13
өтінімде ұсынылған материалдар оқу құралының негізгі материалдарын
қайталамауы тиіс.
Өлкетанулық білім–білім алушыларды рухани байытып, тәжірибелік
бағдарын үйлестіріп, оқулықтар, тәртіп, сабақтан тыс факультативтік және
үйірме жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.
Базалық жобаның негізгі мақсаттары:
1)
Білім беру ұйымдарында өлкетанулық білім алуға жағдай жасау;
2)
Өлкетанулық білім беру мен өлкетану бағытында өткізілетін іс-
шаралардың сапасын арттыру;
3)
Білім алушылар үшін өлкетану жұмыстарынығ кәсіби бағдар
мүмкінідіктерін қолдану.
Нәтижелер көрсеткіштері:
1)
музейлер базасында «Тарих», «География», «Әдебиет» пәндері
бойынша жылына 2 сағат өлкетану сабақтарын ұйымдастыратын және тарихи
нысандарды (мектеп аумағынан тыс) аралау жұмыстарын жүргізетін орта,
кәсіптік және техикалық білім беру ұйымдарының жалпы саны;
2)
білім беру ұйымдарындағы өлкетану үйірмелері мен клубтарының
саны;
3)
түрлі өлкетанулық жобаларға қатысушы білім алушылардың саны;
Базалық жобаны жүзеге асыру аясында төмендегі түйінді оқиғалар тізімі
жоспарланған:
1)
«Ұлттық қазына». Өлке тарихы туралы кітап дайындау және
шығару;
2)
«Алтын адам». Музейдегі жұмыстар
3)
«Туған өлке тарихы». Білім беру ұйымдарында өлкенің тарихи-
мәдени орындарына, музейлерге саяхатты қамтитын факультативтер, арнайы
курстар, үйірмелерді енгізу;
4)
«Өскен өңір». Туған өлке тарихын танып-білу мақсатында
аймақтық интеллектуалды шаралар;
5)
«Туған өлке соқпақтары». Туристік-өлкетану жарыстары;
6)
«Мәдени-генетикалық код: тарих, салт-дәстүр» Тарихшылар съезі;
7)
«Менің Отаным – Қазақстан». Жас өлкетанушылар, туристер мен
экологтардығ жыл сайынғы аймақтық, республикалық слеттері;
8)
«Тарих мұрасы». Этнографиялық, археологиялық өзге де
экспедицияларды ұйымдастыру үшін ғылыми-зерттеу гранттары;
9)
Өлкетанудың маңыздылығы жөнінде әлеуметтік бейнероликтер
шығару және орналастыру.
Достарыңызбен бөлісу: