73
командаға қосымша 3-5 минут беріңіз. Бұл бизнес алдағы 20 жылда
айналысатын істерің болады деген шартпен осы идеяны қайта қарап шығыңдар
деп, командалық жұмысты тағы бір жүргізіңіз. Әр идеяны бір минутқа
жеткізбей айтып шығуларын сұраңыз. Соңғы кезеңді орындау кезінде идеяның
қалай өзгергені туралы сұрақ қойыңыз. Әр команданың соңғы идеясын
талқылап, ең үздік
идеяға дауыс беріп, жеңімпаз команданы анықтаңыз.
Қорытындылау:
Оқушылар ойын нәтижесінде әрқайсы 3 минутта бір-бірімен
байланыспайтын екі сөзге сүйеніп бизнеске арналған жаңа идея таба
алғандарын ұғыну керек. Осы арқылы жаңа бизнес-идеяны жасау кез келген
креативті ойлана алатын адамның қолынан келетін іс екенін түсінеді.
Оқушылар идея ойластыру кезінде командалық жұмыстың артықшылықтарын
да бағалай алуы керек. Оқушыларға екі сөз арқылы бизнес-идея ойлап табу
керек деген тапсырма берген кезде ол айтарлықтай инновациялы әрі күрделі
болып көрінеді.
Шарт күрделеніп, команда идеяны жүзеге қалай асыру керегі жайлы
ойланған кезде бастапқы идея өзгеріп, жеңілдей түсті. Бизнес-идеяны өздеріне,
өз мүмкіндіктеріне шақтау керек болғанда оқушылар оған көбірек өзгеріс
енгізуге тырысу керек. Басында идея туындаған сәттен бастап оны біржола
жүзеге асырғанға дейін кәсіпкер дәл осындай жолдан өтеді. Енді сіздерде
көптеген әртүрлі факторларды есепке ала отырып бизнес-идеяны түрлендіру
тәжірибесі, сондай-ақ бизнес-сарапшылар тәжірибесі бар. Ойынның бірінші
кезеңінде «таблетка» +«пернетақта» сөздерімен берілген тапсырманың мүмкін
болатын жауаптарын түсінуге мысалдар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: