Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет17/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
17 
Қазақ тілі мен әдебиеті кіріктірілген сабағында АКТ-ны қолдану тек оқу 
процесін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге оқушының да көптеген 
қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда: 

оқушының сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады; 

әртүрлі мәселелерді шешу жолдарын іздестіру арқылы танымдық 
қабілетін дамытады; 

логикалық ойлау қабілетін дамытады; 

жеке немесе топпен жұмыс жасауға дағдыландырады; 

қоғамдағы өз ұстанымдары жайлы ой-өрісін кеңейтеді. 
Қазіргі таңда барлық қазақ тілі мен әдебиеті кіріктірілген пән 
кабинеттерінде интерактивті тақта кеңіненқолданылып жүр және ол оқытудың 
тиімділігін арттыруға септігін тигізіп отыр. 
Оның мүмкіндіктері төмендегідей: 
1. сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі; 
2. дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндік береді; 
3. оқушы мен мұғалімнің шығармашылығында әңгімелерін әрлеуге 
көмектеседі; 
4. дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол;
5. интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез-келген сурет, 
материалдарды алу мүмкіндігі бар; 
6. бейне сапасын сақтауда және қызықты фрагменттерді немесе бейнелерді 
экранда үлкейту мүмкіндігіне ие. 
Еліміздің білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) арналған 
кіріктірілген оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – жеке тұлғаны 
әлеуметтендіру, яғни түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті 
азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және 
қолдаушы ортаны құра отырып, қажетті тілдік дағдыларды дамыту керек. 
Мұндай ортада оқушылар тілдесімнің түрлі формаларын қолдана отырып, өз 
пікірін 
еркін 
білдіре 
алады. 
Оқыту 
процесінде 
оқушылардың 
сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша 
қарым-қатынасында тілді сауатты пайдалануын мадақтап отыру қажет.
Ұжымдық оқыту технологиясыныңмақсаты – қиын істерді атқаруда, 
топтық жұмыстарда, келісімге келуде, өзін-өзі басқару және ұйымдастыра білу 
де қажет болатын оқушы дағдыларын қалыптастыру. 
 
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің кіріктіріліп оқытуы үш тілде білім беру 
саясатына сай мазмұнға негіздеп жүзеге асырылады. Қазақ тілінің мұғалімдері 
үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыру үшін, мұғалімдер оқушыларға қазақ 
тілі, орыс тілі және ағылшын тілінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне талдау 
жасата отырып, барлық үш тілге де құрметпен қарауға тәрбиелейді. Жоғарыда 
көрсетілгеннің барлығы тілді меңгертуді және мазмұнға негіздеп оқытуды 
дамытуға бағытталған.
Қазақ тілі мұғалімдері бағдарламадағы басқа да пәндермен байланыс 
орнату үшін олардың тақырыптарын / мәтіндерін / дағдыларын / 
тапсырмаларын / оқыту мақсаттарын өз сабақтарына пайдалана алады. Мұндай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет