Методическое пособие Атырау 2019 Әож 373 кбж 74. 26 I-30 Пікір жазғандар: Г. К. Кайыргалиева



Pdf көрінісі
бет61/83
Дата14.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#100702
түріМетодическое пособие
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83
Байланысты:
Ж.Ізғали(1)

Джигсо  (мозаика)

  –  Эллиот  Аронсон  ұсынған,  оқушылардың    білімдік  

міндеттерді  шешу  мақсатында  ынтымақтасып  жұмыс істеуін кӛздейтін оқыту 

мен оқу әдісі [26, 13б.].  

Оқушылар  белгілі  бір  тақырыптың(оқу  материалының  бір  бӛлігінің) 

маманы ретінде сарапшылар тобында әбден зерделеп, талдап, бастапқы тобына 

қайтып,  білгендерін  ӛз  тобының  мүшелеріне  үйретеді.  Мұнда  тапсырманы 

алдымен  жеке,  сосын    жұппен,    кейін    шағын    топта    (сарапшылар    тобында) 

талқылау    маңызды.  Неліктен    жеке?  Себебі    тапсырманы    алған    соң    әрбір  

оқушы  жеке,  ӛз  бетінше ойланып,  ой  қорытуына  мүмкіндік  болу  керек.  

Неліктен  жұппен? Бастапқыды мәселені екеуара жұппен талқылау кӛп нәсенің 

басын  ашуға  мүмкіндік  береді,  содан  соң  4-5  адамнан  тұратын  шағын  топта 

барлығы  бірігіп  талқылайды,  ортақ  қорытындылар    жасайды.    Негізінде, 

осындай  үдеріс  қар  үйіндісі  тәсілі  болып табылады.  

Бұл  тәсілдің  басымдықтарының  тағы  да  бірі–  оқушылардың  топтық 

талқылауға қатысып, сыныптастарының пікірін тыңдай білуге және ӛзінің ойын 

жеткізіп, сӛйлеуіне мүмкіндік береді.  

Джигсо тәсілінің орындалу тәртібі: 

-  Мұғалім    сыныпты    шағын    топтарға    бӛліп,    оқушылардың    бастапқы 

топтарын    анықтайды.    Топтың    құрамын    анықтағанда    мұғалім    арнайы 

ептілікпен  қыздар  мен  ер  балалардың  санын,  оқушылардың  оқу  үлгерімдерін 

есепке    алуына    болады.    Қанша    топ    болуы    мүмкін?    Ол    сыныптағы 

оқушылардың  санына  байланысты,  мысалы,  оқушылар  саны  16  болса  –  4 

адамнан 4 топ,  егер 25 болса - 5 адамнан 5 топ,  ал 30 болса,  онда 6  оқушыдан  

5 топ немесе5 оқушыдан 6 топ құруға болады. Бұл талданатын тапсырмалардың 

санына да байланысты болады. Егер талданатын материал үлкен  мәтін  түрінде  

болса  (әдебиет,    тарих,    география,    т.с.с.    пәндерден)  оларды    бӛліктерге  

жіктегенде    ӛте    ұқыпты    болу    керек,    себебі    логикалық  біртұтас    мәтінді  

бӛліктерге    жіктеп,    бӛлек    талдауға    болмайды:    оқиғаның  басын    білмесе, 

ортасын  немесе  соңын  талқылау  мүмкін  емес.  Ал  егер математика,  физика,  

химия    пәндерінен    есептер    болса,    олар    жеке    есептер  болғаны  дұрыс. 

Топтарға  атау  берген  дұрыс;  мысалы,  5  топ  болса–  А,  В,  С,  D,  E  түрінде  

топтарының    аттары    жазылған    қағазбен    жұмыс    орындарына  кӛрсетіп  қою 

керек.  Әдетте  мұғалімдер  оқушылардың  қатысуымен  топтарға  сабақ  

тақырыбына  байланысты  мазмұнды  атаулар  береді;  



Дарындылар, Болашақ, 

т.б.

  

- Бастапқы топтағы оқушылар1-ден бастап нӛмірленеді. 25 оқушы болған 



жағдайды қарастырайық, әр топта 5 оқушыдан: А тобында А-1, А-2, А-3, А-4, 

А-5; В тобында В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, .., Е тобында Е-1, Е-2, Е-3, Е-4, Е-5.  

-    Барлық  бастапқы  топтарға  мұғалім  алдын  ала  дайындаған 

тапсырмаларын таратады. Тапсырмалардың саны қанша болуы мүмкін?  Қазіргі 

жағдайда  әрбір    топта    теңдей  5  оқушыдан    бар,    демек  5  түрлі    тапсырма  

таратылуы  керек.  Сол  үшін  де  сыныптағы  25  оқушы  әрқайсысында  5  оқушы 

болатындай 5 топқа бӛлінген болар. Егер сыныптағы оқушылардың саны 25-тен 

артық,  мысалы,  27  болса,  онда  оқу  үлгерімдерін  немесе  басқа  да  бір 

42



ерекшеліктерді  ескеріп,  кейбір  топтағы  екі  оқушыға  бір  нӛмірді  үлестіруге 

болады Мысалы, А тобында1-ші нӛмір, яғни А-1 екі оқушыға үлестірілсе, басқа 

бір  топта  1-ші  емес,  ӛзге  нӛмір,  мысалы  В-3  екі  оқушыға  берілген  дұрыс. 

Осылайша оқушылар  ойыншы  ретінде  омырауына  А-1,  В-5,  т.с.с.  нӛмірі  

жазылған  белгіні  ілгені  жақсы.  Егер  осы  5  топтың  әрқайсысында  теңдей        

5 оқушыдан емес,  мысалы  біреуінде 4 адам  болып  қалса (демек  сыныпта 24 

оқушы  болғаны)  топтарға  5  тапсырма  үлестіруге  болмайды(себебін  келесі 

қадамнан  білеміз,  мозаика  құралмай  қалады),  сыныпты  топқа  басқаша  бӛлу 

керек: 5 топқа емес 4 топқа бӛлуге болады.  

-  Әрбір  топқа 1-ден 5-ке  дейін  нӛмірленген  тапсырмалар  таратылады.  

Әр топтағы  оқушылар  ӛздерінің  нӛміріне  байланысты  тапсырманы  таңдап 

алады.    Егер    оқушылар    алдын    ала    нӛмірленбеген    болса,    таратылған 

тапсырмаларды  ӛзара  келісіммен  бӛлісіп,  сол  тапсырманың  нӛміріне  сәйкес 

нӛмірленсе  де  болады.  Айырмашылығы,  алдыңғы  жағдайда  мұғалім  ӛзінің 

мақсаттары    бойынша    оқушылардың    нақты    тапсырмаға    жауапты    болуын 

басқара алады.  

-    Ортақ  мәселемен  жұмыс  істеу  үшін,  барлық  оқушылар  ӛз 

тапсырмаларына  сәйкес  сарапшы  топ  болып,  қайта  топталады.  Мұғалім  бұл 

жағдайда  жұмыс  орындарындағы    бастапқы    топтардың    атауы    жазылған  

белгіні    осында  жиналатын  ойыншылардың  нӛмірлеріне  ауыстырады:  1,  2, 

т.с.с..  Осылайша  әртүрлі  5  топтағы  5  оқушыдан  жаңа  топ–  сарапшылар  тобы 

анықталады, мозаика құралады:  

   1-тапсырма бойынша сарапшылар: А-1, В-1, С-1, D-1, E-1 

   2-тапсырма бойынша сарапшылар: А-2, В-2, С-2, D-2, E-2 

   3-тапсырма бойынша сарапшылар: А-3, В-3, С-3, D-3, E-3 

   4-тапсырма бойынша сарапшылар: А-4, В-4, С-4, D-4, E-4 

   5-тапсырма бойынша сарапшылар: А-5, В-5, С-5, D-5, E-5 

Сарапшылар    ӛздерінің    тапсырмаларын    жан-жақты    талдап,  

талқылағанда,  білгендерін    ӛзгелерге    қалай    үйретуге    болатынын    да  

ойластырады:    сызба,  карта,    кластер,   т.б.    жасайды.    Талқылау    соңында    әр  

оқушы    ӛз    сұрағы  (тапсырмасы)  бойынша  сарапшыға  айналады.  Мұғалім 

талдауға  жеткілікті  уақыт    бӛліп,    топтардың    талқылауларын    қадағалайды, 

дұрыс  шешім қабылдануын басқарады.  

-  Сарапшылар ӛз топтарына қайтады, бастапқы топ қайта құрылады. Әрбір 

сарапшы-ойыншы    сәйкес    нӛмірі    бойынша    кезекпен    ӛзінің    білгенін 

құрдастарына    үйретеді.    Осылайша    оқушылар    мұғалімнің    рӛлінде    болып, 

бірін-бірі үйретеді, топтағы әрбір оқушы 5 тапсырманы да игеріп шығады. 

43





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет