58
Авторлық құқық
Авторлық құқықтарды бекіту мақсатында Абзал әрбір бұйымға фирмалық
белгіні – ежелгі қазақ ою-өрнегін «үкікөзді» ойып салады, ол бір жағынан сапа
кепілі қызметін де атқарады. Оның айтуынша, ағаштың жасы үлкен болған
сайын ыдыс-аяқ сапалы болады. Ағаш бұйымдары өнерінде көркем ою, дизайн,
шығармашылық тәсіл, ең бастысы – зергерлік дәлдік пен шыдамдылық қажет.
Кейде арнайы тапсырыс бойынша бір ағаш астауды дайындауға бір айға дейін
уақыт жұмсауға тура келеді.
Бәсеке
Белгілі болғандай, қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтарын өндіру саласында
бәсекелестік аз. Мысалы, еліміздің оңтүстігінде Талдықорған, Шымкент және
Таразда бірнеше мамандандырылған шеберхана жұмыс істейді. Сонымен қатар,
астау республиканың солтүстігінде де үлкен сұранысқа ие.
Масштабтау
Жақын арада Абзал Бегімбетов Қостанайда тағы бір цех ашып,
шығарылатын бұйымдардың тізімін кеңейтуді көздеп отыр.
Қысқа уақыт ішінде кәсібиліктің арқасында Абзал өнімі өңірде сұранысқа
ие және танымал болды. Сонымен қатар кәсіпкер жаңадан бастаған шеберлер
мен бизнесмендердің тәлімгерлері бола білді. Ол өз кезегінде өз ісін ашқан
ондаған адамды ағаштан жасалған ыдыс-аяқ шығаруға үйреткен.
Достарыңызбен бөлісу: