Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет48/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   130
Ойын барысы 
1. Әр команданың өкіліне уақыт кезеңін көрсететін 
төрт  кездейсоқ  картаның  біреуін  таңдауға  мүмкіндік 
беріңіз. 
2. Оқушылардың назарын аудартып, бірінші раунд 
ережелерін түсіндіріңіз.  
Үш  минут  ішінде  оқушылардың  әр  тобы 
гипотетикалық  уақыт  машинасын  қолдана  отырып, 
өздерімен  бірге  ала  алатын  үш  материалдық  пәнді 
анықтауы  керек.  Барлық  үш  зат  оқушылардың 
стандартты  мектеп  сөмкесіне  сыйып  кетуі  керек, 
сонымен 
қатар 
командаға, 
атап 
айтқанда, 
оқушылардың  әрқайсысына  келесі  дәірге  өтуі  тиіс 
уақыт аралығында барынша пайда әкелуі керек. 
3.  Үш  минуттан  кейін  әр  команданың  өкіліне 
таңдаған  үш  затын  қорғауға  және  затты  таңдау 
себептерін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. 
4.  Әр  команданың  жұмысын  10  балдық  шкала 
бойынша бағалауды сұраңыз. 
5.  Бағалау  процедуралары  аяқталғаннан  кейін 
барлық спикерлерге алғыс білдіріп, екінші раундтың 
басталғаны туралы хабарлаңыз. 
6. Оқушылардың назарын аударта отырып, бірінші 
раунд ережелерін түсіндіріңіз.  
Үш  минут  ішінде  оқушылардың  әр  тобы 
карточкада 
көрсетілген 
уақыттан 
бастап 
гипотетикалық  уақыт  машинасын  қолдана  отырып, 
өздерімен  бірге  ала  кететін  үш  материалдық  затты 
анықтауы  керек.  Барлық  үш  зат  оқушылардың 
стандартты  мектеп  сөмкесіне  сиып  кетуі  керек, 
сонымен  қатар  ол  зат  командаға,  атап  айтқанда, 
қазіргі 
кезеңдегі 
оқушылардың 
әрқайсысына 
барынша пайда әкелуі керек. 
7
 
Үш  минуттан  кейін  әр  команданың  өкіліне 
таңдаған  үш  затты  қорғауға  және  сол  затты  таңдау 
себептерін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. 
8.  Әр  команданың  жұмысын  10  балдық  шкала 
бойынша бағалауды ұсыныңыз. 
9.  Бағалау  процедуралары  аяқталғаннан  кейін 
барлық спикерлерге алғыс білдіріп, үшінші раундтың 
басталғаны туралы хабарлаңыз. 
10.  Үшінші  раундтың  шарттарын  айтпас  бұрын, 
оқушыларға  «Көбелектің  әсері»  туралы  айтып 
беріңіз.  Көбелектің  әсері  –  кейбір  хаотикалық 
жүйелердің  қасиеттерін  білдіретін  жаратылыстану 
ғылымдарындағы  термин:  жүйеге  шамалы  әсер  ету 
үлкен  және  болжанбайтын  салдарға  әкелуі  мүмкін. 
Сонымен,  оқушылардың  үш  затпен  байланысты 
әрекеттері  гипотетикалық  түрде  кеңістік-уақыт 


91 
 
континумын  өзгертіп,  қазіргі  жағдайымызды  өзгерте 
алады. 
11.  Назар  аударыңыз  және  бірінші  раунд 
ережелерін айтыңыз. Үш минут ішінде оқушылардың 
әр командасы алдыңғы раундтардағы команданың іс-
әрекеті  уақыт  барысына  қалай  әсер  еткенін, 
физикалық  объектілердің  гипотетикалық  ауысуы 
Қазақстанның  қалыптасуына  қалай  әсер  еткенін 
бағалауы қажет. 
12.  Үш  минуттан  кейін  әр  команданың  өкіліне 
үшінші  раундта  өз  пікірлерін  ұсынуға  мүмкіндік 
беріңіз. 
13.  Әр  команданың  жұмысын  10  балдық  шкала 
бойынша бағалауды сұраңыз. 
14.  Бағалау  процедуралары  аяқталғаннан  кейін, 
барлық  спикерлерге  алғыс  білдіріңіз  және  әр  раунд 
үшін  команданың  өз  презентациясына  қойған 
бағаларын  есепке  алмай  алдымен  жалпы  бағалауды 
дауыс беру арқылы қорытындылаңыз. 
15.  Жеңімпаз  жарияланғаннан  кейін  қалған 
уақытты ойынды талқылауға арнаңыз. 
Сабақтың соңы 
10 мин 
Қорытындылау 
Ойыннан  кейін  сіз  оқушыларды  экономикалық 
процестерге  байланысты  уақыт  өте  келе  нақты 
ресурстар  мен  олардың  мәні  өзгереді  деген  ойға 
жетелей  аласыз.  Ресурстардың  дұрыс  жиынтығын 
таңдауды  тек  пәнаралық  байланыстар  мен  ойлау 
бағытын  қолдана  отырып  жүзеге  асыруға  болады, 
онда  сол  дәуірдің  тұрғындарын  эмпатикалық  сезіну, 
оларды түсіне білу, ести білу керек. Өзін және өзінің 
жеке қажеттіліктерін таңдалған дәуірдің жағдайымен 
салыстырады.  Шешім  қабылдау  және  талдау  үшін 
оқушылар тобына география, тарих, әдебиет және өз 
тәжірибесінен алынған білім қажет. 
Үш  ресурспен  ғана  шектелген  шартпен  әрекет 
ету  оқушыларға  ақпарат/зияткерлік  ресурстары 
санмен 
және 
мектеп 
сөмкесінің 
өлшемімен 
шектелмейтіні,  уақыт бойынша саяхат жасау кезінде 
өздерімен  алып  жүретін  білім  мен  дағдының  ең 
құнды ресурс екені туралы ой тудыруы қажет. 
Жауаптардың  жалпы  мәнін  аңғара  отырып, 
оқушыларға  таңдаудың  дұрыстығын  және  сыни 
ойлаудың  қажеттігін  түсіндіретін  сұрақтар  қоюға 
болады. Мысалы, егер талқылау кезінде гаджеттердің 
қажеттігі туралы мәселе көтерілсе, онда соған сәйкес 
«Оны  қуаттайтын  құралы  немесе  оны  қуаттайтын 
сымы  керек  пе?  Онда  біз  таңдаған  осы  үш  заттың 
қажеттігі бар ма? Бұлар сол дәуірлерде жұмыс істей 
ала ма?» деген сұрақтар қоюыңызға болады. 
Оқушыларға оқулықтан сұрақтар қойыңыз: 
-
 
неліктен қазіргі уақытта біз үшін маңызды  
емес  және  таныс  заттар  басқа  тарихи  кезеңде 
 


92 
 
олардың құндылығын арттырады деп ойлайсыз? 
-
 
неліктен біз үшін маңызды гаджеттер  
басқа дәуірде құндылығы төмен болуы мүмкін? 
-
 
Уақытша контекстке қарамастан  
маңыздылығын  жоғалтпайтын  әмбебап  заттар  бар 
ма? Оларды не біріктіреді? 
-
 
Сабақты қорытындылау:  
берілген 
тапсырмадан 
қандай 
қорытынды 
жасадыңыз? 
-
 
Сіз одан әрі алынған қорытындыларды  
пайдалана аласыз ба? Қалай? 
Рефлексия 
 
«Алақан» әдісі арқылы 
Бас бармақ– керемет әрі қызықты болды, себебі... 
Екінші бармақ– осыған көңіл бөлу керек... 
Ортаңғы бармақ– менің ұсыныстарым... 
Төртінші бармақ – мен білімімді кеңейттім... 
Кішкентай бармақ– маған әлі де жеткіліксіз... 
 
Саралау-  Сіз  қосымша  көмек 
көрсетуді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қабілеті 
жоғары  оқушыларға  қандай 
міндет қоюды жоспарлайсыз? 
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, 
материалды меңгергенін тексеруді 
қалай жоспарлайыз? 
Денсаулық және 
қауіпсіздік 
техникаларын 
қадағалау 
1. Топтық жұмыс
 
2. Топтарда әр оқушыға рөл 
беру, топ іщінде әр оқушының 
белсенділік танытуын, өзара 
көмек және өзара қолдау 
жасауға дайындығын 
болжайды
 
Бағалау  формасы  «Ду  қол  шапалақ», 
«Лайк» (
). 
Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, 
ұжымдық бағалау 
Белсенді қатысқан оқушыларды 
мадақтау. Оқушыларды 
ынталандыру. 
 
Денсаулық 
сақтаушы 
технологиялар. 
Физминуттар 
қолдану. 
Белсенді іс-
әрекет түрлері. 
Қауіпсіздік 
техникасы 
тәртібі.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет