Дәл өлшеулердегі қателіктерді бағалау және есепке алу
Дәл өлшеулер жүйелік қателіктер бола алмайтындай жүргізілуі қажет. Кездейсоқ қателіктер теориясы тәжірибелік мәліметтерінде негізделген екі аксиоманы қолданады.
Кездейсоқтықаксиомасы: өлшеулердің саны көп болғанда шамалары тең, бірақ таңбалары әртүрлі кездейсоқ қателіктер біркелкі жиі кездеседі, теріс қателіктер саны оң қателіктер санына тең болады.
Таралуаксиомасы: үлкенге қарағанда шағын қателіктер жиірек болады, өте үлкен қателіктер кездеспейді.
Кездейсоқ шаманы, сондай-ақ, кездейсоқ қателікті толық сипаттайтын оның таралу заңы. Кездейсоқ шаманың таралуының әртүрлі заңдары бар. Өлшеу тәжірибесінде кездейсоқ қателіктер таралуының жиі қолданылатын заңдары қалыпты және бір қалыпты заңдары болып табылады.
Бірқатар бақылаулар негізінде өлшеулер нәтижесінің қателігінің ықтималдық бағалау.
Бақылау нәтижелерін өңдеудің мақсаты - өлшенетін шаманың шындық мәнінің орнына қабылдануы мүмкін болатын нақты мәнін және нақты мәнінің шындық мәніне жақындығын анықтау. Нақты мән қайтсе де кездейсоқ қателіктен тұрады. Сондықтан нақты мәннің шындық мәнге жақындық дәрежесін ықтималдылық теориясы көз қарасы жағынан бағалау керек. Осындай бағалау сенімділік интервалы болып саналады.
Берілген сенімділік ықтималдықпен кездейсоқ қателік мәні түсетін интервал кездейсоқ қателіктің сенімділік интервалы болып табылады. Егер кездейсоқ қателіктің таралу заңы және осы заңның сипаттамалары белгілі болса, сенімділік интервалын анықтауға болады.
Өлшеулер дәлдігін көрсетудің негізгі түрлерінің бірі сенімділік интервал болып табылады. Мемлекеттік стандарттар бойынша өлшеу нәтижесін көрсетудің келесі формасы қолданылады
𝑥; 𝛥: 𝛥т− ден𝛥ж− гадейин; Р (4.1) мұнда 𝑥– өлшеу нәтижесі (орта арифметикалық мән);
𝜟, 𝜟т, 𝜟ж– өлшеудің абсолютты қателігі мен оның төменгі және жоғарғы
шектері;
Р – қателік осы шекараларда болатынының сенімділік ықтималдығы. Ықтималдық теориясында кездейсоқ қателіктің қалыпты таралу заңы
үшін келесі 𝑥−𝑥олш
𝜎
шамасы математикалық күтімі МК=0және дисперсиясы D
=1болатын қалыпты заңымен таралған Zpкездейсоқ шама, ал 𝑥−𝑥олшшамасы
𝑆
- Стьюдент заңы бойынша таралған tpкездейсоқ шама болып табылады.
Zpжәне tpүшін кестелер құрастырылған, осы кестелер бойынша Р сенімділік ықтималдығымен сенімділік интервалының т, жшекараларын анықтайтын сәйкесті Zpжәне tpмәндерін табуға болады.
𝑛 → ∞ болса, онда 𝑆 → 𝜎, яғни nбақылау саны өскенде Стьюдент таралу заңы қалыптыға жуықтайды (практикада n > 30 шамалар үшін tpмәні Zp-ға теңеседі). Өлшеу тәжірибесінде сенімділік ықтималдықтың әртүрлі мәндерін қолданады: Р = 0,90; 0,95; 0,98; 0,99; 0,9973 және 0,999.
Қалыпты таралу заңын қолданғанда көбіне сенімділік ықтималдылығы 0,9973 болатын -3 -дан +3 дейінгі сенімділік интервалын пайдаланады. Бұл сенімділік ықтималдығы 370 кездейсоқ қателіктердің орташа алғанда тек біреуі ғана 3 мәнінен асатынын білдіреді.
Тәжірибеде жекелеген өлшеулердің саны бірнеше ондағаннан үлкен болуы сирек кездеседі, сондықтан «3 сигма заңын» қолданады: қалыпты заң бойынша таралған барлық мүмкін болатын өлшеулердің кездейсоқ қателіктері практикалық тұрғыда 3 абсолют мәнінен артпайды.
Орындалған өлшеулерді талдаудың ең соңғы мақсаты - өлшенетін шаманың 𝑥1, . . . . , 𝑥𝑛бір қатар мәндерінің бақылаунәтижесініңқателігін анықтау; өлшеудің соңғы нәтижесі ретінде қабылданатын олардың орта арифметикалықмәнініңқателіктеріжәне қателіктердің салыстырмалы жиілігі мен ықтималдығын анықтау.
Бақылау нәтижесінің қателігін (дәлдігін) бағалау.
Бақылау нәтижесінің σ орта квадраттық ауытқуы бақылау нәтижесінің дәлдігінің бағасын көрсетеді. Бақылау нәтижесінің кездейсоқ ауытқуының бағасының дәлдігі және сенімділігі туралы толық түсінік алу үшін сенімділік шекаралары, сенімділік интервалы және сенімділік ықтималдығы көрсетілуі қажет. Белгілі σүшін сенімділік шекаралары мына түрде көрсетіледі: төменгі шегі (-σ), жоғарғы шегі (+σ) (қысқартылып ), бұл шектерден тыс Р=0,683 ықтималдығымен (немесе 68,3%) (𝑥𝑖− 𝑥) кездейсоқ ауытқулар мәндері
аспайды.
Сенімділік интервал 𝐼𝑝 = (𝑥 − 𝜎; 𝑥 + 𝜎) түрінде өрнектеледі. Өлшеу мақсатына байланысты басқа да сенімділік шекаралары 𝛥 = ±𝑘𝜎 берілуі мүмкін, ал бақылау нәтижесінің қателігінің сенімділік интервалы
𝐼𝑝= (𝑥 − 𝑘𝜎; 𝑥 + 𝑘𝜎), (4.2)
мұнда, σ - бақылау нәтижесінің орта квадраттық ауытқуы;
k- квантильді көбейткіш, мұның мәні кездейсоқ қателіктің таңдалған таралу заңына байланысты болады.
Мысалы,бірқалыптытаралузаңыүшін𝑘= √3 жәнеолсенімділік ықтималдығына тәуелді емес.
Қалыпты таралу заңы үшін kсенімділік ықтималдығы (Р) мен таңдалған бақылау саны (n) мәндеріне тәуелді: n> 30 болғанда k=Zp; n< 30 болса, k =tp(Стьюдент заңы). Жиі қолданылатын Р сенімділік ықтималдықтары мен әртүрлі n үшін k мәндері А.6 кестеде келтірілген [6].
Өлшеу нәтижесінің (дәлдігінің) қателігінің бағалау.
Өлшеу нәтижесі 𝑋̄арифметикалық орта мәніне тең деп алынады. Қателіктер теориясына сәйкес, өлшеу нәтижесінің 𝜎𝑥 орта квадраттық ауытқуының бағасы бақылаулар нәтижесінің орта квадраттық ауытқу
бағасынан √𝑛 есе аз
𝜎𝑥 = 𝜎. (4.3)
√𝑛
Өлшеу нәтижесінің қателігінің сенімділік интервалы
𝐼𝑝= (𝑥 − 𝑘𝜎𝑥; 𝑥 + 𝑘𝜎𝑥) (4.4) мұнда, k - (4.2) формуладағыдай мағынасы бар;
𝜎𝑥- өлшеу нәтижесінің орта квадраттық ауытқуы (4.3 формуласы).