Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет130/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
132
құбылыстарға өздерінің көзқарастарын білдіруге әуесқойлығы, шабыттануы 
мен ынталылық деңгейін бейнелейді:

қабылданған және бейнеленген құбылыстарға (әрекет мотиві, олардың 
өзгерісі, егер балалардың жұмыстары сүйсінуге және өз нәтижелеріне 
қанағаттануға мүмкіндік беретін болса) эмоциялық қарым-қатынасы; 

шығармашылық ойларын (жаңа шығарма шешімін іздеудегі табандылығы 
мен қайсарлылығы) тәжірибеде жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тұлғаның 
еркітілік қасиеті; 
Үшінші критерий – шеберлік (шығармашылық әрекет тәсілдері) – 
оқушылардың сызықтар мен шектерден тұратын форманы беру арқылы 
бейнелік сауаттылыққа қатысты көркемдік қабілеті мен суреттің және осы 
форманы берудегі кескіннің бейнелік құралын қолдану мен қажетті дағдыларды
меңгеру деңгейін анықтауға арналған. 
Төртінші критерий – 
оқушылардың көркем еңбек нәтижесінің қоғамдық 
пайдалы мәні
– 
төмендегілерді құрайды: 

балалар жұмысының тақырыпқа, белгілі бір идеяға (егер тақырып пен 
идея берілген болса) сәйкестігі, танымдық және жасампаздық қызметте 
(оқушылар бағаланады) қолданылған көркем-шығармашылық жетістіктерге 
талдау; 

оқушылардың өзін-өзі бағалауын мұғалімнің бағалауымен салыстыру 
(осы құрамдас бөлік мұғаліммен бағаланады). 
Осы критерий бойынша бағалау оқушының тұлғалық жетістігі, оның 
көркем-шығармашылық дамуы, орындалған жұмысының әртүрлі деңгейдегі 
көрмелерге қатысу мүмкіндігі арқылы жүргізіледі. Ол қорытынды болып 
табылады, балалар жұмысының (оның құндылығы) мәні туралы, олардың сол 
немесе басқа да көрмелерге қатысу мүмкіндігі жөнінде толық түсінік береді, 
онсыз шығармашылық қызмет толық емес, яғни аяқталмаған деп саналады. 
Сонымен қатар, балалардың көрмелерге қатысуы балалар ұжымының 
(студиялар, үйірмелер, көркемөнер мектептері) шығармашылық қызметін 
бағалау критерийлерінің міндетті шарты болып табылады. Оның бейнелеу 
әрекеті (сурет салуға, телехабар көруге, мұражайға және т.б. баруға кететін 
уақыт көлемі) саласындағы әуестігі көрсетілетін «оқушылардың жеке 
жетістіктерінің портфелін» енгізу. «Портфель» жеке жұмыстар жиынтығын 
көрсетеді.
Сонымен, осы критерийлерді қолдану жиынтығы оқушының танымдық 
және жасампаздық әрекетін бағалауға мүмкіндік беретін болады, яғни 
орындаушының өзі емес, орындаған жұмысы бағаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет