Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет31/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   130
 
 
Кейс «Ауылда қалай ақша табуға болады?» 
Мақсаты: 
-
 
Еңбек әрекетін дамыта отырып,оқушылардың туған еліне деген  
сүйіспеншіліктерін арттыру.  
 
Түркістан  облысының  Қоғам  ауылының  тұрғыны  Азат  Құрманбектің 
әулеті  ерте  заманнан  түйе  бағумен  айналысады.  Малдың  бұл  түрін  бағумен 
әкесі,  ата-бабасы  да  айналысқан.  Сегіз  жыл  бұрын,  әкесі  қайтыс  болғаннан 
кейін Азат отбасылық бизнесті өз қолына алды. Сол кезде қорасында барлығы 
10  бас  болды,  бірақ  микрокредит  арқылы  ол  мал  басын  бес  есеге  арттырды. 
Түйе сүтін шаруа Түркістан қаласының қонақ үйлері мен киелі жерлерге зиярат 
жасауға келген туристерге сатады. 
Азат  Құрманбеков  Түркістан  облысының  өлшемі  бойынша  бақуатты 
фермер  болып  есептеледі.  Елу  бас  түйенің  келесі  (түйелер  тобын  келе  деп 
атайды) бар, олардың әрқайсысы миллион теңгеден, он бес гектар егістік жері 
мен  өзінің  үлкен  үйі  бар.  Осыған  қарамастан,  әрбір  таңның  атысынан  кеш 
батқанға дейін Азат атқа отырады да, өз түйелерін бағып, суғаруға апарады, ал 
кешке отбасымен бірге түйе сүтін (шұбат) дайындау үшін малдарды сауады. 
Түйе  өсіру  —  тынымсыз  және  қиын  шаруа.  Бірақ  Құрманбековтер 
отбасысы  «шөлді  кемелер»  өсірудің  барлық  қырларын  біледі.  Үй 
шаруашылығында  түйе  30-40  жасқа  дейін  өмір  сүреді.  Оларға  әр  түрлі 
аурулардан  екпе  жасап,  ашық  жерде  жаюды  қамтамасыз  етуі  керек.  Бұл 
қарапайым  жануар,  кез-келген  шөп  азығымен  қоректенеді,  жем-шөпті  іздеп 
түйелер үйден ондаған шақырымға кетуі мүмкін. Ересек түйелер қасқырлардан 
қорықпайды  және  қасқырларға  қарсы  тұра  алады.  Осал  жері  –  түйелер  екі 
жылда бір рет қана төлдейді. 
Аналық  түйе 12  ай бойы  төлдейді, босанар  алдында  адамнан  алыс  кетуге 
тырысады. Жаңа туылған ботақан өте әлсіз болады. Егер қараусыз иең далада 
туылса  -  тоңып  өліп  кетуі  немесе  қасқырға  олжа  болуы  мүмкін,  сондықтан 
мұндай  кезеңдерде  бақташы  шаруаға  күні  бойы  түйелердің  жанында  болу 
керек. 
Өнім 


63 
 
Түйені көбіне жүніне бола өсіреді, бірақ негізінен шұбат та алады. Ересек 
түйе  күніне  12  литр  сүт  береді,  барлығы  35  ересек  аналықтан  400  литрден 
артық сүт алынады. 
Облыс бойынша шұбаттың орташа бағасы – 400 теңге, бірақ Азат шипажай 
мен жеке сатып алушыларға 350 теңгеден арзан бағамен сатады. 
Мапқсатты аудитория 
Мал  өсіруші  сапаға  жұмыс  істейді,  сондықтан  сатып  алушылар  көп, 
фермерге  сүтті  арзан  және  үлкен  көлемде  сату  тиімді.  Осының  арқасында 
тұрақты  тапсырыс  берушілер  саны  өсуде.  Жақында  Қожа  Ахмет  Яссауи 
кесенесіне  және  облыстың  басқа  да  көрікті  жерлеріне  баратын  шетелдік 
туристердің сұранысы пайда болды. 
Қаржыландыру 
Осыдан  сегіз  жыл  бұрын  Құрманбековтер  отбасында  тек  он  түйе  болған. 
Сүт  көрші  ауыл  мен  көршілерге  сату  үшін  ғана  жеткілікті  болған.  Бірақ  Азат 
өндіріс  көлемін  ұлғайтқысы  келді,  себебі  бес  баланы  өсіру  үшін  біршама 
қаражат  керек.  Бірақ  табиғи  өсімнің  көмегімен  мал  басының  айтарлықтай 
өсуіне көптеген жылдар қажет болар еді. Екінші тәсіл - жас аналықтарды сатып 
алу, олардың әрқайсысын 250-ден 750 мың теңгеге дейін сатып алуға фермерде 
ақша болған жоқ. Мәселе шешімін KMF микроқаржылық ұйымы  тауып берді, 
сол ұйымнан 2009 жылы Құрманбеков төлді сатып алуға кредит алды. 
Ол  көрші  шаруашылықтарға  барып,  1-2  бастан  түйенің  боталарын  сатып 
ала  бастады.  Оларда  сүт  беретін  ерекше  тұқымдық  белгілері  бар.  Мұндай 
ерекшеліктерді шаруа тәжірибелі көзбен көріп, ажыратып ала алады. 
Осы  уақыттан  бері  Азат  11  рет  микронесиелерге  жүгініп,  әр  жолы  мал 
басы мен қарыз сомасын көбейтіп отырды. Бүгінде Азат Құрманбеков Отырар 
ауданындағы  ірі  түйе  шаруашылығымен  ғана  емес,  агроном  қызметімен  де 
айналысатын болды. Сүт сатудан түскен қаражатқа 15 гектар жер сатып алып, 
онда жүгері мен жоңышқа мал азығын өсіреді. 
Оның  отбасылық  бизнесі  әйел  мен  балалардың  қажырлы  еңбегі  мен 
көмегінің  арқасында  өсіп  келеді.  Түйелерді  өсіру  өнерінің  құпияларын 
Құрманбеков  өз  балаларына  үйретеді:  үш  ұл  және  екі  қызы  шаруашылық 
бойынша  әкесіне  белсенді  көмек  көрсетіп,  бұл  істің  мұрагерлікке  өздеріне 
өтетінін біледі. 
Дерек көз:
https://kapital.kz/business/63255/millioner-iz-aula.html 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет