Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет10/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
 
  Толықтылық 

 
оқулық 
толықтай 
стартап 
мәдениеті 
және 
менталдылығының жалпы концепциясы және философиясынан тұрады. 
 
  Ерекшелігі  –
  оқулық  барлық  процедуралар  мен  ережелер  Қазақстанда 
бұрын-соңды  болмаған  тәжірибе  негізінде,  краудсорсинг  принципі  бойынша 
құрылды.  Оқулықта  жаттықтырушы  құзыреттілігіндегі  арсеналдан  алынған 
ойын  технологиялары,  психология  мектептерінен  алынған–  коучингтен, 
шетелдердегі  жоғарғы  оқу  орындарындағы  және  т.б.  оқыту  әдістемесінен 
алынған кейс-стадилер қолданылған. 
Жобалар 
Жобалар  –  теория  және  тәжірибенің  бірлесуі  негізінде  орындалып, 
қорытындысында  қандай  да  бір  өнім  пайда  болатын  берілген  бағыты  бар 
зерттеулер. 
Кейстер 
Нақты  жағдаяттарды  зерттеу  (Casestudy,  шынайы  өмірдегі  («кейстер») 
қиындықтармен,  мәселелерді  жеңуге  үйретеді,  оларды  бақылау,  түсіну, 
интерпретациялау  немесе  тіпті  шешу  үшін  қызмет  етеді.  Әдетте  «Кейс» 
шынайы  өмірдегі  кәдімгі  жағдайды  көрсетеді.  Нақты  жағдайлар  әдісіне 
қойылатын  талаптар:  диагностика  немесе  шешуді  талап  ететін  мәселелі 
жағдайдың  болуы;  қойылған  мақсаттарға  сәйкес  келуі;  оқушыларды 
мотивациялау.  Кейстік  талқылаудың  мәні  шешімдердің  жоғары  нұсқалығы, 
мұнда бірде бір дұрыс шешімнің болмауы. 
Жаттығулар және міндеттер  
Жаттығулар – әрекеттердің саналы және жүйелі қайталануын, зияткерлік 
және  тәжірибелік  дағдыларды  құруға  арналған  операциялар  немесе 
процедураларды,  жетістіктерді  жақсартуды  болжайды.  Жаттығулар  әртүрлі 
типті  болады:  кіріспе,  ағымдағы,  бекітуші,  тексеруші,  жеке,  топтық, 
бағытталған/жартылай 
бағытталған/шығармашылық. 
Олар 
көбіне 
тәжірибеленетін  әдістерді  пайдалану  кезіндегі  процедуралар  ретінде 
қолданылуы мүмкін.   
Проблематизацилау (мәселелерді шешу әдісі) 
Бұл  шешуі  мүмкін  бірнеше  ұқсас  шешімдер  ұсынылатын  мәселелік  жағдай 
презентациясы.  Айқын  емес  және  күдік  немесе  сенімсіздік  туғызатын 
проблемалар, дұрыс шешім/шешімдер табуға деген әуестік және қызуғышылық 
тудыруы  керек.  Заманауи  дидактикалық  тәжірибедегі  проблематизациялау  ең 
құнды әдістердің бірі болып табылады, себебі ойлауға, мәселені дербес шешуге 
бағдарлайды.  Дискуссия  барысында  қолдану  арқылы  оқушыны  мәселені 
шешетін тиісті жауап іздеу қалпына  жетелеу. Қайшылықты, бір мәнді шешуге 
келмейтін қиын мәселені сипаттайтын мәселелік жағдайды құрудан басталады. 
қабылданған білім мен жаңа жағдаят арасында қайшылық тудыруы керек.  
Мәселелік жағдайды құру үшін келесідей сипаттармен жабдықтау керек:  
-
 
оқушы үшін когнитивтік қиындық көрсету, оны шешу шынайы ақыл-ой  
жігерін талап етеді.  
-
 
оқушыны әрекет етуге мәжбүрлейтіндей (іздеу, бөгеттерді жеңу, шығару,  


18 
 
өзі білетінмен және белгісіздіктің арасындағы байланысты орнаты, шешім табу, 
қабылдау) қызығушылығын тудыру, таңдандыру, шабыттандыру,  
-
 
