Утопия идеалды қоғам ретінде Географиялық детерминизм Қоғамның жіктелуі және типологиясы Постмодернизм қоғам туралы



бет2/3
Дата21.06.2022
өлшемі164,5 Kb.
#146901
түріУтопия
1   2   3
Байланысты:
лекция 9 каз
5 кл сор 4., лекция 10 каз, Жограы геодезия оку куралы

Антикалық әлеуметтік философия

  • Аристотель пікірінше, басқарудың үш дұрыс формасы: монархтың жеке басына толығымен тәуелді монархия; аристократия – ақсүейктер билігі; теңдікті қажет ететін республика – полития; сондай-ақ басқарудың үш бұрмаланған формасы: тирания, олигархия және демократиялық үстемдік, пролетариат билігі – охлократия.

Орта ғасырлар әлеуметтік философиясы

  • Әл-Фараби «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары» атты шығармасында мінсіз қоғам-мемлекет мақсаты жалпыға ортақ бақытқа, әділеттілікке және өркендеуге қол жеткізу және қайырымды адамдардың бірлестігі болып табылатынын атап өтті. Мұндай мемлекетті данышпан басқаруы керек.

Орта ғасырлар әлеуметтік философиясы

  • Орта ғасырлардың Батыс дәстурінде шіркеу әлеуметтік институт ретінде мемлекет рөлін атқара бастайды. Аврелий Августин – "табиғи құқық" ілімінің жақтаушысы.
  • Ол: «Құдай адамдардың жүрегіне табиғи құқықты өзі жазды", - дейді.

Ренессанс әлеуметтік философиясы

  • Қоғамды жетілдірудің оңтайлы жолдарын табу Томас Мордың "Утопиясы" немесе Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы" сияқты утопиялық туындылардың пайда болуына әкеледі. Утопия (жоқ жер) шындықты бейнелеу формасы ретінде Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік білім саласында өз орнын алады.

Ағартушылық дәуірінің әлеуметтік философиясы

  • Бұл кезеңнің әлеуметтік ойы Монтескье, Вольтер, Руссо, Гельвеций сияқты танымал есімдермен байланысты. Монтескье "Заңдар рухында" әлеуметтік даму процесі қоғам дамуының объективті заңдылықтар көрінісінің нәтижесі емес, табиғи күштердің (географиялық детерминизм) әсерінің салдары деп тұжырымдады.

Ағартушылық дәуірінің әлеуметтік философиясы

  • Клод Анри де Сен-Симон (1768-1825) және Огюст Конт (1798-1857) 1822 жылы «Қоғамды қайта құру үшін қажет ғылыми жұмыстардың жоспарын" жасады, онда объективті бақылауларға негізделетін және жаратылыстану әдістеріне сәйкес әзірленетін қоғам туралы ғылым құру қажеттілігі туралы ой туындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет