ҚОСЫМША
«Атамекен» ҰКП жобалық тобы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»
пәнінің жетекші мұғалімдеріне ақпараттық-әдіснамалық қолдау көрсетуде.
Оқытушыларды қолдау бойынша кері байланыс (жиі қойылатын сұрақтарға
жауаптар) орнату мақсатында өңірлік WhatsApp чаттары, телеграмм-чат және
телеграмм-арна құрылды. Табысты кәсіпкерлермен мұғалімдерге арналған
вебинарлар мен қонақтарға арналған дәрістер үнемі өткізіліп тұрады.
Болашақ кәсіпкерлерге тегін білім беру мақсатында Atameken Akademy
білім беру платформасы құрылды. «Atameken» онлайн платформасында
оқушылар мен мұғалімдер үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні
бойынша бейнесабақтар мен қосымша материалдар әзірленді, сондай-ақ
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша 10-сыныпқа және 11-
сыныпқа арналған қазақ және орыс тілдеріндегі барлық сабақтар бойынша
қысқа мерзімді жоспарлар әзірленіп,
atameken.co.
сайтына орналастырылды.
BilimLand білім беру платформасында 10-11 сыныптарға арналған
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша контент пен тапсырмалар
әзірленуде(onlinemektep.org).
2020 жылдың 15 наурызынан 30 сәуіріне дейін «Atameken Akademy»
білім беру платформасында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқитын
оқушылар
үшін
«Атамекен»
ҰКП
ұйымдастырған
«
atamekenstars»
республикалық стартаптар байқауы өткізілді. Қатысушылар оқушыларға
арналған кәсіпкерліктің негіздері бойынша интерактивті бейне-сабақтардың
онлайн-курстарынан өтіп, «
Atameken Academy»
қауымдастығына өздерінің
бизнес-идеяларын таныстырды. «
atameken.co»
сайтында конкурс нәтижелері
бойынша берілген 500 жобаның ішіндегі
ТОП-3
ең үздік жобаға ақшалай
сыйлықтары бар жүлделі орындар берілді:
Қарағанды облысы Теміртау қаласының №9 лицейінің оқушылары
Жунисова Айдана мен Айтбаева Роза «Мектеп ауласындағы жылыжай» топтық
жобасы 1 – орынды иеленіп, 150 000 теңге жүлде алды.
«RebellionStreetwear жастар киімінің бренді» топтық жобасымен №82
«Дарын» мамандандырылған лицейінің оқушысы Байшурин Нұрбахыт, №73
физика-техникалық лицейінің оқушысы Тлеутаев Бексұлтан және Нұр-сұлтан
қаласының №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Рамазан Рамазан»; 2-орын,
100 000 теңге жүлдеге ие болды.
Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы, Бөрлі ауданындағы №6 лицей
мектебінің оқушысы Балбердинов Азамат «Tiramisu еуропалық стильдегі үй
кондитерлік өнімдері» жобасымен 3 – орынмен марапатталып, 50 000 теңге
сыйақы алды.
Сондай-ақ, осындай заманауи жобаларға оқушыларды қатыстырып,
дайындағаны және бір мектептен бірнеше жобаларды ұсынғаны үшін ең
белсенді ТОП-3 мұғалімдер мақтау қағаздарымен және жүлделі сыйақы
ноутбуктермен, сондай-ақ бірқатар мектеп мұғалімдері конкурсқа белсенді
122
қатысқаны үшін грамоталармен, сертификаттармен марапатталды. Байқау
нәтижелерімен
atameken.co.
сайтынан танысуға болады.
2020 жылдың 1 қарашасынан бастап «Atameken Akademy» білім беру
платформасында «Ozgeris» бизнес инкубаторы іске қосылды. Бағдарламаның
мақсаты жастарды кәсіпкерлік қызметке тарту үшін ҚР аумағында онлайн
бизнес инкубатор ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлік саласындағы оқушылардың
белсенділігін ынталандыру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері:
-
мектеп оқушылары арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттау,
кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру;
-
мектеп оқушылары мен мұғалімдерін кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқуға
жаппай тарту;
-
перспективалы кәсіпкерлік идеяларды іріктеу;
-
бейіндік оқыту, оқушылардың бизнес жүргізу дағдыларын меңгеру;
-
нарыққа шығудың жоғары шығындарын еңсеруге мүмкіндік беретін
тетіктерді құру (Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-жобаларын жүзеге
асыруды ресурстық қамтамасыз ету);
-
ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерді қолдау.
«Ozgeris» онлайн бизнес инкубаторының қатысушылары келесі
мүмкіндіктерге ие болады:
-
жұмыс істеп жүрген және әлеуетті кәсіпкерлер үшін авторлық
білім беру курсы бойынша оқытудан өту,
-
«AtamekenAcademy»
қауымдастығына (менторларға және
кәсіпкерлерге) өз бизнес-идеяларыңыздың презентациясын көрсету),
-
онлайн мастер-кластар мен бизнес-ойындарға қатысу,
жобалардың идеядан бастап алғашқы сатылымға дейінгі инкубациясынан өту.
Бағдарламаға Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе
білім алатын жоғары сынып оқушылары немесе 15-20 жас аралығындағы жас
балалар қатыса алады.
«Ozgeris» онлайн бизнес инкубаторының қатысушыларына қойылатын
жалпы талаптар»:
-
жасы 15-тен 20 жастағы жастар мен жасөспірімдер;
-
бизнес-идеяның болуы;
-
ақпаратты беру құралдарының болуы (жеке электрондық пошта және
ұялы байланыс, Интернетке қол жеткізу, компьютерді пайдалануға қол
жеткізу);
-
онлайн бизнес инкубатордың барлық кезеңдерінен өтуге дайын болу және
ықылас;
-
дербес деректерді өңдеуге және сақтауға келісім.
Бағдарламаға қатысушылардың нысаналы топтары яғни мектеп
оқушылары мен колледж студенттеріне бизнес-жоспар жасау, қаржыландыру,
бизнесті тіркеу және ұйымдастыру бойынша кеңес беру болып табылады.
«Ozgeris» онлайн бизнес инкубаторына қатысу шарттары:
123
1. «
atameken.co»
сайтына «Бизнес идеяны қалай табуға және тексеруге
болады» курсына тіркеліп, курстан өту;
2.
https://atameken.co/ru/ozgeris
сайтына бизнес инкубаторға қатысуға
өтінім беру;
3. Үздік жобалар іріктеліп алынып, жабық бизнес-инкубатордың келесі
кезеңіне өтеді және қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады.
Кәсіпкерлік негіздерін оқуға деген қызығушылықты арттыру және
ынталандыру үшін 2021 жылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына
арналған стартап-жобалардың онлайн-конкурсын, республикалық пән
олимпиадасын және жазғы кәсіпкерлік лагерін өткізу жоспарлануда.
2020-2021 оқу жылында 3476 мектеп «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»
пәнін енгізіп, онда 10-11 сыныптың 127 672 оқушысы оқиды. Бұдан біз пәнді
оқуға деген қызығушылықтың жоғарылағанын байқауымызға болады.
124
Достарыңызбен бөлісу: |