қатысушының әрекетін шешім бағытына, шешу әдістерін табуға  
бағыттау.  Мәселелік  жағдайды  алдын  ала  алынған  білім  мен  тәжірибені 
жандандырмай шешу мүмкін емес.   
Мәселелерді  шешу  логикалық  ойлау,  индукция,  дедукция,  интуиция, 
аналогия әдістері, сондай-ық ерік және батылдық қасиеттерін іске қосады.  
Мәселелік жағдайды құру және шешімді іздеу үшін зерттеу белсенділігін   
құру үшін төрт фундаменталды кезеңді қарастыру қажет:   
1.  Мәселенің  қойылуы.
  Алдымен  мәселелік  жағдайды  құру,  фактілерді 
баяндау,  жалпы  алғандағы  байланыстың  себеп-салдарын  көрсету.  Бірінші 
сұрақтарды  алғаннан  кейін  нақтылаушы  ақпарат  ұсыну.  Нақты  айтқанда 
мәселенің  шешуін  жалпы  түрде  айту,  ал  оқушылар  оларды  өз  еріктерімен 
тереңіненмәнін аша түседі. 
2. 
Мәселе  туралы  ақпаратты  мұқият  зерттеу
  және  оны  қайта 
құрылымдау. Проблематизациялау бұл жерде фундаменталды зерттеуге жақын 
келеді.  Мұнда  тыңдаушылар  дербес  жұмыс  атқарады:  білімдерін  жаңартады, 
олар қажет және қолайлы деп таныған белгілі мәліметтерді салыстырады және 
орнықтырады, ақпарат көлемін шектейді.  
3. Мүмкін болатын шешімдерді іздеу.
 Оқушылар құрғақ күйдегі материал 
қалдықтарын  жинап  алады  және  базалық  сипаттарын  табады,  логикалық 
байланыстарын  құрады  (белгілі  процестің  немесе  құбылыстың  пайда  болу 
шарттарын  тексереді,  мәселені  шешу  бойынша  гипотезалар  жасайды, 
қолжетімді тәсілдермен тексереді).  
4.  Нәтижеге  ие  болу  және  бағалау.
  Әр  гипотезаны  талдау  кезінде 
нәтижелерді  салыстыру  керек.  Қорытындысында  оқулықта  ұсынылған 
идеялармен салыстырылатын неғұрлым қолайлы шешім таңдалады.  
Бұл әдіс оқушының белгілі ішкі позициясын құру кезінде өте пайдалы:  
a) оқушының барлық аспектілері пайдаланылады (ақыл, еріктік сапалары, 
эмоциялар), зейін және талпыныс іске қосылады.  
ә)  өзінің  жеке  көзқарасын  құру  кезінде  дербестік  және  батылдық 
насихатталады.  
б) қызметтің белсенді стилі рухында тәрбиеленеді.  
в)  танымдыққа  мотивациялайды  және  осы  процестің  тұрақтылығына 
ықпал етеді.  
Қызығушылық  –  күнделікті  өмірге  қатысты  мәселелер  немесе  сұрақтар 
оқушының  қызуғушылығын  тез  тудыратыны  тәжірибеден  көрініп  байқалды. 
Бірақ  проблематизациялау  стратегиясы  әмбебап  емес.  Проблематизациялау 
әдісін талқылау әдісімен, кейстерді талдау, мәтінді оқу және талдаудан өткізу, 
туындату арқылы оқыту және т.б әдістерімен қатар қолдануға болады.  
Бұл  оқулық  өзінің  табиғаты  бойынша  өзгеше  және  краудсорсирнгті 
пайдалану  арқылы  өңделу  форматынан  бастап  (қоғамның  әлеуеттігін 
пайдалану),  оқыту  мазмұнына  дейін  енген  және  оқулықтың  өзгешілігі  оның 
барлық түрінде сақталған.  


19 
 
Кәсіпкерлік  академиялық  тұрғыдан  емес,  әрекет  ету  арқылы  үйретуге 
бағытталған.  Сондықтан  оқулықтағы  теориялық  материалдың  үлесі  жалпы 
көлемнің  30%,  ал,  қалған  бөлігі  практикалық  тапсырмалар,  тақырыптық 
ойындар және т. б. құрайды 
Оқу  бағдарламасында  коучинг  әдісі  қолданылады,  ол  оқушыларға 
үлкендердің  кәсіпкерлік  пен  бизнестің  дұрыстығы  немесе  қателігі,  өзектілігі 
немесе немқұрайлылығы туралы субъективті, авторлық пікірін күштеп игеруді 
емес, керісінше оқушының пәннің мәнін түсінуін және оған жеке көзқарастың 
қалыптасуына байланысты өз таңдауы арқылы психологиялық жауапкершілікті 
қабылдауды қамтиды. 
Кәсіпкерлікті  экономикалық  құбылыс  ретінде  ғана  емес,  сонымен  қатар 
жеке  тұлғаның  құзыреттілігі  ретінде  қарастыратындықтан,  тренингтік  оқыту 
форматын  да  қолданылды.  Ол  дағдыларды  игерудің  жоғары  интерактивтілігін 
қамтамасыз  ету  мақсатында  біріктірілген,  бұл  пәннің  негізгі  мақсаттарымен 
қатар  мамандандырылған  білімді  қолдану  дағдыларын  (hardskills)  алуға, 
сонымен  қатар  оқушыларға  көрінбейтін,  тиімді  тұлғаның  әлеуметтік 
дағдыларын  (softskills)  қалыптастыруға  мүмкіндік береді. Бұл  жасөспірімдерді 
өмірге  дайындайды  және  қоғамда  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізуге 
жақындатады  (мақсатты  дұрыс  қою,  идеяларды  қалыптастыру,  идеяны 
тыңдаушыға  жеткізу,  тиімді  командалар  құру  және  т.б.).  Сонымен  қатар, 
мектеп  бітірген  кезде  жасөспірім  қалаған  қызмет  саласын  нақты  түсініп, 
мамандықты саналы түрде таңдайды деп болжам жасауға болады. 
 
Геймификация принципін (ойын техникасы) кеңінен қолдану материалды 
қабылдауды  жеңілдетуге  ғана  емес,  сонымен  қатар  кейінгі  өмірде  нақты 
жағдайларды масштабтауға болатын белгілі бір пайдалы бастапқы дағдыларды 
дамытуғабағытталған. 
Кейс  (жағдаяттық)  оқыту  әдісі  де  процеске  біріктірілген,  өйткені  ол 
плюрализмге (көптеген пікірлер), шығармашылықтың көрінісіне, сол жағдайға 
бейстандарттық көзқарастарға нақты мүмкіндік береді. 
Сонымен,  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  оқу  пәні  бағдарламасын 
оқытуда  жаңартылған  білім  берудің  заманауи  оқыту  әдістерін  кеңінен 
пайдаланған  жағдайда  ғана  жоғары  жетістікке  жетуге  болады.  Әдістемелік 
ұсынымдаманың екінші бөлімінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні 
бойынша оқытудың жаңартылған әдіс-тәсілдері мен формаларын қарастыратын 
боламыз. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет