5.Дұшпанға тастай қатты бол,досңа балдай тәтті бол(мақал)
6.-Түндікті жауып,есікті түріп қойшы!
7.Жылай-жырлай өлгенде арттағыға сөз қалсын!
Бұйрықты сөйлем дегеніміз – бір нәрсені бұйыру, іске қосу, кеңес беру, тілек-өтініш білдіру мақсатында қолданылатын сөйлемді айтамыз.
Бұйрықты сөйлем бірде хабарлы сөйлемге жуық интонациямен,бірде лептік интонациямен айтылады.
-Соған байланысты леп белгісі не нүкте қойылады.
Тыйым дегенді “мынау жаман”, “ескіліктің қалдығы” деп түсінбеген жөн. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы осы тыйым сөзбен балаларын тәрбиелеп отырған. Ол әшейін жай ғана “сөйтпе-бүйтпе” емес, оның әрқайсысының астарлы мағынасы бар.
Тыйым дегенді “мынау жаман”, “ескіліктің қалдығы” деп түсінбеген жөн. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы осы тыйым сөзбен балаларын тәрбиелеп отырған. Ол әшейін жай ғана “сөйтпе-бүйтпе” емес, оның әрқайсысының астарлы мағынасы бар.
- Сүт төксең, ырысың төгіледі.(ырысы төгілу – жоқшылық)
- Неге өтірік жылама дейді?
- Өтірік жыласа, жаман болады.(жаман болады – қайғы)
Ситуациялық жағдай: «Тығырыққа тірелгенде».
Жауап бұйрықты сөйлем арқылы берілу керек.
1. Сынып жетекшіңіз тез келсін деп шақырды. Жүгіріп келсеңіз ашуланып тұрған сынып жетекшіңіз сіз мүлде ұқпайтын бір оқиға туралы сізге ұрса жөнелді. Сіз не істейсіз?
2. Қоңыраудан соң сыныпқа кірсең сөмкеңдегі ұялы телефоның жоғалған. Өз сыныбыңыз 8-сынып. Қоңырауда тастап кеткен өзіңіз. Сіз сыныпқа кіргенде ешкім жоқ. Не істейсіз?
3.Сіз жайбарақат сабақ жазып отырсыз. Сабаққа сирек келетін оқушының бірі әй-шәй жоқ ентелеп келіп, үшінші партада отыған сізге келіп жағаңыздан алып жанжалдаса бастады. Сіздің реакцияңыз…..
№
Мысалдар
Хабарлы
Сұраулы
Лепті
Бұйрықты
1
Жиналыс басталды ма
2
Аспан шайдай ашық
3
Бұл – Байжанның талай келген үйі
4
Сізде де арман бар ма екен
5
Қане, жігіттер аттарыңды қамдаңдар
6
Сонша малға жерді қайдан таппақсың
7
Баяндамашыға сұрақ бар ма
8
Түн жым-жырт
9
Ойбай-ау,кеше мен осылай деп пе едім
10
Келші, қалқам менің қасыма отыршы
1. Бұйрықты сөйлемді анықтаңыз.
A) Қазақ жері кенге бай. B) Бұл қандай көл.
C) Елдің бірлігі, ынтымағы нығая берсін.
D) Күн қандай тамаша.
E) Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
2. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Теңге үнемді сүйеді. В) Ақша-халық байлығы.
С) Тиыннан теңге құралады. Д) Теңге ұлттық-валюта.
Е) Ақшаны үнемдей біл.
3. Бұйрықты сөйлемдi көрсетiңiз.
А) Баянауылдың көркi қандай, шiркiн!
B) Ауылға әншiлер келдi С) Мен шебер болар ма екенмiн?
D) Осы жағдай сенiң есiнде болсын
Е) Көкiрегiнде көзi бар
4. Бұйрықты сөйлемді көрсет.
А) Жаздыгүні сендер Астанаға барасыңдар
В) Сен ертең ерте тұр, сабаққа кешігіп қаласың!
С) Мұғалім әдетте сабақты қызықты жүргізеді
D) Әрқашан да күн сөнбейді
Е) Сен Түркияда аз ғана уақыт боласың ба?
5.Әсет ,дүкеннен сүт алып кел . Сөйлемнің түрін анықта.
а) жақсыз сөйлем в) толымсыз сөйлем
с) құрмалас сөйлем д) атаулы сөйлем
е) бұйрықты сөйлем
6. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тіл-сарқылмас ғылым.
B) Ақылды адам айтқызбай біледі.
C) Дұшпанға тастай қатты бол.
D) Япырым-ау, қайда сол күндер. E) Көп алғысы көгертер.
7. Бұйрықты сөйлем қандай мағынада қолданылады, табыңыз.
A) Талап ету. B) Көңіл күй білдіру. C) Жалыныш.
D) Сұрау. E) Хабарлау.
8. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Уа, туған жер, маған да бір қарашы! В) Сен кеше келдің бе? С) Туған жер Д) Алматыда қатты жауын болды.
Е) Мен демалайын, жұмысқа сен бар
9. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
А) Балам , жөніңді айт
В) Ойбай-ау,кеше мен осылай деп пе едім
С) Келші, қалқам менің қасыма отыршы
Д) Қандай тамаша көл Е) Түн жым-жырт
10. Бұйрықты сөйлемді тап
А) Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен В) Сүйіп істеген іс шаршатпайды. С) Мәуелі ағаш майысқақ.