Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет7/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   115
Сыныптан тыс қызмет арқылы патриоттық тәрбие беру.  
Өлкетану  бұрыштарын  мектептерден  басқа  ауыл  кітапханасында,  
мәдениет  үйінде,  клубта  ұйымдастыра  аламыз.  Мақсатқа  жету  жолында 
төмендегідей сабақ түрлерін ұсынамыз: 
1.
 
Кіріктірілген сабақ. 
2.
 
Ойын сабақ. 
3.
 
«Жанды» сабақ.  
4.
 
Әдеби-сайыс сабақ. 
5.
 
Саяхат сабақ.  
6.
 
Аралас сабақ т.б. 
Музей – қандайда бір жас мөлшеріндегі балалар болсын ой-өрісін, ойлау, 
көру,  есте  сақтау  танымын,  қызығушылық  өрісін  кеңейтеді.  Мұғалім 
тақырыпты ашуға тиімді музейді өзі таңдайды. 
Мектептегі үйірмелер, әскери-патриоттық клубтар жүйелері, балалар мен 
жасөспірімдер  қозғалысы,  оның  ішінде  «Жасұлан»,  «Жас  қыран»  сонымен 
қатар  экскурсия  ұйымдастыру  мен  мектепкі  демалыс  кезеңдерінде  білім 
алушылармен  Қазақстанның  киелі  нысандарына  бару  сыныптан  тыс  қызметке 
жатады.  Бұл  білім  алушыларды  еліміздің  әртүрлі  өңірлерімен  таныстырып, 
олардың  зерттеушілік  дағдыларын  арттырады.  Сонымен  қатар,  білім 
алушылардың өлкетану  бойынша  республикалық және  аймақтық   байқауларға 
қатысуы да патриоттық тәрбие берудің механизмдерінің бірі.  
Жыл  сайын  өткізілетін  байқаулар  білім  алушылардың  өлкетану 
жұмыстарын  ғылыми  жағынан  тереңдетуге,  АКТ  көмегімен  сандық 
технологияға меңгеруге, өзара білім бәсекесіне түсуге жол ашып отыр.  
Білім  алушылардың  патриоттық  тәрбиесі  Қазақстанның  әйгілі,  ұлы 
адамдарының өмірлік іс-әрекеттерін үлгі етуден басталуы тиіс.Өз өмірін қазақ 
жерінің тұтастығын сақтап қалу үшін құрбан еткен батырлардың ерлігі болашақ 
жастарға үлгі, сабақ болуы тиіс.   
Мектеп музейінен басқа да мәдени мекемелерде өлкетану  сабағын өткізе 
аламыз.  Мұндай  сабақтың  түрі  «жанды»  сабақ  деп  аталады.  «Жанды»
 
сабақ 
дәстүрлі  емес  сабақ  түрлеріне  жатады.«Жанды»  сабақтың  негізгі  мақсаттары 
мен міндеттері бар.  
Мақсаты:
 
 
-өз Отанын сүйетін, оның тарихын, әдет-ғұрпын, тілін құрметтейтін тұлға 
тәрбиеленеді; 
-оқушы бойында оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс 
істеу қажеттілігі пайда болады; 
-оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың 
күнделікті істерге қатысу қабілеті дамиды; 


18 
 
-туған жеріндегі ұлттардың салт-дәстүрін білу және құрметпен қабылдау; 
-туған  өлке  тарихының  тірі  куәгерлерін  саралау  категорияларын  білу: 
Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл ардагерлері, еңбек ардагерлері, еңбегі сіңген 
педагогтар мен дәрігерлер және т.б.; 
-өлкенің өсімдік жамылғысын, жануарлар дүниесін білу; 
-өлке  туралы  негізгі  анықтамалық  мәліметтерді  қамтитын  түрлі 
форматтағы ақпараттық материалдарды әзірлеу; 
-Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады. 
Міндеті:  
-  тарихи  және  мәдени  ескерткіштермен  таныса  отырып,    тарихи 
дәуірлердің өзара байланысын, сол кезеңге және басқа мәдениетке байланысты 
түсінігін қалыптастыру; 
-  музей,  ескерткіштермен  тұрақты  қарым-қатынас  жасау  қажеттілігі  мен 
дағдыларын қалыптастыру; 
-  эстетикалық  пайымдау  және  музей  жәдігерлеріне  ұқыптылықпен  қарау 
қабілеттерін дамыту; 
-басқа  мәдениеттерге  құрметпен  қарауды,  тарихи  және  мәдени 
құндылықтар жүйесін түсіну және қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру; 
Бүгінгі білім беру саласында сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерімен 
қатар,  сан  қырлы  дәстүрлі  емес  түрлері  де  қолданылуда.  Ол,  әрине  қоғамның 
жаңару,  жетілдіру  жағдайына  білім  беру  саласын  реформалаумен  тығыз 
байланыста  іске  асуда.  Оқыту  жұмысын  ұйымдастырудың  мұндай  дәстүрлі 
емес сабақ түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы 
мақсат  –  әрбір  сабақтың  оқу-тәрбиелік  мүмкіндіктерінің  мол  екенін  көрсете 
отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру.  
Жалпы  білім  беретін  мектептің  5-7-сыныптарындағы  өлкетану  сабағы 
аталған  пәндердің  күнтізбелік  оқу  жоспарына  сәйкес  болады.  Білім 
алушылардың арасында туған өлкені таныту үшін мектеп қабырғасынан шығып 
өлкетану  сабақтарын  өткіземіз.  Мұғалім  оқу  жоспарына  сәйкес  өлкетану 
сабақтарының  тақырыбы  мен  мақсатына  қарай  мәдени  мекемелерге  апарады. 
Мәдени мекемелердегі сабақ түрі «жанды» сабақ деп аталады. 
«Жанды»  сабақтар  –  мәдени  мекемелер  мен  білім  беру  ұйымдары 
арасындағы жаңа серіктестік пен ынтымақтастық нышаны.  
 «Жанды»  сабақты  типтік  жағынан  ғылыми  зерттеу,  көпшілік  –  ағарту, 
зерттеу,  академиялық  –  оқу  болып  жіктелетін  мынадай  музейлерде  өткізуге 
болады. 
1.
 
Алтын және бағалы металдар музейі 
2.
 
Әдеби  музей   
3.
 
Әскери-тарихи музей  
4.
 
Кешенді музей  
5.
 
Көркемөнер музейі 
6.
 
Табиғи-жаратылыстану музейі 
7.
 
Тұлғалар атындағы музей-үйі 
8.
 
Тарихи музей 


19 
 
9.
 
Техникалық  музей 
 «Жанды» сабақты музейде ғана өткіземіз десек қателесеміз. Кешенді  
музей  мүлдем  жоқ  елді  мекендер  бар.  Сондықтан  сабақты  музейден  басқа 
мынадай нысандарды өткізуге болады:   


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет