Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет26/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   130
кстремалды атлетика» кейсі 
Мақсаты: 
-
 
кәсіпкерлік қызмет түрлерін ажырата білуді үйрену; 
-
 
ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлін түсінуді  
үйрену; 
-
 
кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарын ажырата білуді үйрену. 
 
Бизнес-кейстерді талқылау кезінде – оны талқылау және өзара әрекет ету 
үшін 5 адамнан тұратын шағын топтар форматында ұйымдастыру керек. Кейс 
проблемаларының  шешімдері  ерекше  және  нақты  болуын  қадағалау  қажет. 
 
Кейс  тапсырмасында  шешімдердің  әртүрлілігі  мен  сабақ  барысының 
баламалылығына жол беріледі.  
Оқушыларда  дебаттарды  ұйымдастыру  үшін  қолдануға  болатын  қарама-
қарсы  көзқарастар  болуы  мүмкін.  Сіз  олардың  пікірлеріне  қатысты  жеке  баға 
бермейтініңізді  көрсетуіңіз  керек,  сонда  әр  түрлі  көзқарастарға  жол  бересіз 
және пікірлерін айтқаны үшін оқушыларға алғыс білдіріңіз. Іс-әрекеттің мәні - 
барлық алынған ақпаратты ескере отырып, оқушылардың мәселеге деген жеке 
көзқарасын қалыптастыру. 
1-тапсырма  
Жастардың немесе креативті кәсіпкерліктің өмірінен мысал келтіріңіз – 
бизнес болашақ кәсіпкердің әуестігінен немесе хоббиінен өсіп дамиды ма? 
Егер  оқушылардың  жауап  беруі  қиындық  тудырса,  теориялық  сабақта 
олардың  бизнес  кейстерін  еске  сақтауды  сұрай  аласыз,  мұнда  Эмина 
Аскеровтың,  Жібек  Караманованың  немесе  Repas  мысалдарын  келтіруге 
болады.  Сіз  сондай-ақ  олардың  қандай  хоббиі  әлеуетті  түрде  бизнеске  айнала 
алады  деген  сұрақ қоя  аласыз  немесе бірнеше оқушыны хоббиін  айтуды  және 
аталған  хоббидің  бизнеске  өзгерте  алатын  қадамдарды  талдай  отырып,  бүкіл 
сыныппен ой-талқы өткізуді өтіне аласыз.  
2-тапсырма 
Неліктен  Василий  Кочетков,  Вадим  Винокуров  және  Тимур  Артюхин 
өздігінен  экстремалды  спортпен  жай  ғана  айналысу  идеясынан  бас  тартты 


54 
 
және «Экстремалды атлетика»  Қоғамдық бірлестік құруды шешкен бірнеше 
себептерді атаңыз. Сіз мұнда қандай плюстар мен минустарды көресіз?  
Жеке  іс  ашудың  барлық  плюстары  мен  минустары  бұдан  әрі  сабақта 
талқыланады.  Аталған  кезеңде  оқушылар  өздерінің  болжамдарын  айтуы  тиіс. 
Оқушылар оқулықта ұсынылған тізіммен салыстыру үшін, оларды тақтаға жаза 
аласыз.  
3-тапсырма
 
«Экстремалды  атлетика»  жобасының  ақшаға  айналуы  ненің  есебінен 
болды және алынған қаражаттың қандай нәрсеге бөлінетінін талдаңыз. 
 
Жобаның  мазмұны  әрі  қарай  талқыланады.  Сіз  оқушыларды  пайда 
табудың  өзіндік  нұсқаларын  ойлап  табуға  ынталандырып,  2-тапсырмада 
көрсетілген  жауаптардағы  әрекетерді  қайталай  аласыз.  Олардың  барлық 
жауаптарын  сіз  оқулықта  көрсетілген  нұсқалармен  салыстыру  үшін  тақтаға 
жаза  аласыз.  Бәлкім,  оқушылар  одан  әрі  көрсетілмеген  қызықты  және  бірегей 
идеяларды ойлап табады. 
4-тапсырма  
Бір  ұйымдастырушылық-құқықтық  нысан  шеңберінде  бизнес-қызметті 
жүргізудің  барлық  плюстарын  талдаңыз.  Мысал  ретінде  кез  келген  басқа 
жастар,  креативті  немесе  басқа  бизнесті  пайдаланыңыз.  Төмендегі  аталған  
плюстарды үш санатқа топтастырыңыз:  
1) бизнес үшін плюстар;  
2) мемлекет және экономика үшін;  
3) қоғам үшін. 
Тапсырма  креативті  тәсілдемені  ұйғарады.  Тапсырмаға  жауап  беру 
кезінде  сіз  кәсіпкерлік  қызметінің  әртүрлі  ұйымдастырушылық  құқықтық 
нысандарына  қатысты  бөлімнің  теориялық  материалына  сүйене  аласыз.  Егер 
оқушылар  өздігінен  басқа  бизнесті  атай  алмаса,  онда  оларға  көмектесіңіз. 
Мысалы, шаштараз қызметтері.  
1) Бизнес үшін плюстар:
 салон ашу мүмкіндігі, жалдамалы жұмыскердің 
еңбегін  пайдалану,  фрилансер  шаштараздан  гөрі  көбірек  клиенттерді  тарту, 
жарыстарға қатысу, салон базасында курстарды ұйымдастыру және т.б; 
2)  Мемлекет  және  экономика  үшін  плюстар:
  салықтар  алу,  басқа 
салондармен  бәсекені  дамыту,  жұмыскерлерді  жалдау  есебінен  жұмыссыздық 
мәселелсін шешу, жеткізушілермен жұмыс және т.б; 
3)  Қоғам  үшін  плюстар:
  бәсеке  есебінен  үздік  сервис,  әртүрлі  салондар 
арасында таңдау мүмкіндігі, қызметтердің үлкен спектрі. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет