Талдау және бағалау:
Мынадай сұрақтар қойып, ойынды талдап шығыңыз:
Бұл ойында сізге не ұнады?
Несіз күн көре алатыныңызды қалай шештіңіз? Басты нәрсе не болды?
Кейбір шешімге келу қиын болды ма? Олар қандай шешімдер?
Топта нені қалдыру және нені борт сыртына тастау жөнінде келіспеушіліктер болды ма? Бұл келіспеушіліктерді қалай шештіңіздер?
Адамдардың қажеттіліктері бірдей ма екен? Кімнің қажеттіліктері басқаша?
Өзіңіздің соңғы таңдауыңыз туралы не ойлайсыз? Жаңа елде өмір сүре алар ма едіңіз? Онда қалыпты өсіп, дами алар ма едіңіз?
Тобыңыз борт сыртына не тастау қажет екенін қалай шешті?
Қорытынды нәтиже сізді таң қалдырды ма?
Егер осы ойынды қайта ойнау қажет болса, қандай заттарды борт сыртына тастар едіңіз?
Адам құқықтары адам қажеттіліктеріне: әр адамның тірі қалуына, қалыпты өсуіне және дамуына, лайықты өмір сүруіне қажет заттарға негізделгенін атап айтыңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз:
Сіздің тірі қалуыңызға қажет затыңыз бар ма?
Сіздің өсуіңізге және дамуыңызға қажет зат бар ма?
Сіз қандай заттардың болғанын қалар едіңіз, бірақ оларды бірінші кезекті заттар емес деп шештіңіз?
Барлық адамдарға адам құқықтарының барлығы қажет екенін айтыңыз! Кейбірі тірі қалу үшін қажет заттар, мысалы, тамақ, медициналық көмек, таза су және баспана. Қалғандары жақсы өмір сүріп, даму үшін қажет бірінші кезекті заттар. Тірі қалу - жеткіліксіз. Мынадай сұрақтар сұраңыз:
Олардың болғанын қалаған, бірақ тірі қалу үшін тастауға болатын заттар қандай карточкаларда жазылған?
Бізге тірі қалу үшін қажет заттар қандай карточкаларда жазылған?
Бізге қалыпты өсуімізге және дамуымызға қажет болуы мүмкін заттар қандай карточкаларда жазылған?
Сізде _________ болмаса, мына жаңа елде не болуы мүмкін? (карточкалардың ішінен бірнеше мысал келтіріңіз.)
Достарыңызбен бөлісу: |