Методическое пособие практических занятий по казахскому языку для детей подготовительной группы и учащихся 1 классов «Я бы язык учить пошел- пусть меня научат»


Қосымша 6 «МЕН ҚАЗАҚ TIJIIH БІЛЕМІН» сайысы



бет4/13
Дата16.03.2017
өлшемі2,67 Mb.
#11650
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қосымша 6

«МЕН ҚАЗАҚ TIJIIH БІЛЕМІН» сайысы

(Әр команда құрамында балалар және олардың ата-аналары. Капитан рөлінде балалар)



Жүргізуші: Бүгін біз «МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛЕМІН» атты сайыстың көрермендері боламыз. Бұл сайысқа балалар ата-аналарымен бірге қатысады

САЙЫСҚА ТҮСІП ЖАРЫСПАЙ,

БІЛІМДІНІҢ БАҒЫ ЖАНАР МА?

Халық табиғаттың кез келген тылсым кұбылысын түсіндіру үшін оны бір нақты бейнеге

келтіреді. Соның бір көрінісі - қолдың төрт саусағы арқылы жыл мезгілдерін бейнелеуі.

Төрт саусақтағы буындар саны он екі, бұл-бір жылдағы ай сандарының көрсеткіші.

Демек , төрт саусақ жылдың төрт мезгілі :

Сұқ саусақ- наурыз, сәуір, мамыр

Ортан саусақ - маусым, шілде, тамыз

Аты жоқ саусақ - қыркүйек, қазан, қараша

Шынашақ - желтоқсан, қаңтар, ақпан
1. Сонымен, бірінші сұрақ: Аталған саусақтар қай жыл мезгілдеріне сай? (карточкада белгілеу)
2. Біздің сайысымыз әрі жалғасуда : Енді біздің сайыскерлеріміз өздерімен таныстырады.
3. Сергіту сәті: Қанша саусақтық санамақ білеміз?
4. Әр командадан 3 жұмбақтан (аңдар, жеміс-көкөністер, табиғат туралы)
5. Ең ақырғы тур: Капитандар сайысы. (жыл мезгілдері туралы шағын мәтіндерді оқу,

аудару - кезекпен - біреуі оқыса, екіншісі аударады, содан кейін алмасады)


6. Муз. үзіліс
(Жюри конкурстың нәтижесін хабарлайды)

Достық кездесу.

Сабақ мақсаты: балалардың белсенділігін. ойлау, есте сақтау кабілетін арттыру; тілін жаттыктыру; үш тілде сөйлеу қабілетін әрі дамыту; ұйымшылдықпен, достықпен еңбек етуге талпындыру; тілге деген кызығушылык сезімін демеу.

Көрнекілік: Ағылшын, Қазақстан тулары. екі маркерлік тақта, суреттер. асықтар. фонограмма, жазба тапсырмалар.

Әнұран орындалады. Ортада қазақ, ағылшын тілдерінің мұғалімдері:



  • Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде достық кездесуі өтеді (қазақша, ағылшынша. орысша)

  • Сегодня у нас пройдет международная встреча «Дружба».

  • Алыс Англияның қонақтарын қарсы алайық.

  • Қазақстандықтарды! (екі топ өз тілінде амандасады)

1 кезең. Ұйкас еөздер: Қайырлы таң.

Утро- таң,

Родина- Отаң....

(ағылш. ұйкас сөздер айтылады)



2 кезең. Танысайық (бір- біріне қарсы тұрып):

- Атың кім? Неше жастасың? Қайда тұрасың? Қайда барасың? (сұрағы қазақша, жауабы



ағылшынша)

  1. кезең. Бүгін Англияның ауа- райы қандай екен? Қазақстанда?

  2. кезең. Отбасыларыңда кім бар? Қайда жұмыс істейді? (жауабын кезекпен айтады)

  3. кезен. Енді біз қонактардан ән естісек. Хотели бы от гостей услышать песню? (Ағылшын өлені)

  4. кезең. Біз қазақстандықтар ұлттык асық ойынын көрсетейік. бірге ойнайық (кезекпен, әр қайысы өз тілдерінде тұр, кел, ал, лақтыр сөздерін пайдалана).

  5. кезең. Енді тамаққа көшейік. Теперь перейдем к еде. Біздің қонақтар не ұнатады? Ал, қазақстандықтар? (тамақ кестесі бойынша, сүйікті тамақтарын белгілейді, сөйлем құрастырады)

Қазіргі заман талабы - үш тіл білу. Требования нашего времени- знание трех языков. Осыған біз дайын ба?



    1. тапсырма: аударма «Қай мезгілде болады?» (ағылшындар оқиды. қазақстандықтар аударады, содан кейін керісінше. Аудармадан кейін жыл мезгіліне сәйкес суретті таңдап алады)

Сергіту сәті: ағылшын өлеңі (барлығы қосылып айтады)

    1. тапсырма: Бізді тағы бір сұрақ күтіп тұр. Мына сөздерден қанша жаңа сөз жасауға болады?


БАЛАБАҚША БАЛМҰЗДАҚ

бал бал


ал ал

бала мұз


ала ақ

бақ дақ

ақша

бақша

- Тамаша, бәрекелді! Бұл тапсырма да орындалды.

Қорытындылау. Біздің халықаралық достық кездесуіміз аяқталды. Әрдайым оқуда алда болуларыңа тілектеспіз!

КЕМЕДЕГІ САЯХАТ.

Сабақ мақсаты: Үйренген білімдерін жүйелеу, қорытындылау; сұрақтарға толық дұрыс жауап беру дағдыларын бекіту; сөйлеу үлгілерін қалыптастыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; қазақ тіліне сүйіспеншілік сезім тәрбиелеу.
Көрнекілік: капитан мостигі, матрос кепкасы, ауа-райы пиктограммасы, мамандар суреттері (билет ретінде), отбасы. күн тәртібі суреттері, маркерлік тақта, магнит, жеміс- көкөніс суреттері, себетте көкөніс- жеміс муляждары.
Сабақ барысы:

Сәлеметсіндер ме, балалар! Қайырлы таң. Бүгінгі біздің саяхатымыз кемеде өтеді. Ең бастысы ауа-райын біліп алайық. (кезекпен ауа- райын белгілейді, әнгімелейді- пиктограмма бойынша) -Бүгін күн шуақты. Аспан таза. ашық. Бұлтсыз. Жел, жаңбыр жоқ. Жер таза, құрғақ. Ауа- райы жылы, тамаша.

- Сонымен ауа-райы да саяхатқа шақырып тұр.
- Бірақ кемеде бүгін капитан жоқ. Бізге өзімізден капитан сайлау керек.

Плыл по морю чемодан

Чемодан да- капитан

1-2-3-4-5- ойнауга шық, капитан,

(әндете) Ал, капитан, баста алға

Бәрімізді басқар да

Алақай, біз кеттік

Жүрісті үдеттік

Біздің кеме гүілде

Қалып қойма біріңде.

Капитан «жолаушыларына» билеттер таратады. (билетте мамандар суреттелген. Капитан каюталарына «шолу» жасайды).

1 каюта: Құрметті жолаушылар, сендермен танысайын.

- Атың кім?

- Неше жастасың?

- Қайда тұрасың?

- Мамандығың кім?

2 каюта: Құрметті жолаушылар, күн тәртіптерің қандай?

Жолаушылар жауабы: Мен ерте тұрамын. Жуынамын, тіс тазалаймын. Балабақшаға барамын. Дене шынықтыру жасаймын. Тамақ ішемін. Сабақ оқимын. Содан кейін: ойнаймын, секіремін, жүгіремін, билеймін, ұйықтаймын. (Суреттерді көрсете)

3 каюта: Ал сендер, жолға қандай жеміс-көкөніс алдындар? Мынау не? Қандай? (жеміс- көкөністін атауын, түсін, формасын, дәмін атайды)

Қандай болды? Қазір кандай?- ойыны

Алма: қазір үлкен, кызыл, тәтті.

Болды- кішкентай, жасыл, қышқыл.

(Басқа жемістермен ойынды осылай жалғастырады).


4 каюта: Бұл каютада тек қана «батырлар» отыр. Кәне, шын ба екен, көрейік.

«Батыр» ойыны: - Көлге барасың ба?



  • Барамын.

  • Шөлге барасың ба?

  • Барамын.

  • Қорықпайсың ба?

  • Жоқ.

(«жүргізуші» балалардың көздерінің алдынан шапалақтайды, көзін жыпылықтатпаған бала «батыр» болып саналады)

5 каюта: Осындай ақылды, білімді, көңілді, батыр балалардың шыққан жері, отбасы қандай екен? (суреттер бойынша әңгіме)

- Осымен бүгінгі саяхатымыз аяқталды. Әрине, кемеде қызықты болды. Бірақ-та, біздің талай қызықтарымыз әлі алда.


МЕН МЕКТЕПКЕ БАРАМЫН

Сабақ мақсаты: Жыл бойы алған білімдерін тиянақтау, бекіту; деңгейлік тапсырмалар арқылы білімділігін әрі жаксартуға жағдай туғызу.

Сабақ түрі: нәтиже сабақ.

Көрнекілік: пиктограмма-тапсырмалар, жазба сөздер, мәтіндер, сөзжұмбақ, сауалнама, себет.

Сабақ барысы: ҚҰТАН үшып кіреді-тұмсығында әдемі себет:

Тыңдандар, тыңдаңдар,

А йтпады демеңдер

Бәрің асығыңдар!

Мектеп шақырады

Тапсырмаларды орындағандарды

Қуана қарсы алады.

Кел, бала, сабақ баста, тыңда, жатта, ойна, сөйле !

(себетті, ішіндегі тапсырмаларымен тастап, құтан ұшып кетеді)

МҮҒАЛІМ: Бізді мектеп шакырады. Дайын екенімізді көрсетейік.

(шеңбер кұрып ) Бір тұрмыз- қол қолда

Біз бірге үлкен бау

Үлкен боламыз

Кішкентай боламыз, бірақ

Жалғыз болмаймыз.

Каталог: download -> umnpk -> teacher -> 1 4 school
1 4 school -> Сабақтың тақырыбы: «Екі дос» Сабақтың мақсаты
1 4 school -> Шопаева Саяш Дуанбековна қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тренинг сабақ
1 4 school -> 92 гимназия 3 «А» сынып жетекшісі Тлеубергенова Жанар Сайлаукызы Пән қазақ тілі Тақырыбы
1 4 school -> Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың, тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу.Қайталау
1 4 school -> Сабақ тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары. Мақсаты: Еуразия материгіндегі табиғат зоналарының ерекшеліктерін
1 4 school -> А. М. Акмагамбетова
1 4 school -> Мақал – сөз мәйегі (4-сынып оқушылары арасындағы мақал-мәтелдер сайысы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет