі 
–  әр  ұжым  мүшесінің  өз  рөлдері  бар,  мазмұны  топ 
ішінде  өзара  іс-қимылды  қалыптастыратын  еркін  ұйымдық  құрылыммен, 
«ересек  –  бала»  демократиялық  иерархиялармен  әлеуметтік  ұйымдастыру 
ретінде  қызмет  жасайтын  шағын  топтардың  әртүрлілігі  тұлғаралық 
қатынастарды жетілдіреді.  
Балалардың қоғамдық қозғалысы
– қоғамның әлеуметтік-саяси саласының 
және  оның  педагогикалық  жүйелерінің  қиылысында  орналасқан  әлеуметтік-
педагогикалық  құбылыс;  қоғамның  дамуының  нақты  кезеңінде  әрекет  ететін 
түрлі  типтегі  және  әртүрлі  балалар  қоғамдық  ұйымдарының  (қозғалыстар, 
ұйымдар, ұжымдар) жиынтығы. 
«Балалар  қозғалысы»  ұғымы  «балалар  бірлестігі»  және  «балалар  ұйымы» 
ұғымдарынан  кең.  Балалар  қозғалысы  бірлестіктерді,  ұйымдарды  құрайды. 
Бірлестіктер  құрамына,  өз  кезегінде,  жеке  атауы  бар  ұйымдардан  тұратын 
ұйымдар кіре алады. Балалар ұйымдары Қазақстанда бар, олар скауттық ұйымнан, 
пионерлер ұйымынан және т.б. тұрады . 
Мектептегі оқушылар ұйымына «Жас ұлан», «Ұлы дала скауттары», Жас 
патриоттар академиясы және тағы басқалар жатады. 
Мектептен тыс қызмет арқылы; 
Мектептен  тыс  жоспарланған  іс-шараларға  республикалық  және 
аймақтық көлемдегі байқауларға қатысуды жатқызамыз.  
Республикалық байқаулардан бөлек челлендж, плоггинг, флешмоб сияқты 
заманауи  жарыс  түрлері  білім  алушылардың  отаншылдық  сезімін  жан-жақты 
танытуға септігін тигізеді.  
Мектептен  тыс  қызмет  арқылы  қазақстандық  патриотизмді  дамытудың 
тағы бір жолы туған жеріне көмек жасаған кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы 
қауым өкілдері мен жастарды қолдап-құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа аймақтарға 
көшіп  кетсе  де  туған  жерлерін  ұмытпай,  қаржыларын  елді  мекендерді 
көгалдандыруға,  мектептерді  компьютерлендіруге,  жергілікті  жоғары  оқу 


25 
 
орындарына  демеушілік  жасауға,  музейлер  мен  галереялар  қорын  байытуға 
жұмсаған жандардан өнеге алуға тәрбиелеу.  
Қазақ халқы  – бауырмал халық. 100 ден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір 
кешуде.  Достық,  қайырымдылық,  ынтымақ,  бірлікті  насихаттайтын  тамаша 
дәстүрлер бар.  Оқушыларды осындай дәстүрлермен тәрбиелеуіміз керек.  
«Асар» дәстүрін алайық. «Асар» 
– 
ұлттар бірегейлігін жақындата түсетін 
заман  талабына  сай  жарасымды  дәстүр.  Асар  –  еріктілер  тобы.  Оған  ешкімді 
мәжбүрлемейді.  Және  ұлтқа,  дінге,  тілге,  руға  бөлінбейді.    Оқушыларға  
мектепкі  демалыс  кездерінде  туған  жеріндегі  асарға  қатысудың  да  тәрбиелік 
мәні  зор.  Археологиялық  қазба  жұмыстары  немесе  демеушілердің 
қайырымдылық  шараларына  қатысу  оқушылардың  туған  жерге  перзенттік 
парызды сезінуге  ықпалы зор. 
Тамаша  үрдіс  белең  алып,  барлық  елді  қамтыды.  Тек  қана  табысты 
кәсіпкерлер  ғана  емес,  өз  саласында  едәуір  жетістікке  жеткен  танымал 
спортшылар,  әншілер,  өнер  қайраткерлері  тіпті  қарапайым  азаматтар  да  
меценаттық  үрдіске  белсене  араласып  жатқаны  шындық.  Олар  ауылындағы 
кембағал,  тұрмысы  төмен  жандарға  асарлатып  баспана  салып  беруде.  
Өлкетанулық  жұмыстар  осындай  патриоттарды  мектеп  қабырғасынан  бастап  
қалыптастырады. 
Бұл қазақстан халықтары бірегейлігінің жарқын үлгісі. Олар ұлтқа, дінге, 
тілге,  нәсілге,  руға,  жершілдікке  бөлінбей  туған  жеріне  деген  перзенттік 
парызын  өтеуде.  Біз  –  үлкен  болайық,  кіші  болайық,  бәріміз  туған  жердің 
перзентіміз. Тоқсан тарау арнамен келіп тоғысқан тағдырлармыз. Сондықтан да 
шетелдерде  өткен  байрақты  бәсекелерде    бізді  ұлтқа  бөлмей  «Қазақстандық» 
деп    таныстырады.  Қазақстандық  орыс,  неміс,  кәріс,  татар,  өзбек  деген  сөз 
тіркестерін ешқашан естімедік. Себебі біз ұлтқа бөлінбейтін унитарлы тәуелсіз 
мемлекетпіз.Біздің  бір  ғана  туған  жеріміз,  Отанымыз  бар.  Ол  ата-
бабаларымыздың маңдай тері тамшылаған – қасиетті Қазақстан [10]. 
Мектептен  тыс  жұмыстарды  жазғы  каникул  кезінде  оқушылар  ұйымы 
ұйымдастырса болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет