Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы «10» мамырдағы
№ 199 бұйрығына 8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 182-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған
«Дүниетану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы
№ 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 17669 тіркелген).
2. «Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты: ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:
1) білім алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
2) білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;
3) білім алушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
4) білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;
5) білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;
6) білім алушылардың өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастарын қалыптастыру.
4. «Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
5. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарын білім алушыларға дарытудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болады.
2-тарау. «Дүниетану» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
6. «Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
3) 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
4) 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
7. «Дүниетану» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) «Мен және қоғам» бөлімі: отбасы; отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау; «шежіре» ұғымы; отбасындағы қамқорлық; тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлері; тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымы; мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептің адам өміріндегі маңызы; мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жері; күн тәртібі; тәулік уақыты мен апта күндерінің атаулары; өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау; менің атамекенім; мекенжай атауы және елді мекенінің географиялық орналасқан жері; өзі тұратын елді мекеннің басты көшесі, ғимараттары және көрнекі жерлері; денсаулық пен қауіпсіздік; жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы; тамақтану режимі; үйдегі қауіпсіздік ережелері; жолда жүру тәртібі; жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәні; мерекелер; отбасылық мерекелер;
2) «Еліміздің табиғаты» бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау; табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері; климат және ауа райы; ауа райының адам өміріне және оның іс-әрекетіне әсері; табиғи жағдайлар және олардың адам өмірі мен қызметіне әсері; жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктері; туризм; туризмнің мәні; туристердің негізгі мақсаттары;
3) «Тарих беттерінен» бөлімі: ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер: ежелгі адамдар, сақтар, Томирис патшайымы, ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері және жәдігерлері туралы алғашқы мәліметтер; Қазақстан аумағындағы көне жазулар туралы түсінік; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздермен танысу, оларды сипаттау; Қазақстан елордасы – Астана қаласы.
8. «Дүниетану» оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) «Мен және қоғам» бөлімі: отбасы; отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау; отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру; отбасы қажеттіліктерінің құрылымы; мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлері; мектеп қауымдастығының құрылымы; ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормалары; сынып ұжымын сипаттау; менің атамекенім; көрікті жерлерін сипаттау; Қазақстан картасындағы ірі өзен-көлдер, қалалар, жолдар, өз облысы; денсаулық пен қауіпсіздік; пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтары; күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда) қауіпсіздік ережелері; көлік түрлері, олардың қажеттілігі; қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелері; құқық және міндет; құқық, міндет және жауапкершілік; қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңызы; Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері;
2) «Елімнің табиғаты» бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; тұсбағдардың көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау; ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсері; ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызы; өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері тұстары; табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын жіктеу; туризм; туризмнің негізгі түрлері; туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандар; туристік нысандардың ерекшеліктері;
3) «Тарих беттерінен» бөлімі: «мал шаруашылығы» және «егін шаруашылығы» туралы алғашқы түсінік алу; көне қалалар мен ескерткіштер; ғұндардың өмір салты туралы алғашқы түсінік; Ботай мәдениетінің ерекшеліктері; қазақ халқының жылқыны қолға үйретуі; көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері; Әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәні; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау; Қазақстан халықтары достығының маңыздылығы.
9. «Дүниетану» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) «Мен және қоғам» бөлімі: отбасы; отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастар; әулет шежіресін құрастыру; өз әулетінің құндылықтарын анықтау; өз шығындарын жоспарлау; өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну; мектеп және мектеп қауымдастығы; сыныптың өзін-өзі басқару ережелері; түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдары; қоғамда өзін өзі ұстау әдеп нормалары; адамдар арасындағы достықтың маңыздылығы; менің атамекенім; елді мекендердің түрлі белгілері; қала мен ауылдың байланысы; денсаулық пен қауіпсіздік; тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелері; спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау; табиғи ортадағы қауіп-қатерлер; өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау; құқық және міндет; Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы; мерекелер; Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерінің маңызы;
2) «Елімнің табиғаты» бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; астрономиялық белгілер бойынша көкжиек бағыттарын анықтау; масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің жоспарын құру; климат және ауа райы; жер климатының негізгі түрлері; ауа райы мен климаттың қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелері; табиғи жағдайлардың адам өміріне және оның іс-әрекетіне әсері; адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары); геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелері; туризм; Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингісі;
3) «Тарих беттерінен» бөлімі: көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері; тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру; Қазақстанның тарихи тамыры; Түркілердің өмір салтымен танысу; Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар; Қазақ хандығының құрылу себептері; көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері; хандар, батырлар мен билердің рөлі; Абылай хан; Керей хан; Жәнібек хан; Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм; Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәнін түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік Ел» қақпасы); тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлі.
10. «Дүниетану» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) «Мен және қоғам» бөлімі: отбасы; отбасының қоғам өміріндегі маңызы; отбасы мүшелерінің функционалдық рөлі; отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстары; отбасы бюджетін оңтайландыру жолдары; мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдары; көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттер; менің атамекенім; түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (аймақ, аудан, облыс); өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілері; денсаулық пен қауіпсіздік; спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептері; спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қауіптері; жасанды ортадағы қауіп-қатерлер; жасанды ортадағы өз қауіпсіздігін жоспарлау; құқық және міндет; Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы; демократиялық құқықтар мен бостандықтар, міндеттер; мерекелер. кәсіби мерекелердің тарихы;
2) «Елімнің табиғаты» бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; нысанның басқа нысандарға қатысты орны; глобус пен карталардың қолданылуы; параллельдер, меридиандар, экватор; климат және ауа райы; адамзат дамуына климаттың әсері; табиғи жағдайлардың адам өміріне және оның іс-әрекетіне әсері; өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекеттері; өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдылығы; туризм. Қазақстан мен Астана бойынша туристік маршрут құру;
3) «Тарих беттерінен» бөлімі: «технологиялық прогресс» ұғымы анықтамасымен танысу; тарихи мұражайлардың қызметі; мұражайдың өзіндік жобасы; қазақ халқының шығу тарихы; сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты графикалық түрде бейнелеу; Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар; Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерінен мысалдар; шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің өмірбаяны; Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм; «Қазақстан» атауымен байланысты ұлттық бренд; Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлі.
3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі
11. Бағдарламада оқу мақсаттары кодтық белгімен белгіленген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім және бөлімшенің ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: «1» – сынып,«2.1» – бөлім мен бөлімше, «1» – оқу мақсатының реттік нөмірі.
12. Оқу мақсаттарының жүйесі:
Бөлімше
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
1) «Мен және қоғам»
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттеу негізінде Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру;
1.1.1.2 отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау;
1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру;
1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру;
1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
|
2.1.1.1 отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау;
2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру;
2.1.1.3 түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау;
2.1.1.4 бақылау мен сауалнама негізінде тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың түсу көзін анықтау
|
3.1.1.1 отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру;
3.1.1.2 әулет шежіресін құрастыру;
3.1.1.3 өз әулетінің құндылықтарын анықтау;
3.1.1.4 өз шығындарын жоспарлау және негіздеу;
3.1.1.5 өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну
|
4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу;
4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау;
4.1.1.3 отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдау;
4.1.1.4 отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну
|
1.2 Мектеп және мектеп қауымдасты ғы
|
1.1.2.1 мектептің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
1.1.2.2 мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау;
1.1.2.3 мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру;
1.1.2.4 күн тәртібін сақтаудың маңызын түсіндіру және күн тәртібін құрастыру;
1.1.2.5 тәулік уақыты мен апта күндерінің атауларын қолдану;
1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау
|
2.1.2.1 мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру;
2.1.2.2 мектеп қауымдастығының құрылымын және мүшелерінің қызметін анықтау;
2.1.2.3 мектеп қауымдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру;
2.1.2.4 өз сыныбының ұжымын сипаттау
|
3.1.2.1 сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну;
3.1.2.2 түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру;
3.1.2.3 қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру;
3.1.2.4 өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу
|
4.1.2.1 мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдарын түсіндіру;
4.1.2.2 оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтау
|
1.3 Менің атамекенім
|
1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау;
1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау
|
2.1.3.1 өз зерттеулеріне сүйене отырып, өлкесінің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу;
2.1.3.2 Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, жолдарды, өз облысын көрсету
|
3.1.3.1 елді мекендерді түрлі белгілері бойынша ажырату (типі, көлемі, қызметі);
3.1.3.2 қала мен ауылдың
байланысын зерттеу, мысалдар келтіру
|
4.1.3.1 түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (аймақ, аудан, облыс) ажырату;
4.1.3.2 түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру
|
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
|
1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;
1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру;
1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру;
1.1.4.4 жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мәнін түсіндіру;
1.1.4.5 үй мен мектеп арасындағы қауіпсіз маршрут жоспарын құрастыру;
1.1.4.6 шұғыл көмек қызметтерін білу және олармен хабарласу жағдайларын анықтау
|
2.1.4.1 түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау;
2.1.4.2 күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орын дарда) қауіпсіздік ережелерін түсіндіру;
2.1.4.3 көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату;
2.1.4.4 қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру
|
3.1.4.1 тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін графикалық түрде көрсету;
3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорт тың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау;
3.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау;
3.1.4.4 табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау
|
4.1.4.1 спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептерін зерттеу;
4.1.4.2 спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қаупін азайту және алдын алу әдістерін ұсыну;
4.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау;
4.1.4.4 жасанды ортадағы өз қауіпсіздігін жоспарлау
|
1.5 Құқық және міндет
|
|
2.1.5.1 өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату;
2.1.5.2 қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңызын түсіндіру
|
3.1.5.1 Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын түсіндіру
|
4.1.5.1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытындылар жасау;
4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретінде демократиялық құқықтары, бостандықтары, міндеттерінен мысалдар
келтіру
|
1.6 Мерекелер
|
1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
|
2.1.6.1 таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің мәнін түсіндіру
|
3.1.6.1 зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну
|
4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру
|
2) «Елімнің табиғаты»
|
2.1 Жергілікті жерде бағдарлау
|
1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау;
1.2.1.2 табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру
|
2.2.1.1 тұсбағдардың көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау
|
3.2.1.1 астрономиялық белгілер бойынша көкжиек бағыттарын анықтау;
3.2.1.2 масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің жоспарын құру
|
4.2.1.1 нысанның басқа нысандарға қатысты орнын анықтау;
4.2.1.2 глобус пен карталардың қолдану аясын, олардан негізгі нысандарды көрсете білу;
4.2.1.3 глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды,экваторды көрсете білу
|
2.2 Климат және ауа райы
|
1.2.2.1 ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау
|
2.2.2.1 ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау
|
3.2.2.1 Жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтау;
3.2.2.2 ауа райы мен климаттың қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
|
4.2.2.1 адамзат дамуына климаттың әсерін талдау
|
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
|
1.2.3.1 жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау
|
2.2.3.1 ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызын анықтау;
2.2.3.2 өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері тұстарын талдау;
2.2.3.3 табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын жіктеу
|
3.2.3.1 адамдардың
табиғи жағдайларға байланысты орна ласуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары);
3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін- өзі ұстау ережелерін құрастыру
|
4.2.3.1 өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау;
4.2.3.2 зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындауы ықтималдылығын болжау
|
2.4 Туризм
|
1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру;
1.2.4.2 туристердің негізгі мақсаттарын анықтау
|
2.2.4.1 туризмнің негізгі түрлерін ажырату;
2.2.4.2 зерттеу негізінде Қазақстанда туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандарды анықтау;
2.2.4.3 туристік нысандардың ерекшеліктерін сипаттау
|
3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингін жасау
|
4.2.4.1 ақпараттың қолжетімді көздерін (интернет, кітаптар, БАҚ) пайдалана отырып, Қазақстан мен Астана бойынша туристік маршрут құру
|
3) «Тарих беттерінен»
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу;
1.3.1.2 ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері/ жәдігерлері туралы әңгімелеу
|
2.3.1.1 көрнекі материалдар негізінде иемденуші және өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты анықтау;
2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау
|
3.3.1.1 көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктерін түсіндіру;
3.3.1.2 тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру
|
4.3.1.1 түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресті анықтау;
4.3.1.2 тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру;
4.3.1.3 мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну
|
3.2 Қазақстан
ның тарихи тамыры
|
1.3.2.1 көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау
|
2.3.2.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ғұндардың өмір салтын сипаттау
|
3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау
|
4.3.2.1 түрлі дереккөздер негізінде қазақ халқының шығу тарихын түсіндіру;
4.3.2.2 сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты графикалық түрде бейнелеу
|
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
|
1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазулар туралы баяндау;
1.3.3.2 түрлі материалдарды, әдістермен құралдарды пайдалана отырып, көне жазуларды бейнелеу
|
2.3.3.1 Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау
|
3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру
|
4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру
|
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
|
1.3.4.1 дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу
|
2.3.4.1 әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу
|
3.3.4.1 тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен билердің рөлін түсіндіру;
3.3.4.2 тарихи мысалдар негізінде қазақ халқының азаттығы үшін күрескен тұлғалардың рөлін шығармашылық түрде көрсету
|
4.3.4.1 шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып, елімізге сіңірген еңбегі туралы қорытынды жасау
|
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекетті
лік және патриотизм
|
1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату;
1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу;
1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарын таныстыру
|
2.3.5.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәнін түсіндіру;
2.3.5.2 бақылаулар негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау;
2.3.5.3 Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын түсіндіру
|
3.3.5.1 Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәнін түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік Ел» қақпасы);
3.3.5.2 тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру
|
4.3.5.1 зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну;
4.3.5.2 Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлін анықтау
|
13. Осы оқу бағдарламасы қосымшада келтірілген бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Дүниетану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бастауыш білім беру деңгейінің
1-4-сыныптарына арналған
