Методическое письмо ǀ 2017-2018 учебный год


ОСОБЕННОСТИ ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ПРОЦЕССА ПО ОБНОВЛЕННОМУ СОДЕРЖАНИЮ ОБРАЗОВАНИЯ В 5, 7 КЛАССАХ



бет157/213
Дата06.02.2022
өлшемі7,84 Mb.
#34465
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   213
4.2 ОСОБЕННОСТИ ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ПРОЦЕССА ПО ОБНОВЛЕННОМУ СОДЕРЖАНИЮ ОБРАЗОВАНИЯ В 5, 7 КЛАССАХ

ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ОБЛАСТЬ «ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»


«Қазақ тілі мен әдебиеті»
Оқыту орыс тіліндегі мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылады.Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 5,7-сыныптарда оқу процесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,7 сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту орыс тілінде) жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілген.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
2) 7-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді жәнеолардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған.
Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды:
1) тыңдалым;
2) айтылым;
3) оқылым;
4) жазылым.
5) сөйлеу нормасын сақтау.
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің 5-сыныптағы білім мазмұны бойынша білім алушылар:
1) тыңдалым дағдысы бойынша тірек сөздер арқылы болжайды, негізгі мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды, күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты сөздердің мағынасын түсінуді, көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсінуді, негізгі тақырыпты анықтауды, сұрақтарға жауап беруді үйренеді.
2) айтылым дағдысы бойынша жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдануды, ойын жеткізе білуді, амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын, қазақ тіліндегі төл дыбыстар мен үндестік заңын, мәтіндердің мазмұнына жоспар құруды, берілген сұраққа лайықты жауап беруді, шағын диалогке қатысуды, иллюстрацияларды сипаттауды үйренеді.
3) оқылым дағдысы бойынша негізгі ақпаратты анықтайды, хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсінеді және стильдік ерекшелігін анықтауды, көркем әдеби шығармаларды түсінуді, тақырыбын анықтауды, мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыруды, қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білуді, тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіруге дағдыланады.
4) жазылым дағдысы бойынша ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарына сай хабарлама, хабарландыру, хат жазу, эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу, жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдануға дағдыланады.
5) тілдік бағдар дағдысы бойынша сөз таптары: жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау, заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін орынды қолдану, болымды және болымсыз етістіктер, мекен және мезгіл үстеулер, ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, сөйлем: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру туралы білімдерін кеңейтеді.
2. «Қазақ тілі» пәнінің 7-сыныптағы білім мазмұны бойынша білім алушылар
1) тыңдалым: мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау, әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну, повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардың тақырыбы мен идеясын талдау,сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау, өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру.
2) айтылым: мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдану, мәтін мазмұнын дамыту, кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу, екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту, шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау, коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру, кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау.
3) оқылым:кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, ресми -іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін талдау, прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау, мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып талдау, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.
4) жазылым:мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу, жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу, тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну, тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

  1. Тілдік бағдар:

1) сөз таптары: мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, топтау сан есімдерін, одағай түрлерін орынды қолдану, етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, мақсат және себеп-салдар үстеулерді орынды қолдану, септеулік шылаулардың қызметін білу.
2) сөйлем: жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мазмұны көп тілді, көп мәдени тұлғаны қалыптастыруға; мәтіндік материал негізінде, соның ішінде әртүрлі стильдердегі аутентті мәтіндердің мазмұны арқылы сөздік қорды кеңейту арқылы коммуникативтік құзіреттілікті жетілдіруге бағытталған, бұл оқушылардың әлемді қабылдауының және дүниетанымының әлеуметтік-мәдени байытылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқу рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, өз Отанына, өз халқына патриоттық қарым-қатынасты және басқа мәдениет өкілдеріне төзімді қарым-қатынасты тәрбиелеуге, сондай-ақ құрдастарымен, мұғаліммен, сол тілді тасымалдаушымен қарым-қатынас кезінде әлеуметтік-мәдени материалды пайдалана білуін дамыту арқылы отбасында, мектепте тұлғаралық қарым-қатынас әдебін тәрбиелеуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет