80
3. «КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ҚЫСҚА
МЕРЗІМДІ
САБАҚ
ЖОСПАРЫН
ӘЗІРЛЕУ
ЖӘНЕ
«ЕСЕПТЕЛІНДІ/ЕСЕПТЕЛІНГЕН
ЖОҚ»
ҚОЮ
БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
3.1. Қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен қысқа мерзімді сабақ
жоспарларын әзірлеу барысында мұғалім сабақтың негізгі кезеңдері мен
құрылымын ұйымдастыра отырып, оқытудың әдістері мен тәсілдерін тиімді
қолдануды басшылыққа алады.
Тікелей оқыту әдісін
оқу процесінде зерделелей отырып, зерттеу
ерекшеліктерін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мұғалімдеріне
әдістемелік көмек ретінде ұсынуға болады.
Тікелей оқыту және жаңа материалды ұсыну – сабақ мазмұнын дәйекті
және нақты түсіндіретін оқытушы белсенді рөл атқаратын оқытудың
классикалық базалық әдістері. Осы әдіс аясында жаңа және бұрын алынған
білім арасында байланыс орнатылып, жаңа жағдайларда қолдану жобаланады.
Сұрақтар шағын «бөліктермен» ашылады, материалды түсіну мезгіл-мезгіл
тексеріледі, күрделі сәттер қосымша түсіндіріледі, жаңа жағдайларда білімді
қолдану дағдылары мен техникасы дамиды.
Тікелей оқыту тақырыпқа енгізуден, талқылауға арналған сұрақтарды
анықтаудан, жаңа материалдар мен ақпарат беруден тұрады. Жаңа материал
мазмұны жағынан қызықты болуы мүмкін, алайда тыңдаушыларды мезгіл-
мезгіл қатыстырып, сұрақтар қойып немесе пікірталастар тудырған жағдайда
ғана қатысушылардың шоғырлануын сақтауға болады. Осылайша, мұғалімнің
монологынан диалогқа көшу жүзеге асырылады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқытудағы әдістердің бірі-
экономикалық мәтінді талдау. Әлемнің белгілі бір бейнесін қалыптастыру үшін
оқушылар жаңа тақырыпқа қатысты қосымша мәтіндер алуы керек. Осы
мақсатта оқулықтан, осы материалды арнайы көрсететін әдістемеден
материалдар, көрнекті экономистердің жұмыстарынан өздігінен таңдалған
үзінділер, танымал отандық (кейде батыстық) кәсіпкерлер туралы ақпарат
(соның ішінде көркем шығармалар түрінде) пайдаланылуы мүмкін. Оқыту-
процесіндегі бұл әдістеме тыңдаушыларға идеяларды түсіну үшін белсенді,
«ақылды» оқу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл кейде пассивті
қабылдау мен есте сақтауға бағытталған оқуды алмастырады. Оқушыларға
экономикалық мәтін идеяларын қабылдауға және жағдаятты қолдануға үйрету
үшін үнемі сыни талдау мен оқылымды түсіндіру қажет, сонымен қатар
жинақталған идеяларды проблемалау керек. Нәтижесінде мәтіннің идеяларын
логикалық
талдау,
сипаттау
және
өзара
байланыстыру,
өз
көзқарасымызды/пікірімізді қалыптастыру қабілетіне қол жеткізуіміз керек.
Сонымен қатар, өз пікіріңізді әріптестердің немесе мұғалімнің
ұстанымымен салыстыра аласыз, алайда оның ресми беделіне байланысты
82
минуттық эссе құрастыру; тақырып бойынша кемінде бір сұрақ тұжырымдау
немесе осы тақырып бойынша қысқаша түсініктеме жасау. Эссе жаңа
ақпаратты түсіну деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін кері байланыстың
маңызды элементі (feedback) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: