Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстан Республикасының енуінің негізгі шарттарының бірі стандарттау, сертификаттау және метрология ұлттық жүйесін халықаралық ережелеріне сәйкестендіру болып табылады. Сапалы бәсекеге қабілетті өнім өндіруге, жаңа прогрессивті шешім қабылдауға мүмкіндік беретін шетелдік тәжірибені шығармашылықпен пайдалану үшін қазіргі заманғы маманға осы саладағы жеткілікті білім қажетті.
Стандарттау, сертификаттау және метрология өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бір курсында оқу осы бағыттардың әр қайсысының маңыздылығы туралы толық түсініктеме береді. Сонымен бірге, олардың өз еліміздегі нарық экономиканың дамуына, кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін қазіргі заманғы өркениеті негізінде дамуына, біздің елдің халықаралық сертификаттау жүйелеріне қосылу үшін жағдайларды қамтамасыздандыруға әсер етеді.
«Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару» пәнінің мақсаты - жас мамандарға өзін-өзі жетілдіріп, халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде өз бетінше техникалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін метрология, стандарттау және сертификаттау саласындағы білімдерді дағдыландыру, сондай-ақ өлшеу құралдарының қателіктерін, өлшеу каналдарының жиынтық қателіктерін есептеу әдістерін практикалық қолданудың негіздерін, стандарттардың тиімділігін есептеу дағдыларын студенттер үшін метрология, стандарттау, сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы білімдер минимумын қалыптастыру болып табылады.
«Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару» пәні
«Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттеріне таңдау бойынша пәндер топтамасында 2 курсте оқытылады. Әртүрлі жабдықтарды игерумен немесе қызмет көрсетумен байланысты техникалық саласындағы болашақ мамандарға (бакалаврлар, инженерлерге) осы пәннің материалын білу міндетті болып табылады. «Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару» пәннің жұмыс бағдарламасы үлкен көлемдегі теориялық және практикалық материалды қамтиды. Аудиториялық сағаттар саны шектелген болғандықтан қажетті ақпараттың көп бөлігі студенттермен өзіндік жұмыста оқылады.
Назар аудару қажет, бұл ұсынылып отырған басылым дәрістердің қысқа жинағы болып табылады, сондықтан жинақта барлық қажетті мәліметтер жоқ болуы мүмкін. Материалды табысты және жан-жақты игеру үшін басқа да әдебиет көздерін пайдаланған жөн. Дәрістер жинағының электрондық нұсқасын АЭжБУ электрондық кітапханасында табуға болады.