«Дүниетану» пәнінен
үлгілік оқу бағдарламасына
қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған
«Дүниетану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын
жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
1) 1-сынып:
Ортақ тақырып
|
Бөлімшелер
|
Оқу мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1 Өзім туралы
|
1.2 Мектеп және мектеп қауымдастығы
|
1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың түсу көзін анықтау
|
1.1.2.4 күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру
|
1.1.2.5 тәулік уақыты мен апта күндерінің атауларын қолдану
|
1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру
|
2 Менің мектебім
|
1.2 Мектеп және мектеп қауымдастығы
|
1.1.2.1 мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
|
1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау
|
1.1.4.4 жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мәнін түсіндіру
|
1.1.4.5 үй мен мектеп арасындағы қауіпсіз маршрут жоспарын құрастыру
|
1.1.2.2 мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау
|
1.1.2.3 мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру
|
2-тоқсан
|
3 Менің отбасым және достарым
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру
|
1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
|
1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
|
1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру
|
1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
|
1.3 Менің атамекенім
|
1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттілік терінің құрылымын, олардың өндіру көзін анықтау
|
4 Бізді қоршаған әлем
|
2.1 Жергілікті жерде бағдарлау
|
1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау
|
1.3 Менің атамекенім
|
1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
|
1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау
|
2.2 Климат және ауа-райы
|
1.2.2.1 ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау
|
1.2.3.1 жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау
|
3-тоқсан
|
5 Саяхат
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу
|
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
|
1.3.2.1 көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау
|
1.3.4.1 дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу
|
2.4 Туризм
|
1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру
|
1.2.4.2 туристердің негізгі мақсаттарын анықтау
|
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
|
1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарын таныстыру
|
6 Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
|
3.2 Қазақстанның тарихи тамыры
|
1.3.2.1 көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау
|
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
|
1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу
|
1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату
|
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
|
1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазулар туралы білу
|
1.3.3.2 түрлі материалдарды, әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, көне жазуларды бейнелеу
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
1.3.1.2 ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу
|
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
|
1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарын таныстыру
|
4-тоқсан
|
7 Тағам мен сусын
|
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
|
1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу
|
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
|
1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
|
1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру
|
1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың өндіру көзін анықтау
|
8 Дені саудың жаны сау
|
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
|
1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
|
1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
|
1.1.4.6 шұғыл көмек қызметтерін білу және олармен хабарласу жағдайларын анықтау
|
2.1 Жергілікті жерде бағдарлау
|
1.2.1.2 табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру
|
2) 2-сынып:
Ортақ тақырып
|
Бағдарлама бөлімшелері
|
Оқу мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1 Өзім туралы
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
2.1.1.1 отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау
|
2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру
|
2.1.1.3 түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау
|
2.1.1.4 бақылау мен сауалнама негізінде тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың түсу көзін анықтау
|
2 Менің отбасым және достарым
|
1.5 Құқық және міндет
|
2.1.5.1 өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату
|
2.1.5.2 қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру
|
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
|
2.3.5.3 Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын түсіндіру
|
2-тоқсан
|
3 Менің мектебім
|
1.2 Мектеп және мектеп қауымдастығы
|
2.1.2.1 мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру
|
2.1.2.2 мектеп қауымдастығының құрылымын және мүшелерінің қызметін анықтау
|
2.1.2.3 мектеп қауымдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру
|
2.1.2.4 өз сыныбының ұжымын сипаттау
|
4 Менің туған елім
|
1.3 Менің атамекенім
|
2.1.3.1 өз зерттеулеріне сүйене отырып, өлкесінің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу
|
2.1.3.2 Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, жолдарды, өз облысын көрсету
|
1.4 Денсаулық және қауіпсіздік
|
2.1.4.3 көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату
|
2.1.4.4 қоғамдық көліктегі өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіру
|
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
|
2.3.5.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің маңызын түсіндіру
|
2.3.5.2 бақылаулар негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау
|
3-тоқсан
|
5 Дені саудың жаны сау
|
1.2 Мектеп және мектеп қауымдастығы
|
2.1.2.1 мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру
|
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
|
2.1.4.1 түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау
|
2.1.4.2 күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда) қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
|
6 Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
|
1.6 Мерекелер
|
2.1.6.1 таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің мәнін түсіндіру
|
