Методические рекомендации «повышение эффективности деятельности общественных советов»


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ҚҰРУ ТӘРТІБІ



бет3/35
Дата06.02.2022
өлшемі92,99 Kb.
#54285
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ҚҰРУ ТӘРТІБІ


Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін министрліктер, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқару органы он күннің ішінде Жұмыс тобының құрамына енетін кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдайды, содан кейін екі аптаның ішінде Жұмыс тобы құрылады. Қорытындысын шығару үшін ҮЕҰөкілдері және азаматтармен отырыс өткізіледі, осы жерде ашық дауыс беру бойынша Жұмыс тобының мүшелері сайланады, сол мемлекеттік органның басшысының шешімімен басшысы тағайындалып, бекітіледі.


Әрі, құрылған Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес туралы ереже, керек- ті құжаттар және Қоғамдық кеңес құрамын ашық конкурс арқылы құра- ды, ол туралы БАҚ және тиісті ғаламтор кеңістігіне ақпарат беріледі.
Конкурс қорытындысы Жұмыс тобының отырысында хабарланады, өтетін орны, уақыты, күн тәртібі отырыс болардан бес күн бұрын БАҚ және тиісті ғаламтор кеңістігінде жарияланады. Отырысқа тізімдегі құрамның екіден үш, кем емес мүшелері қатысқанда заңды болып табылады. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады. Бірінші отырыс барысында ашық дауыспен Қоғамдық кеңес Президиумы құрылады. Мүшелерінің ішінен мемлекеттік қызметте жоқ, қоғам қайраткері, қоғамдық бастамада жұмыс істейтін төрағасы және хатшысы сайланады, содан кейін президиумның қалған құрамы мемлекеттік органдар басшылары, комиссия төрағалары, кейбір Қоғамдық кеңес мүшелерінен құралады.
Ашық дауыспен қабылданған шешім хаттамаға енгізіліп БАҚ және тиісті ғаламтор кеңістігінде жарияланады. Осымен Жұмыс тобының өкілеттігі тоқтатылады және Қоғамдық кеңес өз қызметіне кіріседі.
Қоғамдық кеңес Президиумы Қоғамдық кеңес жұмысына басшылық жасайды, Қоғамдық кеңестің комиссия жұмысын бақылайды. Хатшы Қоғамдық кеңестің іс-қағаздарын жүргізеді, Қоғамдық кеңес шешімдерінің уақытылы орындалысын қадағалайды, отырысқа дай- ындық ұйымдастырады, соның ішінде халыққа отырыстың өтетін уақыты мен орыны және күн тәртібімен БАҚ және/немесе тиісті ғаламтор кеңістіктерінде жариялауға береді, шығыс және кіріс корреспонденциясын жүргізеді.
Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдар өкілдері және конкурсқа түсу арқылы коммерциялық емес ұйымдары өкілдері және азаматтардан құрылады.
Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңес құруда бір кандидант тек бір қоғамдық кеңеске сайлана алады.
Қоғамдық кеңес мүшелері коммерциялық емес ұйымдардан ұсынылу мүмкін, бірақ бір коммерциялық емес ұйымнан, бір адамнан артық сайланбайды, азаматтардан, соның ішінде өз-өзін ұсынуда жолын таңдау бойынша.
Қоғамдық кеңестің мүшесі болып он сегіз жасқа толған, жергілікті құрылып жатқан Қоғамдық кеңестің әкімшілік- аймақтық жерінде тұратын ҚР азаматы бола алады.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылу керек:
1)Қоғамдық кеңес құрамына өзін ұсыну туралы азаматтардың өтініші не/немесе коммерциялық емес ұйымдардан жазбаша ұсыныс.
2)Кандидаттың өмірбаяны мен кәсіптік және/немесе қоғамдық қызметі жайлы.
Қоғамдық кеңестің мүшесіне кандидат бола алмайды: 1)сотталғандар; 2)жемқорлық қылмыс және /немесе жемқорлық құқық бұзушылық
бойынша заңмен бекітілген тәртіп бойынша сот шешімімен кінәлі болу; 3)психологиялық ауруларға байланысты, алкоголизм, нашақорлық немесе таксикоманияға байланысты денсаулық сақтау мекемелерінің
есебінде тұруы;
Қоғамдық кеңеске сайлану талабына сай келмейтін кандидат конкурсқа жіберілмейді.
Осы жерде атап өту керек, Қоғамдық кеңес мүшелерін арасында ауыстырып отыру-ротация заңда қарастырылған.Қоғамдық кеңестің өкілдігі әрбір үш жылда бір жаңадан қалыптасып отыру керек, сонымен бірге заңда жазылған, обьективті себептерге байланысты, Қоғамдық кеңес құрамынан шығып кеткендер орнына жаңа мүшелерді сайлай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет