Оқушыларға арналған тапсырма (жауаптары бар карточкалар)
№1-карточка. Топ мүшесі ән салып сайран жүр. Өкінішке орай ол үнемі ән салып жүреді. Кейбіреулері бұған қарсы емес, ал кейбіреулері одан жалыққанын айтады.
а) сіз оған кедергі жасамай, оған әрі қарай ән айтуына жол бересіз;
ә) басқалар қасында болған кезде ән салмауын талап етесіз.
№2-карточка. Бірнеше адам, әсіресе, отырған кезде зақымданған адамдар баяу жүріп келеді. Сіз мұндай жүріспен тобыңыздың көздеген жерге тамақтары таусылмай жететініне күмәндісіз.
а) сіз жүру жылдамдығын солардың жылдамдығына дейін азайтып, басқалардың өміріне қауіп келтіресіз;
ә) оларды ажал аузына тастап кетесіз.
№3-карточка. Топты кім басқарады деген мәселеде қарама-қайшылықтар пайда болды. Егер топтың әр мүшесінің пікірін тыңдасаңыз, көп уақыт кетеді.
а) сіз әркімнің өз пікірі үшін дауыс беруіне құқық бересіз;
ә) сіз топтың шешімді жылдам қабылдайтын бір көшбасшысына ғана дауыс бересіз.
№4-карточка. Мінезі қиын баласы бар отбасы мүшелері оған дұрыс қарай алмайтындарын мойындайды. Бала қиналып жүр.
а) сіз ол отбасыға бұл мәселені шеше алатын адамды көмекке бересіз;
ә) отбасыға бұл мәселені өзі шешуіне құқық беріп, ештеңе істемейсіз.
№5-карточка. Топта нәресте дүниеге келді. Ол сырқат, егер топ қозғалысын жалғастырса шетінеп кетуі мүмкін.
а) сіз топты нәрестелі ана жолға шығуға дайын болғанша кідіртесіз;
ә) баланың тірі қалатынына үміттеніп, жолды жалғастырасыз.
№6-карточка. Қарт әйел хал үстінде жатыр. Оның қолында қызы дәметкен көп азық-түлік бар екені анықталды.
а) сіз қызына бұл азық-түлікті сақтауға рұқсат етесіз;
ә) жалғыз өзі тұтынбас үшін, азық-түлікті беруін талап етесіз.
№7-карточка. Топ жолында ашық жасыл түсті сұйықтығы бар тоған кездеседі. Сұйықтың сергітетін қасиеті бар, алайда оны көп мөлшерде ішіп алғандар қалғып келеді.
а) топқа осы сұйықтықты ішуге рұқсат бересіз;
ә) тыйым саласыз
№8-карточка. 14 жастағы жеткіншек топтың қозғалуына кедергі келтіріп, тәртіпсіздік көрсетуде. Ата-анасының оған шамасы келмей келе жатыр, басқаларға да рұқсат етпейді.
а) ата-ананың қалауына құрметпен қарайсыз;
ә) оны тыныштандыруын талап етесіз.
№9-карточка. Топ жетекшілерінің бірі сырқаттанып қалды, оған қан құю қажет. Топтың басқа мүшелерінде оның қан тобы табылды, алайда олар ауру жұқтырып алудан қорқып ерікті болғысы келмейді.
а) қанын бергісі келмегендерді солай қалдырасыз ба;
ә) өте қажет болғандықтан күшпен мәжбүрлеп бергізесіз.
№10-карточка. Бір адам топ жетекшілерінің басқаруына көнгісі келмейді. Оның мұндай қылығы топ мүшелері арасында іріткі салуда.
а) сіз оның мұндай қылығына көнесіз;
ә) оның сөйлемеуін сұрап, топтың басқа мүшелерінен бөліп тастауға тырысасыз.
№11-карточка. Топ мүшелерінің бірі оған жүктелген тапсырмаларды орындаудан бас тартады. Ол мұның бәрі бекер дейді. Ол болған оқиғаға қатты қынжылады.
а) сіз одан ештеме талап етпей, күйзелістен шығуына көмектесіз;
ә) жұмыс істемесе жазалаймын деп қорқытасыз.
№12-карточка. Екі қарт жұбайлар өздерінің топты кідіртіп келе жатқандарын сезіп, оларды тастап кетулерін сұрайды.
а) оларға жүруге көмектесесіз;
ә) жұбайлардың ұсынысын қабыл аласыз.
№13-карточка. Азық-түлік қоры үшін жауап беретін адамыңыздың бұрын алты жыл ұрлық үшін отырғанын естисіз. Бірақ бұған дейін ол өз міндетін жақсы атқарып келген.
а) сіз оған сеніп, жұмысын жалғастыруға ерік бересіз;
ә) тәуекелге бармай-ақ, жұмысты басқа адамға тапсырасыз.
№14-карточка. Топтың екі мүшесі арасында дау шықты. Кешке олар мұны жұдырықпен шешпек ойлары бар.
а) сіз оларға жұдырықтасуға ерік бересіз;
ә) топтың басқа мүшелері қосылып кетпес үшін, төбелесті тоқтатасыз.
№15-карточка. Планета ауа-райы өте салқын. Зардап шеккен жолаушылардың кейбіреулері кеме қираған кезде өздерінің жылы киімдерін жоғалтып алған.
а) басқаларға өз киімдерін бәрібір ескіреді деп өздерінде қалдыруға ерік бересіз;
ә) барлығының өз киімдерімен бөлісуін талап етесіз.
№16-карточка. Ұрлық болды. Бір әйел басқа адамның сөмкесінен тамақ ұрлап жатқан жерінен ұсталды.
а) сіз оны бүкіл сапар бойындағы осы жалғыз қылмысы үшін жазаламайсыз;
ә) басқаларға сабақ болсын деп, оны жазаға тартасыз.