2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау
|
3.2 Қазақстанның тарихи тамыры
|
2.3.2.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ғұндардың өмір салтын сипаттау
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
2.3.1.1 көрнекі материалдар негізінде иемденуші және өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты анықтау
|
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
|
2.3.4.1 әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу
|
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
|
2.3.3.1 Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау
|
4-тоқсан
|
7 Қоршаған орта
|
2.1 Жергілікті жерде бағдарлау
|
2.2.1.1 тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау
|
2.2 Климат және ауа-райы
|
2.2.2.1 ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау
|
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
|
2.2.3.1 ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызын анықтау
|
2.2.3.2 өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері тұстарын талдау
|
2.2.3.3 табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын жіктеу
|
8 Саяхат
|
1.3 Менің атамекенім
|
2.1.3.1 өз зерттеулеріне сүйене отырып, өлкесінің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу
|
2.4 Туризм
|
2.2.4.1 туризмнің негізгі түрлерін ажырату
|
2.2.4.2 зерттеу негізінде Қазақстанда туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандарды анықтау
|
2.2.4.3 туристік нысандардың ерекшеліктерін сипаттау
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау
|
3) 3-сынып:
Ортақ тақырып
|
Бағдарлама бөлімшелері
|
Оқу мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1 Жанды табиғат
|
2.2 Климат және ауа-райы
|
3.2.2.1 Жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтау
|
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
|
3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
|
2.2 Климат және ауа-райы
|
3.2.2.2 ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
|
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
|
3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
|
1.4
Денсаулық пен қауіпсіздік
|
3.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау
|
3.1.4.4 табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау
|
2 Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
3.1.1.3
өз отбасының құндылықтарын анықтау
|
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
|
3.3.5.2 тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
3.1.1.4 өз шығындарын жоспарлау және негіздеу
|
3.1.1.5 өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну
|
1.2 Мектеп және мектеп қауымдастығы
|
3.1.2.3 қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру
|
3.1.2.4 өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу
|
3.1.2.1 сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну
|
3.1.2.2 түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру
|
1.5 Құқық және міндет
|
3.1.5.1 Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру
|
2-тоқсан
|
3 Уақыт
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
3.1.1.1 отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру
|
3.1.1.2 әулет шежіресін құрастыру
|
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
|
3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау
|
1.6 Мерекелер
|
3.1.6.1 зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну
|
2.2 Климат және ауа-райы
|
3.2.2.2 ауа райы мен климаттың қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
3.3.1.1 көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктерін түсіндіру
|
3.3.1.2 тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру
|
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
|
3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау
|
4 Сәулет өнері
|
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
|
3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
|
1.3 Менің атамекенім
|
3.1.3.1 елді мекендерді түрлі белгілері бойынша ажырату (тип, көлемі, қызметі)
|
2.4 Туризм
|
3.1.3.2 қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар келтіру
|
3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингін жасау
|
2.1
Жергілікті жерде бағдарлану
|
3.2.1.2 масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің жоспарын құру
|
3.2.1.1 астрономиялық белгілер бойынша көкжиек бағыттарын анықтау
|
3-тоқсан
|
5 Өнер
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
3.1.1.3 өз әулетінің құндылықтарын анықтау
|
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
|
3.1.4.1 тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін графикалық түрде көрсету
|
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
|
3.3.5.1 Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәнін түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік Ел» қақпасы)
|
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
|
3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
3.3.1.2 тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру
|
6 Атақты тұлғалар
|
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
|
3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау
|
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
|
3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру
|
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
|
3.3.4.1 тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен билердің рөлін түсіндіру
|
3.3.4.2 тарихи мысалдар негізінде қазақ халқының азаттығы үшін күрескен тұлғалардың рөлін шығармашылық түрде көрсету
|
4-тоқсан
|
7 Су – тіршілік көзі
|
2.2 Климат және ауа-райы
|
3.2.2.1 Жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтау
|
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
|
3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
|
2.4 Туризм
|
3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингін жасау
|
2.2 Климат және ауа-райы
|
3.2.2.2 ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
|
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
|
3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін өзі ұстау ережелерін құрастыру
|
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
|
3.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау
|
3.1.4.4 өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау
|
8 Демалыс мәдениеті. Мерекелер
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
3.1.1.3 өз әулетінің құндылықтарын анықтау
|
1.2 Мектеп және мектеп қауымдастығы
|
3.1.2.3 қоғамда өзін өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру
|
1.6 Мерекелер
|
3.1.6.1 зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
3.3.1.2 тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
3.1.1.4 өз шығындарын жоспарлау және негіздеу
|
3.1.1.5 өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну
|
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
|
3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау
|
4) 4-сынып:
Ортақ тақырып
|
Бөлімшелер
|
Оқу мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1 Менің Отаным – Қазақстан
|
1.3 Менің атамекенім
|
4.1.3.1 түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (аймақ, аудан, облыс) ажырату
|
4.1.3.2 түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру
|
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
|
4.2.3.1 өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
|
2 Құндылықтар
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу
|
4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау
|
4.1.1.3 отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдау
|
4.1.1.4 отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну
|
1.5 Құқық және міндет
|
4.1.2.1 мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдарын түсіндіру
|
4.1.2.2 оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтау
|
4.1.5.1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасау
|
4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жеке тұлғаның демократиялық құқықтары, бостандықтары, міндеттерінен мысалдар келтіру
|
2-тоқсан
|
3 Мәдени мұра
|
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
|
4.3.2.1 түрлі дереккөздер негізінде қазақ халқының шығу тарихын түсіндіру
|
4.3.2.2 сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты графикалық түрде бейнелеу
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
4.3.1.1 түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресті анықтау
|
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
|
4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру
|
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
|
4.3.4.1 өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып, шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбегі туралы қорытынды жасау
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
4.3.1.2 тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру
|
4.3.1.3 мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну
|
4 Мамандықтар әлемі
|
1.1 Мен және
менің отбасым
|
4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау
|
1.6 Мерекелер
|
4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру
|
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
|
4.2.3.1 өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
|
1.3 Менің атамекенім
|
4.1.3.2 түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру
|
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
|
4.3.4.1 өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып, шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбегі туралы қорытынды жасау
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
4.3.1.1 түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресті анықтау
|
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
|
4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру
|
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
|
4.1.4.1 спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептерін зерттеу
|
4.1.4.2 спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қаупін азайту және алдын алу әдістерін ұсыну
|
3-тоқсан
|
5 Табиғат құбылыстары
|
2.2 Климат және ауа-райы
|
4.2.2.1 адамзат дамуына климаттың әсерін талдау
|
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
|
4.2.3.1 өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
|
4.2.3.2 зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындауы ықтималдылығын болжау
|
1.4 Денсаулық және қауіпсіздік
|
4.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау
|
4.1.4.4 өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау
|
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
|
4.2.1.1 нысанның басқа нысандарға қатысты орнын анықтау
|
6 Қоршаған ортаны қорғау
|
2.2 Климат және ауа-райы
|
4.2.2.1 адамзат дамуына климаттың әсерін талдау
|
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
|
4.2.3.1 өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
|
4.2.3.2 зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындауы ықтималдылығын болжау
|
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
|
4.2.1.1 нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтау
|
4.2.1.2 глобус пен карталардың қолдану аясын, олардан негізгі нысандарды көрсете білу
|
4.2.1.3 глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды, экваторды көрсете білу
|
4-тоқсан
|
7 Ғарышқа саяхат
|
1.6 Мерекелер
|
4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру
|
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
|
4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру
|
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
|
4.3.4.1 өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып, шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбегі туралы қорытынды жасау
|
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
|
4.3.5.2 Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлін анықтау
|
4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жеке тұлғаның демократиялық құқықтары, бостандықтары, міндеттерінен мысалдар келтіру
|
1.4 Денсаулық және қауіпсіздік
|
4.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау
|
4.1.4.4 жасанды ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау
|
8 Болашаққа саяхат
|
1.3 Менің атамекенім
|
4.1.3.2 түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру
|
2.4 Туризм
|
4.2.4.1 ақпараттың қолжетімді көздерін (интернет, кітаптар, Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан мен Астана бойынша туристік маршрут құру
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
4.3.1.1 түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресті анықтау
|
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
|
4.3.5.1 зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну
|
1.6 Мерекелер
|
4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру
|
1.5 Құқық және міндет
|
4.1.5.1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытындылар жасау
|
4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жеке тұлғаның демократиялық құқықтары, бостандықтары, міндеттерінен мысалдар келтіру
|
Ескерту:
әр тоқсандағы 2 ортақ тақырып есебінен тоқсан сайын оқу мақсатын ортақ тақырыптармен біріктіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |