Методическое письмо ǀ 2017-2018 учебный год



бет68/213
Дата06.02.2022
өлшемі7,84 Mb.
#34465
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   213
Тілдесім – сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.
Тілдесім (общение) – айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат (информация) негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Бұл қарым-қатынаста оқылым мен тыңдалымның да тыс қалмайтындығы өзінен-өзі белгілі.
Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады. Осы тұрғыдан келгенде, оларды келесідегідей жіктеуге болады: ресми тілдесім; бейресми тілдесім; қалыптасқан тілдесім; кәсіби /мамандыққа қарай/ тілдесім; әлеуметтік тілдесім; дербестік тілдесім.
Оқыту, үйретуге қатысты тілдесім екі түрлі болады:
І. Тікелей тілдесім.
ІІ. Жанама тілдесім.
«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сай мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары жіктелді
(25-кесте).

25-кесте – ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары





Үздіксіз білім берудің сатысы

Сыныбы

Деңгейлер

Игерім атаулары

Негізгі мектеп

6

А2
негізгі деңгей

А2. 2 Қалыптасу қарсаңындағы толық игерім

8

В1
Орта деңгей

В1Қалыптасқан толық игерім

9

В1.1 Қалыптасқан жетік игерім

Стандартта Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес қазақстандық әдістемеші-ғалымдар қазақ тілін үйрету үшін алты деңгейді ұстанады. Ол деңгейлер жүйесі А1, А2, В1, В2, С1, С2 деп аталатын үш ірі деңгейден тұрады .






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет