Методическое пособие по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел». Методическое пособие Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. 70 с


, 3, 4-ші сыныптарда Бірінші құндылық



бет24/95
Дата05.02.2022
өлшемі2,46 Mb.
#15669
түріМетодическое пособие
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   95
2, 3, 4-ші сыныптарда Бірінші құндылық «Мәңгілік Ел – бұл Тәуелсіздік және Астана» екені түсіндіріледі.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):
1. Тәуелсіздік рәміздері.
2. Астана – елімнің басты қаласы.
3. Рефлексия.
4. Сабақтың қорытындысы.
Технологиялар: ынтымақтастықта оқыту (топтық жұмыстар), ойын.
Сабақ материалы.


Тәуелсіздік рәміздері

1991 жылы 16 желтоқсанда Конституциялық Заң Қазақстанды тәуелсіз, құқықты, демократиялық мемлекет ретінде жариялады. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы – Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, мемлекеттің айрықша белгілері. Оларға: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны жатады.
Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заң мәтінінің түпнұсқасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталоны Қазақстан Республикасы Президенті «Ақорда» Резиденциясында орналасатын жер болып саналады. 4 маусым күні Қазақстанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні аталып өтеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. Тудың авторы белгілі дизайнер және суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардың, қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген - алтын түстес жазу бар. Егеменді Қазақстанның бүгінгі елтаңбасы белгілі екі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков және Шот-Аман Уәлихановтардың шығармашылық ізденісінің және ерен еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. 1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа әнұранының әні мен мәтініне байқау жарияланды. Іріктеп алу коммисиясына 750 жоба жіберілді. Талқылау барысында жұртшылық алдыңғы әнұранның әнін сақтап қалу қажеттігі туралы пікір білдірді. Байқаудың нәтижесі бойынша төрт адам жеңімпаз атанды. Олардың үшеуі орта буын ұрпағына танымал Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, оларға ақын Жадыра Дәрібаева қосылды. Бұрынғы музыка сақталды.
2006 жылдың 10 қаңтарынан бастап 1956 жылы жазылған танымал «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны болып қабылданды, мемлекеттік әнұран мәртебесіне сәйкес болу үшін оның мәтініне өзгерістер енгізілді. Әнұран мәтініне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзгерістер енгізгендіктен, мәтіннің авторлары болып көрсетіледі. Сонымен қатар әнұранды тыңдау ережесі де өзгертілді. Ресми салтанаттарда әнұранның орындалуы барысында қатысушылар орындарынан тұрулары, оң қолдың алақанын сол жақ кеудеге қоюлары керек.
Әні сазгер Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі Жұмекен Нәжімединовтікі (1956), Нұрсұлтан Назарбаевтікі (2005).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет