Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»


« Саптық дайындық» келесі тақырыптардан тұрады



Pdf көрінісі
бет3/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
Байланысты:
өспе, 1510058388496, jdndLevrJVZFDFgCmGuumdOE1gWTsOjAhhRc4RAJ, Ортопедическая стоматология тесты , 01,03, фитпат 24-29, аза стан тарихы п ні бойынша емтихан с ра тары мен та ырыптары
 
5. «
Саптық дайындық» келесі тақырыптардан тұрады:
 
Сап түрлері және олардың элементтері. Саптық тұрыс. (1 сағ.). Алдын-ала 
және орындауға берілетін пәрмендер. Сапқа тұрғанға дейінгі және саптағы 
сарбаздың міндеттері. «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Бас киімдеріңді 
(киімді) ШЕШ!», «Бас киімдеріңді (бас киімді) КИ!» пәрмендерін орындау 
«Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!», «Доғар!» 
«Баскиімді – шеш!», «Баскиімді – ки!» пәрмендерін орындау. 
Бір орында орындалатын бұрылулар. Бір қатарлы саптан екі қатарлы 
сапқа және қайтадан бір қатарлы сапқа тұру.
Саптық және жорықтық адым (1 сағ.). Саптық және жорықтық адыммен 
қозғалу. 
6. «Әскери топография» келесі тақырыптардан тұрады: 
Жергілікті жерде картасыз бағдарлау (1 сағ.). Бағдарлау туралы түсінік. 
Көкжиек тұстарын компас бойынша, аспан денелері және жергілікті жер бедері 
бойынша анықтау. Өзінің орналасқан жері туралы мәлімдеме беру.
Магнитті азимутты анықтау (1 сағ.). Азимут және оны анықтау.
Қазіргі заманғы бағдарлану құралдары. Жергілікті жерді бағдарлау үшін 
қазіргі заманғы жеке жабдықтар. Спутниктік навигациялық жүйелер туралы 
жалпы мәліметтер: GPS (Global Positional System), ГЛОНАСС, Galileo. 
7. «Әскери роботты техникалардың негіздері» келесі тақырыптардан 
тұрады: Әскери роботты техникалардың негіздері. (2 сағ.). Роботтар туралы 
жалпы мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалану. 
Роботтарды басқару алгоритмі (2 сағ.). Роботтың қозғалу траекториясын 
жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдері. 
Роботтарға арналған тапсырмалар. (2 сағ.). Роботтардың атқара алатын 
қызметтері (функционалдық). Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: 
жергілікті жерлерде бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету 
тәртібі. 
8. «Өмір қауіпсіздігі негіздері және ақпараттық технологиялар» келесі 
тақырыптарды қамтиды: Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы (1 
сағ.). Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысын (оқу орындары) 
ұйымдастырудың құрылымы және оның міндеттері. Азаматтық қорғанысының 
әскери емес құрылымдар қызметі және жабдықталуы. 



Ядролық қару және оның сипаттамасы. (1 сағ.). Ядролық қару және оның 
сипаттамасы. Ядролық жарылыс түрлері. Ядролық жарылыстың зақымдау 
факторлары және олардан қорғану әдістері. Нейтронды оқ-дәрілердің зақымдау 
ерекшеліктері. 
Химиялық қару. (1 сағ.). Химиялық қару және оны қолдану белгілері. 
Улы заттар, оның зақымдау қасиеттері және одан қорғану әдістерінің қысқаша 
сипаттамасы. Химиялық зақымдау ошағы, зақымдаудың алғашқы және екінші 
аумақтары. 
Биологиялық (бактериологиялық) қару (1 сағ.). Биологиялық 
(бактериологиялық) қару және оның зақымдау әсері мен қолдану белгілері. 
Бактериялық құралдар, олардың зақымдау әсері мен одан қорғану құралдарына 
қысқаша сипаттама беру. Бактериологиялық зақымдау ошағы және оның 
сипаттамасы. Бактериологиялық зақымдау ошағында жүргізілетін іс-шаралар. 
Карантин және обсервация. 
Тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары (1 сағ.). 
Жалпыәскери газтұмылдырық, оның атқаратын қызметі және құрылысы. 
Сауыт-қорғанысты (маска) таңдау, жарамдылығын тексеру, газтұмылдырықты 
жинау және қалтаға салу. Газтұмылдырықты алып жүру мен қолдану ережелері, 
зақымдалған адамға кигізу әдістері. Жарамсыз газтұмылдырықты пайдалану. 
Тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары. 
Жеке қорғану құралдарымен жаттығу (1 сағ.). Теріні қорғайтын 
қарапайым құралдар, герметизациялау және арнайы майды сіңдіру арқылы 
оның қосымша қорғану қасиеттерін арттыру жолдары. Арнайы киім үлгісінің 
атқаратын қызметімен таныстыру (Л-1 жеңіл қорғау киімі, сүзгілік қорғау 
қасиеті бар киім, жалпы әскери қорғану киімі) және оларды қолдану тәртібі. 
Ұжымдық қорғану құралдары. (1 сағ.). Жасырынатын орын және 
радиацияға қарсы таса, олардың қорғау қасиеттері, жалпы құрылысы және 
бөлменің ішін жабдықтау. Жасырынатын орындардың қарапайым түрі.
Эвакуациялау және халықты шоғырландыру (1 сағ.). Азаматтық қорғаныс 
дабылы және ол бойынша әрекет ету тәртібі. Эвакуациялау және орналастыру 
тәсілдері мен тәртібі. Эвакуацияланаушылардың міндеттері, олардың керек-
жарақтары, қажетті жеке мүліктері, құжаттары мен азық-түліктері. Эвакуация 
бекетіндегі тәртіп, жүру бағыты және орналасатын орынға келу ережелер 
тәртібі. 
Террорлық қауіп-қатер кезіндегі адамдардың қауіпсіздігі (1 сағ.). 
Террорлық актілер бойынша қауіп-қатер төнген және террор болған кездегі 
азаматтардың атқаратын әрекеттері. Түрлі деңгейдегі қауіп-қатер төнген кезде 
әрекет ету тәртібі. Лаңкестік қауіпінің алдын алуда ақпараттық технологияның 
тиімділігі. 
Табиғи апат аймақтарындағы адамдардың әрекеттері (1 сағ.). Табиғи 
апаттар, зілзалалар, олардың сипаттамалары және келтіруі мүмкін салдары. 
Табиғи апаттар және зілзалалар кезіндегі адамдардың әрекет ету тәртібі. 
Адамдардың табиғи апат салдарын жоюға, сондай-ақ құтқару жұмыстарын 
жүргізуге қатысулары. 



Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы 
медициналық көмек (1 сағ.). Жарақат және олардың асқыну себептері туралы 
түсінік. Қансырау түрлері және олардың сипаттары. Күйік шалу себептері және 
олардың ауырлық деңгейлері. Естен танудың себебі. Жарақат алу және 
қансыраған кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Асептика және 
антисептика туралы түсінік. 
Түрлі қайғылы оқиғалар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық 
көмек (1 сағ.). Сүйектің сынуы және оларды анықтау туралы түсінік. Соғып 
алу, шығып кету, буынның созылуы және оларды анықтау белгілері. Шина 
салудың негізгі ережелері. Түрлі қайғылы оқиға орын алған кезде алғашқы 
медициналық көмек көрсету тәсілдері. 
Үсік шалу, күнге күю және жылудың әсері, олардың алдын алу және 
көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Электр тоғы соққан кезде 
көрсетілетін алғашқы медициналық көмек және көмек көрсеткен кезде сақтау 
керек қауіпсіздік шаралары. 
10-
сынып бағдарламасының мазмұнына «Әскери роботты техника 
негіздері» бөлімі енгізілген, ол «Әскери роботты техника негіздері», 
«Роботтарды басқару алгоритмі» және «Роботтарға арналған міндеттер. 
Роботтардың қызмет ету мүмкіндіктері» атты бөлімшелерге бөлінген және 
келесі тақырыптарды қамтиды: 
1)
Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы 
мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалану. 
2)
Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын 
жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдері. 
3)
Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын 
қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде 
бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету (1-сур.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет