Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»


Өмір қауіпсіздігінің негіздері және ақпараттық технология



Pdf көрінісі
бет5/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
Байланысты:
өспе, 1510058388496, jdndLevrJVZFDFgCmGuumdOE1gWTsOjAhhRc4RAJ, Ортопедическая стоматология тесты , 01,03, фитпат 24-29, аза стан тарихы п ні бойынша емтихан с ра тары мен та ырыптары
Өмір қауіпсіздігінің негіздері және ақпараттық технология
12
Әскери роботты техникалардың негіздері 
6
Оқу жылы бойынша сағаттар саны 
34
 
 
2-
сурет. Оқу пәнінің базалық мазмұны. 10-сынып 
Далалық-оқу жиыны. 10-сынып. Далалық-оқу (лагерлік) жиындарға оқу 
материалдары мен тақырыптық жоспарлау (ер балалар үшін) 
«Тактикалық дайындық» бөлімі келесі тақырыптарды қамтиды: 


11 
1)
Әскери бөлімнің (бөлімшелердің) қару-жарақтары мен әскери 
техникасы.
 
Әскери бөлімнің қару-жарақтары мен әскери техникасының 
арналуы және тактикалық-техникалық мінездемелерімен танысу. Қарулар мен 
әскери техниканы іс-жүзінде қолданысын көрсету. 
2)
Сарбаздың ұрыстағы іс-әрекеті. Сарбаздың ұрыстағы жаяу тәртіптегі 
іс-әрекеті. Ядролық жарылыс кезіндегі іс-әрекеті. Газтұмылдырық пен 
жалпыәскерлік қорғаныс құрылымын қолдану тәртібі (Л-1 қорғаныс киімі). 
3)
Қорғаныстағы сарбаз. Ату позициясында (атыс жүргізетін орын) 
орналасу. Оқпана қазу және оны жасыру. Жау ядролық қару қолданғанда
химиялық және бактериологиялық зақымдау қаруын қолданғаны туралы дабыл 
қағылған кездегі іс-әрекеттері. Жаудың танкілері мен жаяу әскерлерінің әртүрлі 
бағыттарындағы шабуылына төтеп беру. Ауа нысандарына атыс жүргізу. 
4)
Шабуылдағы сарбаз. Шабуылға дайындалу кезіндегі әрекеттер. 
Шабуылдау кезінде сарбаздың лекте қозғалуы және бөлімшенің ұрыс жүргізуі 
кезінде өз орнын табу. Жолдағы кедергілерден өту, шабуылдау. Жауды ордан 
қарумен ату, граната лақтыру және қоян-қолтық ұрыста жою тәсілдері. 
Шабуылдау нысанын басып алу. Шабуылдау кезінде радиоактивті (улы) 
заттармен зақымдалған жерлерде әрекет ету. 
5)
Бақылаушы сарбаз. Бақылау жасауға арналған орынды таңдау, оның 
жабдықталуы мен жасырылуы. Нысананы айқындау және бақылау нәтижесін 
баяндау. Жергілікті жердің үлгісін құру және әскери нысандарды үлгіде 
белгілеу. 
6) Шолудағы сарбаз. Шолушы болып тағайындалған сарбаздың 
әрекеттері. Шолушының қимыл-әрекеттері және жергілікті жерді, заттарды 
шолу. Бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме жасау. 
 
«Атыс дайындығы» келесі тақырыптарды қамтиды: 
1)
Автоматтан (пневматикалық винтовкадан) ату. Тәжірибеде автоматтан 
(пневматикалық винтовкадан) ату. 
2)
Қол гранаталарын лақтыру. Танкіге қарсы және жарықшақты қол 
гранаталарын лақтыру. 
 
«
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен 
әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары» бөлімінде қарастырылатын 
тақырыптар: 
1)
Әскери бөлімдегі (бөлімшелердегі) әскери қызметшілердің орналасуы, 
өмірі мен тұрмыстық жағдайы. Әскери бөлімнің (бөлімшелердің) тарихы. 
Әскери қызметшілердің орналасуы. Ақпараттық-тәрбие бөлмесі. Қару 
сақтайтын бөлме. Оқу қалашықтары, спорттық база, әскери асхана. 
2)
Бекеттегі сақшының міндеті мен іс-әреттері. Қаруды оқтау тәртібі. 
Бекеттегі сақшының қаруын ұстау қалпы. Бекетті қабылдау және тапсыру 
кезіндегі, бекетте өрт шыққанда және бекет маңында немесе көрші бекетте 
тәртіп бұзылған кездегі сақшының әрекеттері. 
3)
Бекетке шабуыл жасағанда сақшының іс-әреттері. Бекетке шабуыл 
жасағанда сақшының іс-әреттері. Қару қолдану тәртібі. 
«Саптық дайындық» бөлімінде қарастырылатын тақырыптар



12 
1)
Саптық тәсілдер және қарумен орындалатын қимыл-әрекеттер. 
«Автоматты кеудеге!», «Белдікке!», «Қаруды қой!», «Қаруға!», «Қаруды!» 
тәсілдерін орындау. 
2)
Бөлімшенің сабы. Бөлімшені жазылма және жорықтық сапқа тұрғызу. 
Бөлімшені жазылма саптан жорықтыққа сапқа тұрғызу және қайтадан жазылма 
сапқа тұрғызу. Бөлімшенің ажырауы және қосылуы. 
3)
Сапты басқару белгілері. Сапты басқару белгілері: «Назар сал!», 
«Командирлерді жина!», «Бас!», «Тоқта!», «Қашықтықты ұлғайт!», 
«Қашықтықты қысқарт!», «Лекке!», «Барлығың артқа бұрыл!», «Барлығың оңға 
(солға)!» және т.б. Машина маңындағы және машинадағы әскери 
қызметшілердің іс-әрекеттері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет