Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»


 Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнін оқытуда STEM - білім беру



Pdf көрінісі
бет40/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   130
2.6 Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнін оқытуда STEM - білім беру 
 
STEM  -  білім  беру  дегеніміз
  оқытудың  біріктірілген  тәсілі.  Бұл  тәсіл 
аясында  академиялық  ғылыми-техникалық  тұжырымдамалар  шынайы  өмір 
контексінде зерттеледі. Бұл тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам және бүкіл әлем 
арасында  STEM  сауаттылықты  дамытуға  және  әлемдік  экононмикадағы 
бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. STEM - білім 
берудің  біріктірілген  тәсілі,  оның  шеңберінде  академиялық  ғылыми-
техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. 
Қазақстанда  білім  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  STEM  контекстінде  мектептегі 
білім  берудің  мазмұнына  өту  белсенді  дами  бастады.  STEM  -  білім  беру  оқу 
мен  мансапты  қосатын  көпір  болып  табылады.  Оның  тұжырымдамасы 
балаларды технологиялық тұрғыдан дамыған әлемге дайындайды.  


76 
 
STEM-білім  берудің  артықшылықтары:  сыни  тұрғыдан  ойлау,  ғылыми-
техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру, 
командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықтарын арттыру, 
жобаларға креативті және жаңаша көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы. 
STEM- білім берудің негізгі мақсаты – оқушылардың білу және істей алу 
қабілеттерін  өнертапқыш  шешімдер,  зерттеушілік  қызметтер,  тәжірибелік 
форматтарда  көрсету.  STEM  -  білім  беру  оқушыларды  алған  білімдерін 
қоршаған  орта  процестерімен  байланыстыруға  және  жобалық  ойлауына 
мүмкіндік береді. 
STEM-  білім  беруде  күтілетін  нәтиже  –  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылықтары, олардың өмірлік және кәсіби перспективалары, өз күштеріне 
деген  сенімділік.  STEM  білімі  беру  –  STEM  сыныбында  немесе  кез-келген 
пәнге жеке енгізілуі мүмкін. Жаратылыстану математикалық бағытындағы пән 
сабақтарында  STEM  білім  беруді  тікелей  жүзеге  асыра  алады.  Ал,  жалпы 
гуманитарлық  бағыттағы  пән  сабақтарында  оқушылар  өздерінің  әлеуметтік 
зерттеулерінің құрастыру желісін жобалай алады [17]. 
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен оқушылар өз туындылары мен 
өнертабыстарын  ойлау,  зерттеу  процестері  арқылы  жүзеге  асыра  алады. 
Мысалы:  әлемдік деңгейде  робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 
3D-жобалау  және  тағы  басқа  –  бұның  бәрі  қазіргі  оқушыларды  қызықтырады. 
Бұл  қызығушылықтарды  жүзеге  асыру  үшін  неғұрлым  күрделі  дағдылар  мен 
құзыреттерді  дамыту  қажет.  Қазір  оқушының  білуі  мен  істеуі  ғана  емес, 
сонымен  қатар  зерттеу  және  жаңаны  ойлап  шығаруы  маңызды.  Ғылым, 
математика,  технологиялар  және  инженерия  сияқты  басты  академиялық 
салаларда  бір  мезгілде  даму  керек,  оларды  STEM  (science,  technology, 
engineering and mathematics) деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет