Дәрісмазмұны: стандарттау бойынша ұйымдар.
Дәріс мақсаты: халықаралық стандарттау ұйымдарының құрылымын, функциялары мен есептерін оқу.
Жалпы стандарттау бойынша бірінші халықаралық ұйым – ұлттық ұйымдардың Халықаралық ассоциациясы 1926 ж. құрылған, бірақ 1939 ж. екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін ыдырады.
Қазірдегі стандарттау бойынша Халықаралық ұйым – ISO (International Organization for Standardization, ISO) 1946 ж. 25 елмен құрылды. ISO ұйымының қызмет саласы электротехника мен электроникадан басқа барлық салалардан тұрады.
Электротехника мен электроника салаларындағы стандарттаумен Халықаралық электротехникалық комиссиясы (International Electrotechnical Commission - IEC) айналысады. Кейбір жұмыстарды ISO мен IEC бірге орындайды.
ISO есептері: тауарлар мен қызметтермен халықаралық алмасу, және интеллектуалды, ғылыми-техникалық, экономикалық салаларында ынтымақтастықты дамыту мақсаттарымен әлемдегі стандарттау және жапсарлас қызметтерінің дамуына жәрдемдесу. ISO стандарттары өнімдер мен қызметтер қауіпсіз, сенімді жане сапалы болатынына кепілдік береді. Бизнес үшін шығындар мен қателерді минимумдау және тиімділікті жоғарлатудың олар стратегиялық құралы болады. Осы стандарттар компанияларға жаңа нарықтарға қол жеткізу, дамитын елдерге бірдей шарттарды қамтамасыз етуге, еркін және әділетті халықаралық саудаға көмектеседі. ISO стандарттары дуниежүзіндегі мамандармен жасалады, сондықтан олар халықаралық тәжірибе мен білімдерді көрсетеді.
Қазіргі кезде ISO-ға 162 ел уәкілдері кіреді, оның құрамында стандарттарды құрастыратын 3368 техникалық органдары бар, 151 адам ISO- ның Орталық хатшылығында (Женева, Швейцария) жұмыс жасайды.
ISO-ның жоғарғы басшылығы Бас ассамблея болып табылады, ол үш жылда бір рет өткізіледі. Тікелей басшылықты ISO Кеңесі орындайды. Негізгі үйлестіруші жұмыстар 7 негізгі комитеттерде өткізіледі: СТАКО (STAKO - Standard Commitee)– стандарттаудың ғылыми принциптерін оқу комитет, ПЛАКО (PLACO - Planning Committee) - техникалық бюро, КАСКО (CASCO - Committee on conformity assessment) – сәйкестікті бағалау комитеті, ИНФКО (INFCO- Information Committee) - ғылыми-техникалық ақпарат бойынша комитеті, ДЕВКО (DEVCO — Committee on developing country matters) – дамушы елдерге көмек беру комитеті, КОПОЛКО (COPOLCO - Committee on consumer policy)– тұтынушылардың мүдделерін қорғау комитеті, РЕМКО (REMCO - Committee on reference materials) – стандартты үлгілер комитеті. Халықаралық стандарттарды жасаудың тікелей жұмысын техникалық комитеттер мен кіші комитеттер орындайды. Олар жұмыс топтарын құра алады. ISO ұғымының ресми тілдері ағылшын, француз, орыс. ISO 19000 астам стандарттар құрастырды, жыл сайын 500-600 стандарттар әзірленеді, өңделеді. Орыс тіліне барлық стандарттардың 70% астам аударылған.
ISO халықаралық стандарттары барлық мүше елдер үшін міндетті статусы жоқ. Әр ел оларды қолдануларына немесе қолданбауларына болады. Қазақстанда ISO стандарттарының жартсысы қолданылады. Стандарттардың тек қана 20%-да белгілі өнімдерге талаптар орнатылған. Стандарттардың көбісі қауіпсіздік, өзара алмасушылық, техникалық сәйкестік, өнімдерді
сынаудың әдістерін және жалпы методологиялық сұрақтарын қарастырады.
Халықаралық электротехникалық комиссия (IEC) 1904 ж. 13 елдің конференциясында құрастырылды. Осы елдердің ынтымақтастығының басталуының мерзімі – 1881 жыл. IEC бірінші салалық стандарттау бойынша халықаралық ұйым болып табылады. IEC электротехника, электроника, радиобайланыс, аспап жасау салаларындағы стандарттау есептерін қарастырады. IEC 1946 жылдан бастап ISO құрамындағы бірінші автономдық ұйымдастыру. Барлық мүше елдердің ұлттық комитеттері IEC-тің жоғарғы басқару органын - Кенесті құрастырады. IEC-тің негізгі үйлестіруші органы – Әрекет комитеті. Ол жұмыстың жаңа бағыттарын дамытудың қажеттіліктерін анықтайды, әдістемелік құжаттарды жасайды, басқа ұйымдармен ынтымақтастық сұрақтарын шешуге қатысады. Кеңестің тапсырмаларын орындайды.
IEC стандарттарын екі түрге бөлуге болады – салааралық болатын жалпы техникалық, және белгілі өнімге талаптардан тұратын техникалық с.тандарттар Жыл сайын IEC халықаралық стандарттау бойынша 500 астам тақырыптарды қарастырады. IEC 2000 астам стандарттарды қабылдады. ISO–ның стандарттарына қарағанда бұл стандарттар нақтылау болып табылады. ISO-мен бірге IEC сынау зертханаларының және әдістемелік сұрақтарының стандарттау, сертификаттау, аккредитациялау ISO/IEC Нұсқаулықтары мен директиваларын жасайды.