Ойлау
«Төртіншісі артық» әдістемесі
Күні:______________
Тобы___________________
Мақсаты: белгілі бір топқа жататын нысандарды жіктеу, оған сәйкес келмейтін «артық» нысанды шығарып тастау.
Тапсырманың барысы: Балаларға бір топқа жататын заттар және осы заттардың тобына жатпайтын бір зат бейнеленген карточкалар ұысынылады. Олар қарап көрген бала бір «артық» суретті алып тастауы тиіс.
Жады
«Суреттерді есте сақта» әдістемесі
Мақсаты: Жад (есте сақтау) көлемінің, ақпараттарда сақтау және жаңғырту диагностикасы.
Тапсырманың барысы: балаға есіінде сақтауға тиіс 3 заттыың суреті көрсетіледі, одан соң суреттерді алып қояды, енді бала оларды атауы тиіс.
Зейін
«Айырмашылығын тап» әдістемесі
Мақсаты: заттардың айырмашылықтарын табу қабілеттерін анықтау.
Тапсырманың барысы: бала екі суретке зейі сала қарап, оларыдң айырмашылықтарын табуы тиіс.
Қабылдау (ұғыну)
«Не жоғалды?» әдістемесі
Мақсаты: заттарды тұтас ұғыну (қабылдау) деңгейін анықтау.
Тапсырманың барысы: балаға олардың кейбір бөлшектері жетпіспейтін ойыншықтар бейнеленген суреттерді қарап көріп, бұл ойыншықтардың қандай бөліктері жоғалғанын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |