Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет13/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
14
3) Оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл 
оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді. Компьютерге деген қарым-
қатынас өзгереді. 
Activstudio-
да қалам, өшіргіш, түс, себет деген нәрселерді игеру, сонымен 
қатар, кітапхананың ішінде не бар, оны пайдалана білу керек. Ал флипчарт 
мәліметті сақтайды, анықтайды, жабады.
Сонымен, сабақ процесінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін 
қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, 
білім сапасын арттыруға болатыны анық. Сабақта интерактивті тақтаның 
элементтерін пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы тапсырмаларды 
тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге дағдыландырады. 
Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр 
тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін 
қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік 
береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай 
алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта 
бағалауға болады. Ал жауап нәтижелерін бақылап, оқушылардың материалды 
түсіну деңгейін анықтауға болады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі 
үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау 
оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия 
түрде бере алады. Жаңа ақпараттық технологияларда электрондық тесттерді 
қолдану оқудың тиімділігін көтереді, сонымен қатар оқушының бірден-бір 
өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады. Тестік формадағы тапсырмалар 
қысқа сұрақтардан тұруы тиіс. Техникалық құралдар арқылы тестті тез әрі 
нақты және үнемді орындауға болады. Электрондық тесттерді оқу процесінің 
кез келген кезеңінде қолдануға болады. Электрондық тесттерді «Aktivstudio 
Professional Edition V3“ бағдарламасындағы «Оценка тест» бағдарламасымен 
құрастыруға болады. Мұғалім алдын ала дайындалған тест арқылы кез келген 
уақытта сабақта өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексере алады 
және оқушы электрондық тесттер арқылы өзін-өзі тексере алады. Мысалы, 
сабақта оқушыларға тесттік тапсырмалар беруге болады. 
Интерактивті тақтада слайд арқылы мұғалімнің дайын ақпаратты мәтін, 
фото, видеоны компьютерлік презентациямен пайдаланады. Оқушылар алдына 
қойылған мәселе тақтада қайталанып еске түсіріп отыруға өте жақсы жағдай 
туғызады. Осылайша оқушыларменқазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында СТО 
технологиясы бойынша берілген әдістер бойынша тапсырмалар берілгенде 
оқушылар шешуге өз әдістерін ұсынады.
Көмекке берілген ережелер, т.б құралдар экранда флипчарт арқылы 
жабылып тұруы мүмкін. Оқушылар талдау барысында жауаптары тақтада 
жазылады, ашылады, қателер түзетіліп, дәлелденеді. 
Айнымалыларды құрастыруға тапсырма беруге болады, оны орындау 
барысында оқушының заттардың химиялық қасиеттерін біледі, өзінің іс-
әрекетін анықтайды, сыныптастарының жауаптарын талдауға үйренеді. 
Интерактивті тақтада сәйкестендіру есептерді тиімді талдауға өте ұтымды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет