Методическое пособие по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел». Методическое пособие Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. 70 с


Қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі



бет3/95
Дата05.02.2022
өлшемі2,56 Mb.
#14393
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
1 Қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі


1.1 Жақын шетелдердегі патриоттық тәрбиенің тәжірибесі


Жақын шетелдердегі патриоттық тәрбие, ұлттық идеяны қалыптастыру мен дамыту тәжірибесі қызығушылық туғызады.


«Ресей ұлттық идеясының» артикуляциясы В.Соловьев, Н.Ф. Федоров, Ф.М. Достоевский, Н.А. Бердяев және т.б. ғалымдардың және басқа көптеген орыс философтарының, жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің есімдерімен байланысты. Олардың шығармашылығының мәні патриотизмді Ресей азаматының, кез келген жасампаз ұжымның болмысы, Ресей қоғамы өмірі негізінің ажырамас және маңызды сипаттамасының бірі ретінде қарастыруы тән.
90-шы жылдары Ресей қоғамын трансформациялау қоғамдық даму бағыттарының түбегейлі өзгерістеріне алып келді, ал бұл жекелеген қоғамның жіктелуіне, өмірлік деңгейінің төмендеуіне, жастар ортасындағы құндылықты қайта ұйымдастыруларға жол берді.
Көп ұлтты Ресей мемлекетінің білім беру жүйесінде басқа халықтарға деген құрмет, әрі Отанға деген махаббат сезімі ретінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі маңызды болып табылады. Ресейдің жас буыны жаңа әлеуметтік шындықпен байланысқа түсіп, байырғы қағидалар мен бұрынғы қоғамдық жүйенің құндылықтарын қабылдамайды. Тұлғаның жаңа әлеуметтік түрі пайда болды. Мұндай жағдайда патриоттық тәрбиенің жаңартылған жүйесін қалыптастыру, жаңа міндеттерді беру және оның тәсілдері мен әдістерінің тиімділігін арттыру маңызды болып табылады.
Ресей патриотизмінің ерекшеліктері мен оны таныту формаларын қарастырайық. А.Н. Вырщиков, М.Б. Кусмарцев, Г.А. Антипов және т.б. Ресей ғалымдары бәрінен бұрын, әсіресе әртүрлі себептермен шетелдерде тұратын ресейліктердің, орыс адамдарының туған елге, табиғатқа деген қарым-қатынасын маңызды деп санайды. Олар үшін Ресейдің кең байтақ жазықтарын, оның алқаптарын, шабындықтарын, ормандары мен өзендерін ұмыту өте қиын. Ал, ақ раушан гүл Ресейдің нышаны болған және қашанда туған өлкеге деген махаббат болып елестейді. Отанға қауіп-қатер төнген жағдайда өздерінің барлық күш-жігерлері мен рухани күштерін жылдам жұмылдыруға қабілетті. Ресейліктер өз елдерін және халқын төнген қауіптен құтқару үшін, ел үшін күйзеліс жағдайында қолдан келгеннің барлығын, атап айтқанда, таңғаларлық өмірлік ауыртпалықтарды бастан өткізуге, қиыншылыққа шыдауға, елдің мұқтаждығы үшін жинаған ақшалары мен құндылықтарын беруге, халық жасағы мен әскер қатарына өз бетімен кіруге дайын екендіктерін бірнеше рет дәлелдеді. Ресей патриотизмі интернационалдырылған. Халқының көптеген бөлігі салыстырмалы түрде өмір сүретін көп ұлтты елге қауіп төнген жағдайда барлығы жаулап алушыларға қарсы бірыңғай майдан болып күш көрсетеді, ал бейбіт әлемде сұмдық апатқа және табиғат өзгерістеріне қарсылық білдіре алады. Ресейліктердің патриотизмі олардың мақтанышы және абыройларымен үйлеседі. Бұл елдің халықаралық аренадағы беделіне, оның геосаяси жағдайына, ғылым, мәдениет, білім және әскери саладағы жетістіктеріне негізделген. Жастардың қоғам үшін маңызды әлеуметтік қажеттіліктерді көздеуі, өздерінің «керектігін» жасөспірімдер мен жастардың сезінуі, жастар шығармашылығы мен белсенділігі үшін әлеуметтік тапсырыс патриотизм құндылықтарын меңгеру үшін зор шабыт береді, оның тиімділігін және қоғамдық санаға әсер етуді, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіруді арттырады.
Ресейдің әлемдік қауымдастыққа кіріктірілген патриоттық әлеуетіне: мәдени-тарихи рухани құндылықтар; жеке тұтынушылардың жеткілікті парасаттылығы мен олардың ұжымдық, қоғамдық және мемлекеттілікке сәйкестілігі; материалдықтан бұрын руханилықтың артықтығы; рухани-адамгершілік әлеуетті жаңғырту қабілеті, шаруашылық-тұрмыстық және мәдени ортадағы өмірлік іс әрекеті және т.б. жатады.
Қазіргі таңда Ресейде патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, зорлық пен зомбылықты насихаттауды тоқтату рухында рухтандырушылық, халықты, әсіресе жастарды тәрбиелеу жандандырылуда.
Патриоттық тәрбиені іске асыруда Ресейдің революцияға дейінгі неғұрлым тығыз сабақтастық сезімі қалпына келтірілетін жаңа тұжырымдамалық тәсілдер әзірленеді; Ресей Федерациясын өзіндік және толыққанды Отан ретінде қалыптастыруға ұмтылумен байланысты процестер жүргізілуде.
Беларустың патриоттық тәрбие беру тәжірибесі өте қызықты. 1996 жылдан кейін «Чернобыль даңғыл жолы» кезінде Минскіде мыңдаған жастар өкілі ел президенті А. Лукашенконың саясатына қарсы шықты, елдің басшылары жастардың патриоттық тәрбиесімен тығыз айналысу туралы шешімге келді. Жастар туралы Президенттің Декреті шықты. Содан кейін, жалпы алғанда мемлекеттік жастар саясатының тірегі болған БЖО (Беларусь жастар одағы) жастар ұйымы құрылды. Жастар қоғамдық ұйымдарының қызметі, Жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетімен, ұйымның мемлекет қызметіне нақты қатысуына мүмкіндік беретін ұйымның қызметін құқықтармен реттейтін заңдар және нормалармен, өкімдермен, жарлықтармен және нұсқаулықтар жиынтығымен реттеледі. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда мемлекеттің сенімді серіктестігі «Беларусь жастар одағы» қоғамдық бірлестігі болып табылады. «Беларусь жастар одағы» ҚБ қызметі жастарды жан-жақты дамыту, оның шығармашылық әлеуетін ашу, жастарды ел алдында тұрған өзекті қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуге дайындау үшін жағдайлар жасауына бағытталған. Өздерін елде патриоттық қозғалыстың тірегі ретінде санаған «БЖО» мақсаты Беларусь халқы мен мемлекетіне деген мақтаныштарын ояту болып саналатын ҚБ «Квiтней Беларусь!», «Біз – Беларусь жастарымыз!», «Мен – Беларусь азаматымын» сияқты дәстүрлі акцияларды ұйымдастырушылар болып табылады.

Беларустағы азаматтық және патриоттық тәрбие, басқа елдердегідей тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын, азаматтың қоғамдағы өз орнын белгілеуді, ішкі еркіндік пен өзінің саяси және моральдық таңдауы үшін жауапкершілікті қалыптастыруды ұсынады. Осының барлығы басқа пікірге деген ерекше моральдық-психологиялық қасиеттердің, шыдамдылық пен сыйластықтың болуын талап етеді. Бұл қасиеттер тек сабақтан тыс іс-шараларда ғана дамымайды, сондай-ақ, пәнді оқыту кезінде де дамиды. Патриоттық сезімге тәрбиелеудің кең мүмкіндіктері, саяси және моральдық жауапкершілікті қалыптастыру гуманитарлық ғылымға жол ашады. Жаратылстану-математикалық бағыттағы пәндерде беларустың ғылым мен техника, оның дамуына үлес қосқан Беларусь ғалымдарының өмірбаяндарына барынша мән беріледі.


Білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарын, патриотизмін, ақпараттық-құқықтық мәдениетін қалыптастыруды ұсынатын тәрбие жұмысының жүйесін ұйымдастыруда білім беру мекемелеріндегі Беларус Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің бұрыштары, Конституцияны оқыту маңызды рөл атқарады.
Сынып жетекшілері мерейтойлық күндер мен мемлекеттік мерекелерге арналған ақпараттық сағаттарды, азаматтық-патриоттық тақырыптарға арналған тақырыптық сынып сағаттарын, байқаулар мен фестивальдар өткізуге басты назар аударады. Іс-шараларды өткізу форматы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ өткізу барысында қандай әдістер қолданылатыны маңызды. Білім беру процесіне тәрбиеленушінің белсене қатысуы және педагогтің алдына қойған мақсатына жетуі үшін белсенді әдістердің өнімділік нәтижесі жоғары болады. Білім берудің барлық субъектілері арасындағы қарым-қатынас бойынша оқушылардың және педагогтердің бірлескен іс-әрекеті негізінде күтілетін нәтижеге жетуі үшін интербелсенді әдістер тиімді болып саналады. Мұнда білім алушылардың танымдық процесі арттырылып, меңгерілетін тақырып бойынша аса қызығушылық танытады. Интербелсенді тәртіпте жұмысты ұйымдастыру барысында білімдерімен, идеяларымен алмасып, практикалық жаттығуларды орындауда қажетті біліктіліктерді меңгеруі арқылы әркім жеке үлес қосады. Интербелсенді әдістер жеке-тұлғалық тәсілге сәйкес келіп, жоғары қалыптастыру әлеуетін көрсетеді.
Өзбекстанда Ұлттық тәуелсіздік идеясына көп көңіл бөлінеді. Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов заманауи прогрестің өзіндік заңдылығын өзінше ұғынып, ұлттық тәуелсіздік идеясына халықтың ұмтылуы негізіндегі оқытуды енгізді. Бұл оқыту оның шығармаларында сипатталған. 2000 жылы осы шығармаларының негізінде елдің білім беру жүйесінде енгізілетін және оқытылатын «Ұлттық тәуелсіздік идеясы: негізгі түсініктері мен қағидаттары» атты кітап дайындалып шығарылды.
Ғылымның негізгі мақсаты жас ұрпақтың бойына ұлттық тәуелсіздіктің негізгі түсініктері мен қағидаттары идеясын енгізу болып табылады. Қоғамдық прогреске әр ұрпақ өкілі өз үлесін қосады, біздің еліміздің ұлы тарихының да өз қолтаңбасы бар. Бұл игі іс-әрекет процесі қоғам алдына қойылған мақсат пен міндеттерді іске асыру барысында ұлттық тәуелсіздік идеологиясын кеңейтеді және жетілдіреді.
Тәжікстан Республикасында патриоттық тәрбиені қалыптастыру үшін түрлі нақты шаралар қолданылады. Тәжікстан Республикасының атқарушы өкімет органдары басқа атқарушы органдармен Тұжырымдама ережелерін, мемлекеттік бағдарламалар және патриоттық тәрбие жоспарларын орындауды қамтамасыз ету мақсатында патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру жолдарын мемлекеттік органдарға ұсынады; өңірлік ұзақ мерзімді патриоттық тәрбие бағдарламаларын (жоспар) әзірлейді және оның іске асырылуын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық және діни ұйымдарды жұмылдыру арқылы патриоттық тәрбие міндеттерін жүзеге асырады.
Бұл саладағы іс-әрекеттің жалпы стратегияларын іске асыру, заманауи жағдайда патриоттық тәрбие жүйесін басқару үшін, министрліктер мен ведомствалар, қоғамдық және діни ұйымдар, ведомствоаралық құрылымдар қозғалысын құру қажет. Олардың құрамы мен өкілеттілігі құқықтық актілерге сәйкес анықталады. Үкіметтік комиссия Тәжікстан атқарушыөкімет органдарымен азаматтарды патриоттық тәрбиелеу мемлекеттік бағдарламалары міндеттерін іске асыру бойынша белгілі бір кезеңге күш біріктіреді. Азаматтарды патриоттық тәрбиелеу мемлекеттік бағдарламаларының әзірлемесін дайындауды ұйымдастырады, бағдарламаның басты орындаушыларын анықтайды. Тәжікстан Үкіметі патриоттық тәрбиелеудің тиімділігін арттыру бойынша берілген ұсыныстарды қарайды, қаржылық қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалауды қамтамасыз етеді. Үкіметтік комиссия шешімімен жұмыс тобы құрылады, оның қызметі мен өкілеттілігін осы комиссия анықтайды.
«Тәжікстан азаматының патриоттық тәрбиесі» мемлекеттік бағдарламаны орындау және келесі кезеңдерде азаматтарға патриоттық тәрбие беру мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу, мемлекеттік органдарға сәйкес атқарушы үкімет органдары, Тәжікстан субъектілерінің атқарушы үкіметі, олардың орындалуын ұйымдастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет