7 тақырып. Тұлға жеке даралық ретінде
Жеке даралық – адам қасиеттерінің жабық жүйесі, оның барлық қасиеттерінің интеграциясының жоғары деңгейі, саналы өзіндік реттелудің жоғары деңгейі (Б.Г.Ананьев). Тұлғаның ішкі дүниесі, жеке даралық туралы түсінік. В.С. Мерлин интегралды жеке даралық туралы. Табиғи индивид пен тұлғаның интеграциясы.
8 тақырып. Мінез тұлға құрылымында
Мінез – тұлғадағы әлеуметтік-типтік және жеке даралық-өзгешеліктің бірлігі. Мінездің құрылымы: мінездің коммуникативтік, рефлексивтік, эмоционалдық, еріктік, интеллектуалдық қасиеттері. Психикалық процестер мен күйлердің жеке даралық ерекшеліктерінің мінез қасиеттеріне ауысуы.
9 тақырып. Тұлғаның қабілеттері мен нышандары
Қабілеттер мен нышандар жайлы түсінік. Іс-әрекет субъектісінің потенциалдар құрылымы: дарындылық, жалпы, арнайы қабілеттер, интеллект, еңбекке қабілеттілік.
Талант – тұлғаның бағыттылығымен интеграцияланған қабілеттер ансамблі. Данышпандық феномені.
10 тақырып. Әлеуметтік жүріс-тұрыс тұлғаның белсенділігінің түрі ретінде
Тұлғаның адамдарға, еңбекке, қоғамға, әлемге деген қатынастарын көрсететін белсенділік түрі ретіндегі әлеуметтік жүріс-тұрыс туралы түсінік. Қылық- тұлғаның әлеуметтік жүріс-тұрысының бірлігі.
Әлеуметтік жүріс-тұрыстың сыртқы ( жағдаяттық және орталық) және ішкі
(өзіндік тұлғалық) детерминациясы. К.Левин бойынша жүріс-тұрыс психологиялық өрістегі тең әсерлі күш ретінде.
11 Тұлғаның жүріс-тұрысы, әлеуметтік іс-әрекеті. Тұлғаның психологиялық қорғанысы. Тұлға дамуының қозғаушы күштері мен қайнар көздері
Тұлғаның жүріс-тұрысын реттеудегі әлеуметтік нормалар, әлеуметтік бағдарлар, саналы қатынастар. Тұлғаның өмірлік мақсаттары, жоспарлары, бағдарламалары мен стратегиялары. Тұлға балсенділігінің психологиясы. Тұлғаның жауапкершілігі мен инициативасы (К.А. Абульханова, А.В. Брушлинский, С.Л, Рубинштейн)
Достарыңызбен бөлісу: |