Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет2/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

 
 


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 

Кіріспе
Білім – елдің зияткерлік капиталын қалыптастырушы стратегиялық ресурс. 
Осыған байланысты білім Қазақстанның барлық даму стратегияларында аса 
маңызды басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. Елбасы Н.Ә. 
Назарбаев2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы: бір мақсат, бір мүдде, 
бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлемдегі ең дамыған 30 
елдің қатарына кіруде білім беру маңызды рөл атқаратынын айта келіп, басым 
бағыттарын белгілеп берді [1].
Осы бағытта білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі 
артады. Сапалы білім беру педагогтердің шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. 
Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны 
қолданудың маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы – оқытудың тиімді 
әдіс-тәсілдерін қолдануды, оқытудың әртүрлі әдістері мен формаларын 
біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен 
біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады. Оқытудың жаңа педагогикалық 
технологиясы – оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін
заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға 
қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен 
бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға 
мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін 
дамытады.
2015-2016 
оқу жылынан бастап, республикамыздың 30 пилоттық 
мектебіндеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 
6 қарашадағы №455 бұйрығына сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарты бойынша білім мазмұнын жаңарту жұмысы 
басталды.Жаңартылған білім мазмұны «мектепте не үшін оқу керек?» деген 
сұрақ аясында болып, білім мазмұны күтілетін нәтижеге және баланың 
бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. 
Осыған орай, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында сынақтан 
өткізілген жаңартылған білім мазмұнының кіріктірілген оқу бағдарламалары 
болашақта жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесіне жаппай 
енгізу жоспарланып отыр.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің 
оқытылу да өзгеше. Бағдарлама оқушының білім, білік және төрт тілдік 
дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. 
Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және 
бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып 
отырады және сынып өскен сайын тілдік оқу мақсат та күрделене түседі. 
Жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналған 
кіріктірілген «Көркем еңбек» пәні оқушыларды ұрпақтардың рухани тәжірибесі 
ретінде өнерге тартуға, көркем өнер әрекеттерінің тәсілдерін меңгеруге, 
баланың шығармашылық, дарындылық, тұлғалық қабілеттерін дамытуға 
бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет