Методическое пособие практических занятий по казахскому языку для детей подготовительной группы и учащихся 1 классов «Я бы язык учить пошел- пусть меня научат»



бет1/13
Дата16.03.2017
өлшемі2,67 Mb.
#11650
түріМетодическое пособие
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Методическое пособие практических занятий по казахскому языку для детей

подготовительной группы и учащихся 1 классов
«Я бы язык учить пошел- пусть меня научат»
Каукенова Бархит Хамзиевна, учитель казахского языка высшей категории КГУ «Общеобразовательная школа №1 акимата города Шахтинска»
1. Жұмыс жүйесінің көкейтестігі (тұжырымдамалар, бағдарламалар, зерттеу немесе тәжірибелі-экспериментті тақырыптары және т.с.с.)

тақырып мектепке дейінгі жастағы балалармен қазақ тілін меңгеруге дәстүрлі емес көзқараспен жаңғыртылады, қазіргі замандағы жағдайда мемлекеттік тілге деген қызығушылықты дамыту және қолдау процесін ұлғайтады_____________________________

2. Жұмыс жүйесінің ғылыми-әдістемелік деңгейі:

жоба ғылыми көзқарасқа негізделген. Мазмұны инновациялық көзқарасқа сәйкестелген – сабақта балалармен жұмысында, сонымен қатар ойын процестерінде, театрлық қойылымдарда және клубтық жұмыстарында жаңа технологияларды қолданады (Ж,А,Караев, А.Ш.Бектурова, Г.К.Досмамбетова, А.М.Құдайбергенова)

3. Жұмыс жүйесінің жаңартылған деңгейі – білім беру жүйесінде ұқсастықтың бар болуы немесе оның жоқтығы: (қалада/ауданда, областа, республикада, шет елде)

ұсынылған жоба педагогтар, балалар және олардың ата-аналарымен әрекеттестіктерінде қазақ тілін тереңдетіп оқытудың толық зерттеуді табыс етеді. Жобаны жүзеге асыру сәбилердің қазақ тіліне қабілеттіліктерін нығайтады, онымен сәтті қолдануға көмектеседі____

4. Жұмыс жүйесінің ғылымилығы:

жобаның ғылымилығы жұмыстағы педагогикалық ғылым мен тәжірибенің ақырғы жетістіктерін қолданумен сипатталады; бірыңғай екітілдік кеңістігінің Моделі екітілдік проблемаға кешенді көзқарасын айқындайды___________________________________________

5. Жұмыс жүйесінің әдістемелік сипаты және ішкі бірлікті бағалау (қисындылығы, нәтижелердің әдістемелік негіздермен өзара байланысы, қарама-қайшылықсыздықтары)

жобаның алдына қойған нақты мақсаты – анық бір жүйеде күткен нәтижелерге әкелетін, атап айтқанда, нақты психикалық жаңабілімдік деңгейінде мемлекеттік тілді сәтті меңгеру. Берілген барлық материалдардың қисынды байланысы бар және мақсатқа жетуге мүмкіндік береді______

6. Жұмыс жүйесіндегі әр нәтиженің, ғылыми жағдайдың, тұжырымның және қорытындының дәлділік және анықтылық деңгейі:

бұл жобаның педагогтар мен ата-аналардың алдында тұрған талаптары мен мақсаттары бар, және де күтілген нәтижелер мен берілген зерттеудің бағалау критериі. Берілген барлық материал дәлелденген және жүйеленген, әдістемелік негіздерге қайшылық етпейді__

7. Жұмыс жүйесінің тәжірибелік маңыздылығы:

балаларды мемлекеттік тілге үйрету бойынша білім беру ұйымының жұмыс жүйесі өзге балабақшаларға білім беру процесінің барлық қатысушыларының қызметін үйлестіруге және мектепке дейінгі жастағы балалар мен олардың ата-аналарының қазақ тілін меңгерудегі жоғары нәтижелерге жетулеріне көмектеседі_______________________________________

8. Жұмыстың қорытынды және аралық нәтижелерін ұсынудың түрлері мен әдістері:

жобада педагогтар, балалар және олардың ата-аналары үшін күтілген нәтижелері, және де әртүрлі қызмет жағдайларында балалардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін, күтілген нәтижелерді бағалау критерийлері ұсынылған_

9. Ресімдеу талаптарына сәйкестігі:

шығармашылық жоба толығымен ресімдеу талаптарына сай__

10. Жұмыс жүйесін қолдану бойынша ұсыныстар:

берілген жобаны мектепке дейінгі жастағы балалармен және 1-ші сынып оқушыларымен жұмыс тәжірибесіне енгізуге ұсыну.


Мазмұны:

Түсініктеме хат................................................................................................................................6

Екітілдік кеңістік моделі...............................................................................................................11

«Қазақ тілі- анаммен бірге»- отбасылық клубы туралы ереже.................................................12

Отбасылық клубының жұмыс жоспары......................................................................................14

Тәжірибелік сабақтар....................................................................................................................17

Тексеру картасы.............................................................................................................................18

Сауалнама.......................................................................................................................................44

«Мемлекеттік тілге жол іздеу»- ынталы модульдік топ туралы ереже....................................45

Ынталы модульді тобының жұмыс жоспары..............................................................................46

Әдебиеттер тізімі............................................................................................................................48

Түсініктеме хат.

Жер шарының 70 % түрғыны осы не басқа дәрежеде екі немесе бірнеше тілді меңгерген. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде қазақ немесе ағылшын тілдеріне оқыту білім алудың, сонымен қатар мектепке дейінгі білімнің де көкейтесті проблемаларының бірі.

Бірнеше тілдерді еркін меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға, Қазақстанның жемісті болашағының кепілі ретінде анықталды. Өзге тілдерді білу адам алдында көптеген жаңа мүмкіншіліктерді ашады.

Қызметтің бұл түріне ең ыңғайлы кезең - мектепке дейін жас деп ғалымдар бекер айтпаған. Балалардың өзге тілді жақсы меңгеруілері мүмкін болуының тағы бір себебі, балаларды тіл материалын тез және жақсы есіне сақтауында және білім алудың табиғи дәлелінде - тіл тосқауылының, яғни өзге тілде әңгімелесуге кедергі келтіретін тежеуіш қаупінің жоқтығы.

Мектепке дейінгі жас - тілге ену бағыттауышы болып табылады, және де бұндай бағыттауыштың бас міндеті, сөздер жинағын айтуға мәжбүрлеу емес, өзгеге таныс емес тілде сөйлем ағынының айтылуына құлақты тыңдату болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін шет ел тілі сабақтары жадыларының дайындығы деп санауға болады.

Біздің мектепке дейінгі мекемеміздің даму Бағдарламасының басым багыттарының бірі - мектепке дейінгі жастағы баланың тілдік біліктілігін дамыту үшін бірыңғай екітілдік кеңістігін кұру. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту үшін балабақшада жаңа жағдайлар жасау - берілген шығармашылық жобаның мәселесі болып табылады.

Біз бұл мақсатпен, педагогтар, балалар және олардың ата- аналарының әрекеттесуімен қазақ тілін меңгерудің, біздің ойымызша, тиімді Моделін әзірледік (Қосымша 1).

Бала әрдайым тіршілік ететін тілдік кеңістік, мемлекеттік тілді жемісті меңгерулеріне көмек болуы керек.

Қазіргі заманғы ата-аналар, ережеге сай, сәбилерін өзге тілге үйретуді ертерек бастауга тырысады. Айтарлықтай, сұраныс ұсынысты тудырады. Ата-аналық дабылына жауап ретінде, біз «Қазақ mini - анаммен бірге» отбасылық клубын ұйымдастыру туралы Ережені әзірледік (Қосымша 2 ).

Зерттеулер, ата-аналарды педагогтармен бірлескен баланы бірыңғай жетілдіру процесіне қосу, оның тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді деп көрсеткен. Клубтың жүмысы негізгі міндеттерді кешенді шешуге бағытталған: берілген проблема бойынша ата-аналардың педагогикалық ағартушылығы және отбасы клубының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға оларың белсенді қатысулары (Қосымша 3,4,5,6,7,8).



Мектепке дейінгі үйымдағы қазақ тілін тереңдетіп оқыту әр түрлі балалық іс-шаралар арқылы оқытуды қарастырады: сабақтар, ойындар, еңбек, тәртіптік кезеңдер. Бұл бағытта барлық педагогтардың қызметтерін үйлестіру үшін, балабақшада «Мемлекеттік тілге жолдарды іздеу» атты ынталы модулъдік топ құрылған. Модульдік топ өзінің жүмысын ЫШТ туралы Ережеге (Қосымша 9) және 2008-2010 оқу жылдарына жұмыс Жоспарына

(Қосымша 10) сәйкес жүзеге асырады. Бүл жерде негізгі аспект болып табылатындар:

  • заттық-дамыту тілдік ортасы;

  • жаңа нысандар мен технологияларды қолдану;

  • ата-аналармен тығыз қарым-қатынас.

Біз берілген жобаны жүзеге асырудан нені күтеміз?

Жобаны жүзеге асыру процесінде балалар мүмкіндік алады:

  • қазақ тіліндегі сөйлемді тек қана сабақтарда ғана емес, күнделікті өмірде де естуге;

  • қазақи мәдениеттің қайнарына тереңдеп телуге;

  • сөздік қорын байытуға;

  • қазақ тілінде құрдастарымен коммуникативті қарым-қатынасты жақсартуға.

Ата-аналар мүмкіндік алады:

  • мемлекеттік тілді меңгеруде балаларының жетістіктерін қадағалауға;

  • балаларды қазақ тіліне үйрету проблемасы бойынша біліктілік консультативтік және тәжірибелік көмек алуға;

  • ойын түрінде өз баласымен бірге мемлекеттік тілді үйренуге.

Педагогтар мүмкіндік алады:

  • қазақ тілінің, бұл кезеңде, қазақ мәдениетінің, рухы әлемінің, ал егер іске практикалық жағынан келетін болсақ, іскерлік қызығушылықтар мен қарым-қатынас әлемінің де есігін ашатын кілт болып табылатынын сезіну.


Мақсатқа жету бағасының критерийлері:

  1. Балалардың лексиканы меңгерудің деңгейін көтеру (жоғарғы деңгей 30%-ға, орташа деңгей - 20%-ға).

  2. Оқу жылының ағымында балалардың сөздік белсенділігінің өсуі (диагностикалық рәсімдер: бастапқы, аралық, қорытынды нәтижелер).

  3. Сөздік қорларын меңгерудің демонстрациясы (өзіндік қызметтегі сөйлемдік белсенділік).

Деңгейлер

Негізгі

көрсеткіштер

Жоғарғы

(5 және одан көп сөз)



Орташа

(3 сөз)


Төменгі

(1 сөз)


Заттық сөздік

(жиһаз - бұл не? ...)












Етістік сөздігі (мен – не

істеймін? Мысалы: қыста –

шана тебемін, қармен

ойнаймын және т.б. ...,

ол - не істейді? ...,

олар - не істейді? ...)












Белгілер сөздігі

(қыс - қандай?...)











Берілген шығармашылық жобаның тәжірибелік маңыздылығы мемлекеттік тілді меңгеру процесін анықтау жүйесінде және педагогтар, балалар мен олардың ата-аналарының өзара әрекеттесуімен өтуінде, яғни білім беру процесінің барлық қатысушыларының үйлестірілген қызметі.

Жобаның жүзеге асырылуының сәттілігі үлкендердің шынайы, жақсы көңіл-күйінде. Отбасын бұл қызметке енгізу мектепке дейінгі жастағы балалардың қазақ тілін меңгеру проблемаларын шешудегі сәтті табыс болып табылады. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыру, артынан ата-аналардың оны меңгергілері келетін сезімін тудыратын мемлекеттік тілді кеңінен жариялайды.

Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасы әр азаматының міндеті.



Тіл мәселесі өте нәзік салаға жатады және оларды зорлықпен, мәжбүрлікпен шешуге болмайды. Сондықтан сыпайы көзқарас және бірлік керек. Бұған негіз болатын - берілген шығармашылық жоба.

Қосымша 1

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ БІРЫҢҒАЙ ЕКІТІЛДІК КЕҢІСТІК МОДЕЛІ



ӘРІПТЕСТЕРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУ:

  • Семинар-практикум:

«Балаларды мемлекеттік тілге оқытудың белсенділік әдістері мен қазіргі білім беру технологиялары».

  • Мектепке дейінгі балалардың тілдік білім проблемасы бойынша «Снегурочка» б/б бірлескен педагогикалық кеңесі.

  • «Мен тілді үйренуге барушы-ем, тек мені үйретсін» шығармашылық жобаның ашылуы.

  • Педагогикалық кеңес: екітілдік ортасын құрудағы тәрбиешілер мен мамандардың инновациялық жұмыс тәжірибелері.

  • «Ана тіліне жол іздеуде» - этнопедагогика бойынша МБ модульді топ құру.

  • Балабақша топтарында заттық- дамыту тілдік ортасы» байқау- конкурсы.








БАЛАЛАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУ:

  • Тілдерге қабілеттіліктері айқын немесе әлсіз көрсетілген балалар үшін «дайындық сағат» (аптасына 1 сағат).

  • Интеллектуалдар конкурсы: «Мен қазақ тілін білемін» балалар мен олардың ата- аналары арасында.

  • Ж.А.Караевтың технологиясы бойынша мемлекеттік тілді үйретудегі әр деңгейлік дифференциялдық көзқарас.

  • «Сахнаграфия» - балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен қазақ тілінде театрлық қойылым.

  • Сауат ашу, математика, экология, және де пиктограмма элементтерін қолданумен мектепалды тобы балалларымен дәстүрлі емес сабақтар.

  • Мемлекеттік тілді меңгерудегі баланың дамуының жеке бағыттарын құру.





A TA-AHAJIAPMEH ӘРЕКЕТТЕСУ:

  • Балаларды мемлекеттік тілге оқыту проблемасы бойынша ата-аналарға кеңес беру (айына 1 рет).

  • «Балабақшадагы екітілдік» ата- аналарды анкеттеу.

  • «Сахнаграфия» - қазақ тіліндегі театрлық қойылымға қатысу.

  • «Тіл тагдыры - халық тағдыры» акциясына қатысу.

  • Бейнефильм кұру: «Қашан екітілдік басталады?»

  • «Қазақ тілі - анаммен бірге» отбасы клубына қатысу.

  • «Бала және екітілдік» отбасылық тәрбиенің үздік тәжірибесін анықтау.

  • «Қызықтырушы серіктестік» - сабақ өткізуде ата-аналардың қатысуы - тоқсанына 1 рет.

  • «Мен қазақ тілін білемін!» интеллектуалдар байқауына қатысу.


Қосымша 2

«ҚАЗАҚ ТІЛІ - АНАММЕН БІРГЕ» ОТБАСЫЛЫҚ КЛУБЫ

ТУР АЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Жалпы сипаттама

1.1 «Қазақ тілі — анаммен бірге» отбасылық клубы мектепке дейінгі жастағы балаларды мемлекеттік тілге үйрету мәселесі жайында МБ және отбасының серіктестігін орнату мақсатында құрылған.

1.2 Клуб өзінің қызметін МБ Жарғысының және нағыз Ережесінің негізінде жүзеге асырады.

1.3 Клуб қатысушылары мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқитын балалардың ата-аналары, балабақша педагогтары болып табылады.

1.4 Клубты құру туралы бұл Ереже «Педгогикалық отырыста» бекітіледі.

1.5 Педагогикалық этикаға ұстану, қүзыреттілік, еріктілік клуб жұмысының негізгі принциптері болып табылады.

1.6 Клуб туралы Ереже жалпы ата-аналар жиналысында талқыланады.


2. Отбасылық клубы қызметінің негізгі бағыттары.

2.1 «ҚР тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру мәселесінде отбасының және мектепке дейінгі ұйымның әрекеттерін біріктіру.

2.2 Тілге деген қабілеттілігі айқын көрсетілген балалардың ата-аналарына педагогикалық көмек көрсету.

2.3 Ата-аналар арасында мемлекеттік тілді меңгеруде МБ қызметін жариялау.


3. Отбасылық клуб қызметін ұйымдастыру.

3.1 «Казақ тілі - анаммен бірге» отбасылық клубының жұмысы «Қарлығаш» балабақшасы базасында жүзеге асырылады.

3.2 Клубқа балаларды қазақ тіліне үйрету мәселесі бойынша көмек күтетін ата-аналар қатысады.

3.3 Ата-аналар құрамы - клуб қатысушылары олардың сабақтарда қажеттілігіне байланысты ауысуы мүмкін.

3.4 Клубтың жүмыс жоспары жалпы ата-аналар жиналысында бекітіледі.

3.5 Клубтың қорытынды отырысында жүмыс нәтижелері және оның тиімділігі талқыланады.

3.6 Клуб жүмысын ұйымдастыру түрі: тренингтер, практикумдер, отбасылық тәрбиелеу тәжірибесін талқылау, бейнеқараулар, сабақтар.

4. Отбасылық клубы қатысушыларының міндеттері мен құқықтары.

4.1 Ата-аналар құқықтары:



  • баланы қазақ тіліне үйрету проблемасы бойынша біліктілік консультативті көмек алуға;

  • балалармен сабақты үйде ұйымдастыруға тәжірибелік көмек алуға;

  • баланың жетілуінде тәжірибе алмасуға және өз ойын білдіруге.

4.2 Мектепке дейінгі ұжымның құқықтары:

  • берілген мәселе бойынша баланың жетілуі мен отбасылық тәрбиелеу

жұмысының оң тәжірибесін жариялауға және талқылауға;

  • ата-аналардың сұраныстары, қызығушылықтары және проблемаларына тәуелді клубтың жұмыс жоспарына түзетулер енгізуге;

4.3 Мектепке дейінгі ұйым міндетті:

  • «Қарлығаш» балабақшасы КМҚК-ның директорымен бекітілген

жоспарға сәйкес клуб жұмысын ұйымдастыруға;

  • баланы қазақ тіліне үйрету мәселесі бойынша ата-аналарға біліктілік тәжірибелік және консультативтік көмек беруге.


5. Құжаттама.

5.1 «Қазақ тілі - анаммен бірге» отбасылық клубы бекітілген жоспар бойынша жұмыс атқарады.

5.2 Клуб отырысы (айына 1 рет) хаттамамен ресімделеді.

5.3 Балалармен және ата-аналармен бірлескен тәжірибелік сабақтар жеке бағдарлама бойынша әр сәрсенбі күні сағат 1600-ден 1700- ге дейін өткізіледі.

5.4 Тілге қабілеттіліктері айқын көрсетілген балаларға деректер жиынтығы құрылған.

5.5 Тілге қабілеттіліктері айқын көрсетілген балалардың жеке маршруты құрастырылған.




Қосымша 3

«ҚАЗАҚ ТІЛІ - АНАММЕН БІРГЕ»

ОТБАСЫЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ ЖҮМЫС ЖОСПАРЫ


Айлар

Өткізу түрлері


Қазан

Жалпы ата-аналар жиналысы «Педагогикалық оқиға»:

  • Ақпараттық хабар «Қашан екітілдік басталады?»;

  • Бейне-факт: «Мен тіл үйренуге барушы едім, тек

маған үйретсін...»;

  • Сахнаграфия: МБ педагогтар мен ата-аналардың

күшімен қазақ тілінде театрлық қойылым.


Қараша

1 апта - МБ педагогтары мен ата-аналар сұрауы бойынша жеке

консулътаттау.




2 апта - балалар мен олардың ата-аналарымен практикалық сабақ

(4 қосымша).






3 апта - клубтың 1 отырысы: Клуб мүшелерімен

ұйымдастырушылық кездесу. Жүмыс жоспарымен танысу.

Ынталы топты құру.





4 апта - «Ата-аналық пошта» - ата-аналармен хат алмасу.


Желтоқсан

1 апта - МБ педагогтары мен ата-аналар сұрауы бойынша

жеке консулътаттау.




2 апта - балалар мен олардың ата-аналарымен практикалық

(іс-тәжірибелік) сабақ.




3 апта - клубтың 2 отырысы: «Тұлға мен талант». Қазақ тіліне

деген анық көрсетілген қабілеттіліктері бар балаларды

портфолиомен таныстыру. Қазақ тілін оқыту нәтижелерін өлшеу

жүйесімен танысу (Қосымша 5 диагностикалық карта).






4 апта - «Ата-аналық пошта» - ата-аналармен хат алмасу.




Қаңтар

1 апта - МБ педагогтары мен ата-аналар сұрауы бойынша жеке консультаттау.




2 апта - балалар мен олардың ата-аналарымен практикалъщ (іс-тәжірибелік) сабақ.




3 апта - клубтың 3 отырысы: «Қазақ тілі және үйдегі

білім беру кеңістігі» - ақпараттық хабар.

Үйде тілдік кеңістік құру бойынша ата-аналарға кеңес

беру.





4 апта - «Ата-аналъщ пошта» - ата-аналармен хат алмасу.

Ақпан

1 апта - МБ педагогтары мен ата-аналар сұрауы бойынша жеке консультаттау.




2 апта - балалар мен олардың ата-аналарымен практикалық (іс-тәжірибелік) сабақ.




3 апта - клубтың 4 отырысы: «Балаларды қазақ тіліне оқытуға, шаралық механизм ретінде конкурстар» - ақпараттық хабар.

«Мен қазақ тілін білемін!» балалар мен олардың ата- аналары арасында мини-конкурс (Қосымша 6).






4 апта - «Ата-аналық пошта» - ата-аналармен хат алмасу.

Наурыз

1 апта - МБ педагогтары мен ата-аналар сұрауы бойынша жеке консультаттау.




2 апта - балалар мен олардын, ата-аналарымен практикалық (іс-тәжірибелік) сабақ.




3 апта - клубтық 5 отырысы: «Сахнаграфия» - қазақ тіліне мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы театр - ақпараттық хабар. Театрлық қызмет бойынша тренинг. Кітапшалар-сәбилер дайындау. (Қосыміиа 7- қазақ тіліне аударылған және жетілдірілген, балаларға таныс ертегілердің ) сценарилері).




4 апта - «Ата-аналық пошта» - ата-аналармен хат алмасу.




Сәуір

1 апта - МБ педагогтары мен ата-аналар сұрауы бойынша жеке консулътаттау.




2 апта - балалар мен олардың ата-аналарымен практикалық (іс-тәжірибелік) сабақ.




3 апта - клубтың 6 отырысы: «Отбасыға балабақша келді» отбасылық тәрбиенің позитивті тәжірибесі. Қазақ тілін оқимыз - бейнероликтер, слайдтар қарау.




4 апта - «Ата-аналық пошта» - ата-аналармен хат алмасу.

Мамыр

1 апта - МБ педагогтары мен ата-аналар сұрауы бойынша жеке консулътаттау.




2 апта - балалар мен олардың ата-аналарымен практикалъщ (іс-тәжірибелік) сабақ.




3 апта - клубтың 7 отырысы: Клубтың жұмыс нәтижелері туралы шығармашылық есеп. Келесі жылға жұмыс жоспарын құру. (Қосымша 8 - ата-аналарды анкеттеу).




4 апта - «Ата-аналық пошта» - ата-аналармен хат алмасу.



Қосымша 4

БАЛАЛАРМЕН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН

ТӘЖІРИБЕЛIK САБАҚТАР

Айлар

Сабақ тақырыбы

Қазан

«Алтын күз»

Қараша

«Апта күндері»

Желтоқсан

«Жаңа жылдық оқиға»

Қаңтар

«Уақыт»

Ақпан

«Мен қазақ тілін білемін!» балалар мен олардың ата-аналары арасында мини- конкурс

Наурыз

«Халықаралық достық кездесу»

Сәуір

«Кемедегі саяхат»

Мамыр

«Мен мектепке барамын»


Қосымша 5
Қазақ тілін меңгеру бойнша мектепалды тобы балаларын тексеру картасы

Балалар

Тегі
Бағалау

критерийі












































































Есте сақтау:




● ұзындығы түрлі дыбыстық бауды есінде

сақтайды;














































































● бейтаныс контекстегі

таныс сөздер мен

сөйлемдерді таниды.













































































Ауызша сөйлеу

дағдысы:




● шағын әңгімелер

құрастыру;














































































● сұрақтарға жауап

береді;













































































● өзі, отбасы мүшелері,

жануарлар, ауа-райы,

жыл мезгілдері туралы

қарапайым мәлімет



жасайды.












































































Сөзді дұрыс айту:












































































Орта балл:












































































Денғей:












































































2008-2009 оку жылы (бастапқы, аралық, қорытынды – астын сыз)


Шартты белгілер: жоғары деңгей - 5 балл (4,6 – 5,0 б)

орта деңгей - 4 балл (3,6 – 4,5 б)

төмен деңгей - 3 балл (2,5 – 3,5 б)

өте төмен деңгей - 2 балл (2,0 – 2,4 б)



KYЗ

Сабақ мақсаты: күз ерекшелігі туралы түсініктерін молайту; түрлі- түсті айыра білуге; жеміс- көкөністерді сипаттауға, жұмбақтауға жаттықтыру; сөйлегенде сын есімдерді қолдана білуге жаттықтыру; тілін, ойлау қабілетің, шығармашылық қиял сезімдерін дамыту, жағымды эмоциялық сезімдерін тәрбиелеуге көңіл бөлу.

Көрнекілік: қуыршақ күз, күзгі атрибуттар, суреттер, жеміс- көкөніс суреттері, муляждары. Сабац барысы:

  • Бүгін бізге қонаққа жылдың бір мезгілі келеді. Бүл кезде:

Күн салцын болады. Жаңбыр жиі жауады. Жапырацтсір сап-сары болады. Гул солады. Қүстар үшып кетеді. Баңишда сабақ басталады. Айлары: кыркүйек, қазан, қараша.

  • Бүл қай мезгілде болады?

  • Осы кезде «жылап» күз көрінеді: - Мені бәрі жек көреді, сен суық, саз, көріксіз мезгіл дейді. Мүғалім: - Балалар, айтыңдаршы дұрысын, күздің суретін салыңдаршы (балалар атрибуттармен күзді суреттейді, әңгімелейді):

Сен жалгыз емессің:

Күз айлары- қыркүйек, қазан, қараша. Сенің жапырақтарың сары, сап-сары, қызыл, қып- қызыл. Сенің жаңбырың: тырс-тырс тамады, терезені ағады.




  • Әрине, күзім-ау, күзім-ау, мінезің бұзық- ау. Сонда да: күз, сен алтын, ғажап мезгіл. Біз күзді жақсы көреміз.

  • Руслан, не үшін күзді жақсы көресің?

  • Саша, сен не үшін күзді жақсы көресің? ....

Күз: Сендер мені жақсы жұбаттыңдар. Мынау менің сендерге сыйлығым- бағымның жемістері.

Мүғалім: Күз, біз сенің жемістерінді еңбектеніп алайық. Ал балалар, жұмбақты бастайық (баланың қолында жеміс не көкөніс суреті, ол суретін көрмейді, отырған балалар осы жемісті- көкөністі жұмбақтайды)

Бұл көкөніс. Домалақ, сары, ащы. Денсаулыққа пайда. (пияз)

Бұл көкөніс. Сопақ, сары, тәтті. Көзге, денсаулыққа пайдалы. Қоян жақсы көреді. (сәбіз)

Бұл жидек. Домалак, тәтті. Сырты жасыл, ала. Іші қызыл. (қарбыз)

«Қарбыз» ойыны

Ах, қандай қарбыз на грядке

Постучим к нему, достар

Тук-тук-тук, кіруге бола ма?



  • Жоқ, болмайды.

  • Неге?

  • Мен әлі тәтті емес.

Күз: Балалар, сендерге коп рақмет, ойындарың, жұмбақтарың, әңгімелерің мені өте қызықтырды. Менің де сендерге арнайы тапсырмам бар, үйде орындайсындар. Тапсырма: Қай киімдер, заттар, күзде қажет- жауабын қарындашпен белгіле. Мен енді кетейін. Қыс түскенше, жұмыстарымды бітіріп үлгірейін.


АПТА КҮНДЕРІ

Сабақ мақсаты: Апта күндері атауларына үйрету; сөз қорларын дамыту жұмысын жалғастыру; ойлау белсенділігін нығайту; үжымдық жүмыс істеуге дағдыландыру; тілге қызығушылық сезім демеу.

Көрнекілік: тақырыптык суреттер, кестелер, пиктограммалар, ертегі кейіпкерлер құралдары. қагаздар, қарындаштар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет