Методическое пособие практических занятий по казахскому языку для детей подготовительной группы и учащихся 1 классов «Я бы язык учить пошел- пусть меня научат»



бет8/13
Дата16.03.2017
өлшемі2,67 Mb.
#11650
түріМетодическое пособие
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тышқан: Бұл үйшікте не тұрады?

(Жауап жоқ. Тышқан үйге кіріп, тұра бастады. Бақылдап бақа келеді)



Бақа: Тук-тук. Бұл үйшікте не тұрады?

Тышқан: Мен-кішкентай тышқан. Сен не?

Бақа: Мен-жалпақ бақа. Бірге тұрайык?

Тышқан: Биле, ән айт, ойна. Сонда бірге тұрамыз.

Бақа: Жаксы.

Бақа, бақа, балпақ.

Басың неге жалпақ?

(коян келеді секіріп)



Қоян: Бүл үйшікте не тұрады?

Аңдар: Мен-жалпақ бақа. Мен-кішкентай тышқан. Сен не?

Қоян: Мен, қоян, қорқақ қоян. Бірге тұрайық?

Аңдар: Ақ қоян,

Орныңнан тұршы.

Қолыңды жушы, шашыңды тарашы,

Айнаға қарашы,

Бізбен билеші.

(балалар әндетеді, қоян билейді)

Өлең: Қоян отыр партада,

Екі көзі тақтада.

«А»- деді, «Б»- деді,

«Р»- ға тілі келмеді.

(Түлкі келеді қутыңдап)

Түлкі: Тук-тук. Бұл үйшікте не тұрады?

(андардың жауабы)

Түлкі: Мен түлкі. Қу түлкі. Бірге тұрайық.

Аңдар: Биле, ән айт, ойна. Сонда бірге тұрамыз.

Түлкі: Жақсы. («Қу түлкі» ойыны. Көздеріңді жүмыңдар. «Түлкі» біреулеріңді «сипап» «қу түлкі» қылады. Көздеріңді ашыңдар. Қу түлкі, сен қайда?)

- Мен мында- деп «түлкілер» ортаға шыгады.



Қасқыр: Тук-тук. Бұл үйшікте не тұрады?

(аңдардың жауабы)



Қасқыр: Мен қасқыр. Аш қасқыр.

Бірге тұрайық. у-у-у

Аңдар: Биле, ән айт, ойна. Сонда бірге тұрамыз.

Қасқыр: Жақсы.

Бүлдірген тереміз, балақай,

Aт жарыс көреміз, балақай.

Базарға барамыз, балақай,

Ағаш жарамыз, балақай.

- Әй, атай- ай.



Аю келеді қорбандап:

Аю: Тук-тук. Бұл үйшікте не тұрады?

Андар: Ал сен не?

Аю: Мен күшті аю. Әй, бала, кел.

Мен күшімді көрсетемін («Көтеріспек» ойыны)

Балалар күшті екен. Мен үйшікті бұзбаймын.

Автор: Балалар, алақай! - Бәрі қуанып қосыла ән айтады

Мен қазақша білем,

Ковер деген «кілем»,

Садик деген «бақша»,

Деньги деген «ақша»,

Лиca деген «түлкі»,

Смех деген «күлкі»,

Денсаулыққа пайда,

Где деген «қайда».

Жүргізуші: Осымен ертегі аяқталды

Тыңдағандарға «бәрекелді».

Boт и сказке конец. А кто слушал, молодец.

Қосымша 7

KIM «МЯУ» ДЕДІ ?

Кейіпкерлер: күшік, ит, әтеш, балық, тышқан, ара, бақа, мысық. Көрнекілік: Сахнада аула көрінісі, өзен, дуал.

Күшік үй жанында ұйықтап жатады. Бір кезде: «мяу» деген дыбыс естіледі. Күшік ұшып тұрып, «мяу» деген кім деп іздей бастайды. Әтешке кездеседі:

Сен «мяу» дедің бе?

Әтеш: ку-ка-ре-ку. Жоқ, мен емес, мен мақтаншақ әтешпін.

Күшік тышқанды көреді:


  • Сен «мяу» дедің бе?

  • Пи-пи-пи, жоқ мен емес. Мен кішкентай, қорқақ, қара тышқанмын. Енді күшік үйшіктің жанынан үлкен қабаған итті көреді.

  • Сен «мяу» дедің бе?

  • Ав-ав, мен емес. Мен үлкен ашулы қабаған итпін.

Күшік қабаған иттен қашып құтылады. Осы кезде ара ызыңдап, күшікті шағып алады.

Күшік өзендегі суға мұрнын жуып жатып, жүзіп бара жатқан балықты көреді.



  • Сен «мяу» дедің бе?

Балық үн- түнсіз жүзіп кете барады. Өзендегі бақа тіл қатады:

  • Ква- ква. Балық сөйлемейді. Ква- ква.

  • Сонда, сен «мяу» дедің ғой?

  • Жоқ, мен емес. Мен бақамын.

Күшік үйшігіне қайтып келеді. Орнына жатады. Осы кезде тағы да «мяу- мяу» деген дауысты естиді.

Күшік мысықты көріп қалып:



- А-а, сен ғой «мяу» деген деп қуа жөнеледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет