Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару


Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және стандарттау түрлері



бет23/31
Дата03.03.2022
өлшемі147,61 Kb.
#134249
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
Лекции МССУК-Каз 111 (1)

Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және стандарттау түрлері


Стандарттау процесінде стандарттау объектіне қатысты нормалар, ережелер, талаптар, сипаттамалар жасалады. Олар нормативтік құжаттар түрінде рәсімделеді.
Стандарттау бойынша халықаралық ISO/МЭК ұйымының басшылығы келесі нормативтік құжат түрлерін (НҚ) ұсынады:

    • техникалық шарттар стандарттары;

    • стандарттар;

    • ережелер жинақтары;

    • регламенттер (техникалық регламенттер);

    • тұжырымдамалар.

Белгілі салада реттеудің тиімді дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған, танылған органымен бекітілген, келісушілік негізінде дайындалған нормативтік құжат стандарт деп аталады. Стандартта жалпы және бірнеше рет қолдану үшін қызметтердің түрлеріне және олардың нәтижелеріне қатысты негізгі принциптері,иережелері,исипаттамалары орнатылады.
Стандарт ғылыми зерттеулердің, техникалық жетістіктердің және практикалық тәжірибелердің қорытындыланған нәтижелеріне негізделген болуы қажет, сонда оны қолдану қоғам үшін тиімді пайда әкеледі.
Ең алдымен стандарттау органы алдын ала (уақытша) стандарт қабылдайды және оны потенциалды тұтынушылардың көпшілігіне, сондай-ақ оны қолдана алатындарға жеткізеді. Осы құжат туралы пікірлер стандарттың орындылығы туралы шешім қабылдау үшін негіз болады.
Стандарттар категориялары: халықаралық, регионалдық, ұлттық, әкімшілік-аумақтық. Олар тұтынушылардың кең көлемі үшін тағайындалады, яғни жалпыға қолжетімді болып табылады.
Стандарттар түрлері: негізді стандарт, терминдік стандарт, сынау әдістерінің стандарты, өнім стандарты, процесс стандарты, қызмет стандарты, үйлесімділік стандарты.
Техникалық шарттар құжаты (ТШ) өнімге, қызметке, процеске техникалық талаптарды орнатады. Әдетте ТШ құжатында әдістер немесе процедуралар көрсетіледі қажет, оларды қажет болатын жағдайларда осы нормативтік құжат талаптарының сақталуын тексеру үшін пайдалану керек.
Техниклық шарттар сияқты ережелер жинағы дербес стандарт немесе дербес құжат, сондай-ақ стандарттың бөлігі болуы мүмкін. Әдетте, ережелер жинағы жобалау, жабдықпен құрылымдарды құрастыру, техникалық қызмет қөрсету немесе объекттерді, құрылымдарды, бұйымдарды пайдалану процесі үшін жасалады.
Барлық жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттар кепілдемелік
болады.
Міндетті құқықтық нормалардан тұратын құжат регламент деп аталады. Басқа нормативті құжаттарды стандарттау органы қабылдаса, регламентті билік органы қабылдайды.
Техникалық регламент регламенттің өзгеше түрі; мұнда стандарттау объектісіне қойылатын техникалық талаптар орнатылады. Бұл талаптар құжаттың өзінде немесе басқа НҚ сілтеме түрінде ұсынылуы мүмкін. Кей бір жағдайларда техникалық регламентке толығымен нормативтік құжаттар қосылады. Әдетте техникалық регламенттер өнімнің, тауардың, қызметтердің регламент талаптарына сәйкестігін тексеру немесе бақылау әдістері бойынша нұсқаулықтар және әдістемелік құжаттармен толықтырылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау бойынша нормативтік құжаттар
«Техникалық реттеу туралы» заңымен орнатылған (2004 ж.) [12]: а) халықаралық стандарттар;
б) техника-экономикалық ақпараттың регионалды стандарттары мен классификаторлары, стандарттау бойынша ережелер мен кепілдемелер;
в) Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттік стандарттары және классификаторлары;
г) ұйымдар стандарттары;
д) Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша кепілдемелері;
е) ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық- экономикалық ақпараттың классификаторлары, шет мемлекеттердің стандарттау бойынша ережелері, нормалары және кепілдемелері.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет