66
үміткердің тұсына белгі салуды сұрайды, себебі бұл қатысушыларды бөлу
кезінде пайдалы болады. Одан әрі компанияның иесі былай дейді:
«Енді сіздің әрқайсыңыз бланкідегі кестенің сол бағанында
басшы/менеджер/бухгалтер/дизайнер және т.с.с. жұмысына қажетті 5-7 жеке
тұлғалық қасиеттерін жазуы тиіс». Барлығы 2-3 минут жазады. «Енді оң жақ
бағанада сіздердің барлықтарыңыз ортақ пікірге келіп, барлық топ келісетін
жеке тұлғалық қасиеттерді жазуыңыз керек. Дауыс беруге тыйым салынады,
яғни барлығыңыз ортақ келісімге келуіңіз керек». Әрі қарай компания иесі
«осылай болсын..» деп кім айтатынын, кімді тыңдайтынын (көшбасшылық)
қадағалау керек. Талқылау 7-8 минутқа созылады. Содан кейін компанияның
негізін қалаушы: «Біреуіңіз шығып, барлығыңыз бірге жасаған қасиеттердің
тізімін оқып шығыңыз», - дейді де, кім жауапкершілікті алып ортаға шыққанын
бақылайды. «Ал енді әркім сіз бірге жасаған қасиеттердің контекстінде өзіңіз
туралы айтып беріңізші, мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: