Утопия идеалды қоғам ретінде Географиялық детерминизм Қоғамның жіктелуі және типологиясы Постмодернизм қоғам туралы



бет1/3
Дата21.06.2022
өлшемі164,5 Kb.
#146901
түріУтопия
  1   2   3
Байланысты:
лекция 9 каз
5 кл сор 4., лекция 10 каз, Жограы геодезия оку куралы

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Философия кафедрасы (2708 дәрісхана) Философия пәнінен дәрістер курсы

  • A.Қ.Абдина – философия ғылымдарының докторы, профессор м.а.
  • 2022

9 тақырып. Әлеуметтік философия

  • Дәріс мақсаты: қоғам мәселелерін тарихи-философиялық тұрғыдан талдау.

Жоспар:

  • Философия тарихындағы әлеуметтік мәселелер.
  • Қоғамды зерттеудің заманауи тәсілдері.

Басты түсініктер:

  • Қоғамды философиялық зерттеу
  • Мемлекеттік басқару нысандары
  • Утопия идеалды қоғам ретінде
  • Географиялық детерминизм
  • Қоғамның жіктелуі және типологиясы
  • Постмодернизм қоғам туралы

Әлеуметтік философия

  • Әлеуметтік философия – бұл тарихи дамуында қарастырылған қоғамның философиялық зерттеуі. Әлеуметтік философия қоғам жүйелерінің құрылымын, олардың қызметі мен эволюциясын, әлеуметтік институттар мен әлеуметтік құндылықтарды, қоғамды бірлік ретінде және оның дамуын зерттейді.

Антикалық әлеуметтік философия

  • Сократ пен Платон Батыс философиясының дәстүрінде алғаш рет қоғам мен оның жекелеген салаларын түсіну міндетін қойды. Платон өзінің "Мемлекет" және "Заңдар" еңбектерінде ежелгі грек қоғамының логикалық және тұжырымдамалық талдауын, Аристотель "Саясат" атты шығармасында әлеуметтік мәселелерін эмпирикалық және ғылыми тұрғыдан зерттейді.

Антикалық әлеуметтік философия

  • Платонның идеалды мемлекетіне барлық негізгі қасиеттер тән: даналық қасиеті билеушілерде болса, батылдық қасиеті қамқоршыларға тән болуы керек, ал ұстамдылық қасиеті – қолөнершілер мен шаруалардың ісі. Әділеттілік ізгілігі қоғамда кең тараса, ол мемлекет негізіне айналады.

Антикалық әлеуметтік философия

  • Платон "Мемлекет " атты шығармасында Конституция түрлерін сипаттайды. Бірінші және ең жақсы конституция – монархия немесе аристократия деп аталады. Конституцияның келесі төрт төменгі түрі – тимократия, олигархия, демократия және деспотизм. Бұл Конституциялардың әрқайсысы идеалды мемлекет ізгіліктерінің тозуына байланысты төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет