Методическое письмо ǀ 2017-2018 учебный год



бет142/206
Дата04.10.2020
өлшемі3,23 Mb.
#63950
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   206
Предмет/

Класс

Процедуры суммативного оценивания

Кол-во СО в 1-й четверти

Кол-во СО во 2-й четверти

Кол-во СО в 3-й четверти

Кол-во СО в 4-й четверти

Литературное чтение/ 2 класс

2*

2*

2*

2*

* – Выставление баллов за каждый вид проверяемой речевой деятельности
Объем учебной нагрузки по предмету составляет во 2 классе 3 часа в неделю, 102 часа в учебном году.

Казахский язык (Т2) (для школ с неказахским языком обучения)

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету.

Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттердің шешілуі көзделеді:

- тілдік дағдыларды (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту;

- қазақ тіліндегі сөздік қорды үздіксіз дамыту әдістерін меңгерту;

- тұрмыста, қоғамдық орындарда, мәдени орталарда қазақ тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

- қазақ тілінде меңгерген білім, білік, дағдыларын күнделікті өмірде өз бетінше қолдануға дағдыландыру;

- шығармашылықпен жұмыс істеуді, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Қазақ тілі пәнін оқыту процесі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы ұйымдастырылады. Оқу процесінде жүйелі түрде жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме тыңдау, оқу, мәтінмен жұмыс жасау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау оқушылардың сөздік қорын жетілдіреді.

Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен қоршаған ортаны қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйі ескеріледі.

Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2) негізге алып айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген.

Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен және ойды түсінікті жеткізуді мақсат тұтатын коммуникативтік бағытымен дәйектеледі. Өзге тілде білім алатын бастауыш сынып оқушысын қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді. Қазақ тілін оқыту Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік, ұлттық, т.б. ерекшеліктерін ескере келе, тілді үйретудің тиімді әдіснамасын жетілдірудің жолын айқындайды. Тілді меңгертудің өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріліп, тілдерді оқытудың жаңа бағыттары белгіленді:



  1. Білім беру үдерісінде оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.

  2. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдемелері оқытуды қарым-қатынас моделіне айналдырады.

Оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда оқытылатын «Қазақ тілі» пәннің оқу үдерісін ұйымдастыруда мыналарды ескеру қажет:

1) тілді оқушылардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сәйкес оқыту;

2) кіріктірілген білім беру – ортақ тақырыптарға қатысты ұғымдарды барлық пәндерде және оларға қатысты лексикаларды тілдік пәндерде қатар меңгерту;

3) қарапайымнан күрделіге ұстанымы басшылыққа алынады және сөздерді, сөйлемдерді қайталату арқылы білім алушылардың қазақ тілінде сөйлеп, есту, дыбыстау аппараттарын және сөзді дұрыс айту қабілеттерін арттыру;

5) оқушының психологиялық қауіпсіздігі. Мұғалім білім алушылардың ауызекі сөйлеуде жіберген кемшіліктерді қате деп қабылдамайды. Педагог сөйлемді басқаша айтып, дұрыс үлгіні көрсетеді. Сонымен қатар, мұғалім оқушыларға үнемі қолдау көрсетіп, мадақтау тәсілдерін қолданады;

6) сөйлеу формасы мен мазмұнының маңызы. Педагог оқу үдерісінде қимыл-қозғалысты, ым-ишараны, көрнекі құралдарды кеңінен пайдаланады.

Қазақ тілінде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінен оқу жүктемесінің бөлінуі:

1-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 66 сағат;

2-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   206




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет