2. Ұйымдастырушылық саты. Оқытушының міндеті – оқушының тапсырманы жақсы орындауы үшін талап қоюды (жеке қабілеті мен жеке қасиеттерін ескере отырып), оны өз бетімен ізденуге қызықтыруды қамтамасыз ету.
Бұл сатыда кейбір балалар өз-өзімен күресу жағдайын басынан өткереді, бір жағынан жұмысты міндетті түрде орындау қажеттілігі, екінші жағынан міндеттерді іске асыру үшін жағдайдың болмауы. Психологтар мен педагогтар осы жағдайды төрт тұрғыдан қарастырады: қабілеттің жетіспеушілігі, тапсырманың қиындығы, әр кезде жолдың бола бермеуі, жігердің әлсіздігі. Бастапқы екі жағдайды оқытушы алдын ала ескеруі мүмкін, тапсырманы оқушының жеке қабілетіне қарай таңдаған дұрыс.
Қабілеттілікке, сәттілікке және тапсырманың қиындығына қарағанда жігерлілік бақыланатын фактор болса, сәттілік сыртқы жағдайдың ыңғайына қарай болады. Сәйкесінше жігерлілік немесе өзін-өзі ұйымдастыру жұмыстың нетижесін жақсартуға мүмкіндік беретін дербес бақыланатын әрекет болып табылады. Бұл жерде міндетті түрде оқытушының көмегі керек, нақтырақ айтқанда баланың жұмысқа дұрыс кірісуіне, жалығуын, шаршағандығын, сенімсіздігін жоюға көмектесетін арнайы ұйымдастырған жағдайы қажет.
Нақты жағдайлар табыстылық жағдайының бірнеше тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Әдетте оларға тапсырманы түсіну, эмоциялық жағынан жеңілдеу, оқушылар сурет-әсемхатта көрсеткісі келген балалардың құқын қорғау туралы Конвенциядағы баптарды, жағдайды, сюжетті, кейіпкерді және нақты бір құқықты өз бетінше таңдауы, оқушының таңдауы бойынша тапсырманы ауыстыру, оқытушыға немесе өзінен анағұрлым мықты оқушыға өтініш білдіру, «ойға салу» (үлгілерді пайдалану) және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |