Метрология, стандарттау


Стандарттау туралы негізгі түсініктемелер



бет4/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

1.3 Стандарттау туралы негізгі түсініктемелер

1.3.1 Терминдер және анықтамалар


Стандарттау - бұл келісімді бағаға сәйкес сапалы тауарларды алушы тұтынушылар құқығын, сонымен бірге еңбек қауіпсіздігіне және ыңғайлығына деген құқықты қамтамасыз ететін талаптар, нормалар, ереже және сипаттамаларды әзірлеуге және бекітуге бағытталған қызмет. Шынайы іс-жүзіндегі, жобаланатын немесе әлеуметті міндеттердің шешімі үшін қалыптасқан ереже, талап және нормаларын кең және көп ретте қолдану арқылы қызметтің сол немесе басқа саладағы тәртіпке келтіру дәрежесін оңтайландыруға жеткізу.
Стандарттау - стандарттау объектісі және стандарттау аумағы түсініктерімен байланысты.
Стандарттау объектісі - бұл өнім, процесс немесе қызмет үшін әзірленетін талаптар, сипаттамалар, параметрлер, ережелер және т.с.с. стандарттау жалпы объектіге немесе оның жеке құрастырушыларына қатысты болуы мүмкін. Мысалы, стандарттау объектісі болып «АЗИЯ АВТО» АҚ табылады. Бұл Қазақстан Республикасындағы «Нива» және «Škoda» автокөліктерін жасап шығару бойынша елдегі алғашқы және ең ірі автоқұрастырушы өндіріс. Зауытта, құрастыру сапасы жоғары болып келетін автокөліктер шығаруға мүмкіндік беретін финдік VALMET AUTOMOTIVE компаниясының жабдықтары орнатылған. Автозауыттың тұжырымдамасы кез келген автомобильдердің 4 үлгісін шығаратындай, өндірістің жалпы көлемі жылына 45 000 автокөлікке дейін қамтитындай мүмкіндікті қарастырады. Қазіргі кезде зауытта ВАЗ 2121 (Нива) және Skoda Octavia, Superb, ВАЗ 21099, сонымен қатар а/м General Motors Chevrolet Lacetti, Epica, Captiva маркалы автокөліктерді құрастыру жүзеге асырылуда. «АЗИЯ АВТО» АҚ тұрақтылығы мен сенімділігі оның тек өндіруші емес, сонымен қатар Қазақстандағы «Škoda» маркалы автокөлігінің ресми импортшысы болатындай жағдай жасады.
Стандарттау саласы - бұл өзара байланысты стандарттау объектілерінің жиынтығы, мысалы машинажасау - стандарттау саласы, ал стандарттау объектісі ретінде машинаны жасаудағы технологиялық процестер, металды материалдар, қозғалтқыш түрлері және т.б.
Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымының (ИСО) және Халықаралық электротехникалық комитеттің (ХЭК) жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесінде қабылданған келесі нормативті құжаттардың түрлері ұсынылады: стандарттар, техникалық шарттары бар құжаттар, ережелер жинағы, регламенттер (техникалық регламенттер).
Стандарт - бұл беделді органмен бекітілген және белгілі бір салада бірізділіктің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған консенсус негізінде әзірленген нормативті құжат. Стандартта жалпы және көп ретті қолдануға болатын, мазмұны әртүрлі қызмет түрлерінен және олардың нәтижелерінен тұратын ортақ принциптерді, ереже және сипаттамаларды бекітеді. Стандарттар ғылыми, техникалық және үздік тәжірибелер жетістіктерінің негізінде әзірленеді; олар өнім сапасының (және оны өндірудегі экономикалық тиімділікке) сонымен қатар оның өзара ауысымдылық дәрежесінің өсуіне кепілдік беретін көрсеткіштерге ие.
Техникалық шарттар құжаты өнімге, процеске және қызметке деген техникалық талаптарды бекітеді.
Ережелер жинағы әдетте жобалау процестерінде, жабдықтар және конструкциялар монтажында, техникалық қызмет көрсетуде немесе объектілерді, конструкцияларды және бұйымдарды пайдалануда әзірленеді. Құжаттағы техникалық ережелер ұсыныс сипатында жүреді. Ережелер жинағы жеке стандарт немесе жеке құжат сонымен бірге стандарттың бір бөлігі ретінде бола алады.
Регламент - бұл міндетті құқықты нормалары бар құжат. Регламент стандарттау органымен емес, билік органымен қабылданады. Регламенттер түрлері-техникалық регламент стандарттау объектісінің техникалық талаптарынан тұрады.
Стандарттау бойынша нормативті құжаттар Қазақстан Республикасында «Техникалық реттеу туралы» Мемлекеттік заңымен бекітілген. Мұндай нормативті құжаттарға: Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары (ҚР СТ); құқықтық нормаларға сәйкес қабылданатын халықаралық, аумақтық стандарттар, сонымен бірге стандарттау бойынша ережелер, нормалар және ұсыныстар; жалпы қазақстандық техника-экономикалық ақпараттардың жіктегіштері; салалар бойынша стандарттар; кәсіпорын стандарттары; ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары.
Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы келмейтін болса, таяу уақыттарға дейін бұрынғы КСРО стандарттары да қолданыста.
Стандарттардан басқа нормативті құжаттарға стандарттау бойынша ережелер - (СЕ), стандарттау бойынша ұсыныстар - (Ұ) және техникалық шарттар - (ТШ) кіреді.
Мемлекеттік стандарттар сала аралық сипатқа ие өнімге, жұмысқа және қызметке деген қажеттіліктерді әзірлейді. Бұл категориядағы стандарттарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттары (Мемстандарты) қабылдайды, ал егер олар құрылыс, сәулет, құрылыс материалдар өндірісіне жататын болса, онда олар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құрылысына (Мемқұрылысына) жатады. Мемлекеттік стандарттарда стандарттау объектісіне деген талаптарды орындауға міндетті талаптар және ұсынылатын талаптар бар. Міндетті талаптарға: өнім, қызмет, процесстің, адам денсаулығының, айналадағы ортаның және мүліктің қауіпсіздігі, сонымен қатар өндірістік қауіпсіздік және санитарлы нормалар; бұйымның техникалық және ақпараттық сыйымдылығы және өзара ауысымдылығы; бақылау әдістерінің тұтастығы және таңбалау тұтастығы. Тауарға деген қауіпсіздік талаптары ерекше көкейтесті, себебі тауар қауіпсіздігі – сәйкестену сертификатталуының негізгі аспектісі.
Стандарттарда қауіпсіздік талаптарына жатқызады: электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, жарылу қауіпсіздігі, радияциялық қауіпсіздік, химиялық және ластаушы зиянды заттардың шекті мөлшері, машина және жабдықтарға қызмет көрсетудегі қауіпсіздік; қорғаныс құралдарына және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі шараларға талаптар (қоршау, машина жүрісін бәсеңдетушілер, бұғаттаушы құрылғылар, дабыл дыбыстары және т.б.).
Салалы стандарттар (ССТ) белгілі бір сала өніміне әзірленеді. Салалы стандарттардың талаптары мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына және сала үшін бекітілген қауіпсіздік ережелеріне және нормаларына қарсы болмауы қажет. Мұндай стандарттарды мемлекеттік басқару органдары қабылдайды (мысалы, министрліктер), олар ҚР СТ міндетті талаптарына салалы стандарттар талаптарының сәйкес болуы үшін жауапкершілік алады. Салалы стандарттау объектілері: салаға жақын өнім, процестер және қызметтер; салалы стандарттау бойынша жұмысты ұйымдастыру ережелері; салалы қолданысқа ие бұйымдардың типтік конструкциялары (техникалық құрылғылар, құралдар және т.б.); саладағы метрологиялық қамтамасыз ету ережелері.
Кәсіпорын стандарттары (КСТ) - кәсіпорынның өзі әзірлейді және қабылдайды. Бұл жағдайда стандарттау объектілері ұйымды және өндіріспен жетекшілік етуді құраушылар. Кәсіпорындағы стандарттау осы кәсіпорынмен шығарылатын өнімге де қатысты. «Техникалық реттеу туралы» Мемлекеттік заң мемлекеттік, Халықаралық және аумақтық стандарттарды игеру үшін стандарттауды кәсіпорында қолдануды ұсынады.
Қоғамдық бірлестіктер стандарттары (ғылыми-техникалық бірлестіктер, инженерлік бірлестіктер және т.б.) - өнім, процестер немесе қызметтердің, үздік сынақ тәжірибелерінің тек жаңа түрлеріне ғана, сонымен бірге дәстүрлі емес және өндіріспен жетекшілік етудің қағидаларына әзірленетін нормативті құжаттар.
Шаруашылық қызметінің субъектілері үшін қоғамдық бірлестіктер стандарты алғашқы жетістіктер туралы маңызды ақпарат көзі болып табылады және еркін түрде кәсіпорын стандарттарын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.
Стандарттау бойынша ережелер (СЕ) және стандарттау бойынша ұсыныстар (Ұ) сипаты бойынша әдістемелік мағынадағы нормативті құжаттарға сәйкес келеді. Олар нормативті құжаттарды бекітуге, ҚР Мемстандартындағы салалы, қоғамдық немесе басқа да ұйымдардың қабылдаған стандарттары туралы ақпараттарды беруге, кәсіпорында стандарттау бойынша қызметтің құрылғандығына, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарын орындауды қадағалайтын мемлекеттік бақылауды жүргізу ережелеріне және т.б. байланысты болуы мүмкін.
Техникалық шарттар (ТШ) стандартты құру тиімсіз болған жағдайда кәсіпорын (немесе басқа шаруашылық қызметінің субъектісі) әзірлейді. ТШ объектілері: шағын топтармен шығарылатын бір реттік жеткізу өнімдері, көркемсурет кәсіпшілігінің туындылары және т.б.
Әлемдік тәжірибедегідей Қазақстанда да стандарттау объектісінің ерекшелігімен танылатын стандарттардың бірнеше түрлері бар: негіз құраушы стандарттар; өнімге (қызметтерге) деген стандарттар; жұмыс барысына (процестер) деген стандарттар; бақылау әдістеріне (сынақ, өлшем, талдау) стандарттар.
Негіз құраушы стандарттар ғылым, техника және өндірістің әртүрлі салалары үшін ортақ болып қаралатын ұйымдастырушылық қағидаларды және жағдайларды, талаптарды, ережелер мен нормаларды регламенттейді. Негіз құраушы стандарттарға мысалы үшін Қазақстанның Мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдастырылуы бойынша нормативті құжаттары жатады - ҚР СТ 1.0-2000 «ҚР МСТ. Негізгі ережелер»; ҚР СТ 1.4-2000 «ҚР МСТ. Фирмалық стандарттар»; ҚР СТ 992-96 «ҚР МСТ. Қызмет көрсету стандарты. Негізгі ережелер».
Өнім (қызмет көрсету) стандарттары - әзірлеу, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, жөндеу және кәдеге жарату сияқты нақты жұмыстарға талаптар бекітеді.
Бақылау әдістерінің стандарттары (сынақ, өлшем, талдау) өнім сапасына қойылатын міндетті талаптардың әділ бағалануын қамтамасыз ететін бақылау әдістерін қолдануды ұсынады. Бақылау әдісінің (сынақ, өлшем, талдау) әділдігінің басты құндылығы – нәтижелерді жаңғыртуда және салыстыруда.
Стандарттаудың көп таралған және тиімді түрі бірыңғайлау болып табылады.
Бірыңғайлау - бұл бірыңғай қызмет көрсететін объектілер санын тиімді қысқарту. Оны екі кезеңде жүргізеді:
1) бұйым құрылымын және олардың қолданысын талдау;
2) бұйымдардың құрылымын және өлшемдерін, олардың құраушы бөліктерінің ұқсастарын бірыңғай оңтайлы типтік құрылымға келтіру. Осылайша сапаның жоғарғы көрсеткіштерімен және толық өзара ауысымдылықпен сипатталатын минималды қажет, бірақ мейлінше қажетті бұйымдардың тип, түр және типті өлшемдер санын бекітеді. Егер де бірыңғайлау нәтижелерін стандартпен ресімдемесе, онда оны стандарттауға дейін жүзеге асыруға болады. Өнеркәсіптің бірнеше салаларында қолданатын стандарт әзірленетін болса, онда типті өлшемдердің көп саны рұқсат етіледі. Олардың одан арғы қысқаруы бұйымдардың типтік өлшемдерінің, олардың құраушы бөліктерінің және бөлшектерінің салалық немесе ішкі зауыттық шектеуші тізбесін құрау жолымен жүзеге асырылады. ИСО «бірыңғайлау» терминіне келесі анықтаманы ұсынады: бір құжатта екі немесе одан да көп құжаттардың (техникалық шарттар) бірлесе алатын стандарттау формасы және онда бұл құжаттармен регламенттелетін бұйымдарды қолданыс кезінде өзара ауыстыруға мүмкін болатындай есеппен қарастырылады.
Бірыңғайлаудың негізі жүйелеу және топтастыру.
Заттарды, құбылыстарды немесе түсініктерді жүйелеуде оларды қолданысқа ыңғайлы нақты жүйе құрайтын белгілі бір тәртіпке және бірізділікке ыңғайластыру көзделген. Мұнда жүйелеу объектілерінің өзара байланысын ескереді. Жүйелеудің ең қарапайым түрі объектілерді алфавитті жүйе бойынша орналастыру. Мұндай жүйені мысалы энциклопедиялық және саяси анықтамаларда, кітапхана жүйесінде және т.б. қолданады. Сонымен қатар жүйеленетін объектілерді реттік нөмірлеумен немесе оларды хронологиялық бірізділікпен орналастырады. Мысалы, МСТ Мемлекеттік стандарттар комитетінің нөмірлеу тәртібі бойынша тіркеледі. Әрбір стандартта нөмірден кейін қабылдау жылын көрсетеді. Мысалы, МСТ 16095-70 «1-ден 600мм дейінгі диаметрлер үшін метрикалық бұранда. Шақтамалар». Машиналардың параметрлерін және өлшемдерін, олардың бөліктерін және бөлшектерін жүйелеу үшін қажетті сандар қатары ұсынылады.
Жүйелеудің кең таралған түріне топтау да ие.
Жіктеу заттарды, құбылыстарды және түсініктерді олардың ортақ белгілеріне байланысты класқа, класс ішіне, разрядқа орналастыруды көздейді. Көп ретте топтауды ондық жүйемен жүргізеді. Оның негізінде өнімді Мемлекеттік жіктегіш құрылған. Әмбебап ондық топтау (ӘОТ) техникалық және гуманитарлық әдебиеттер индекстерін айдарлау халықаралық жүйесі ретінде қабылданған. Мысалы: ӘОТ 62-техника; ӘОТ 621-жалпы машина жасау және электроника: ӘОТ 621.3 - электр техникасы; ӘОТ 622- тау-кен ісі; ОӘТ 621.3. 622-тау-кен ісіндегі электр техникасы және т.б.
Симплификациялау - осы уақытқа сәйкес бар қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бұйымдардың түр мөлшерінің қажет санға дейін азаюына әкелетін стандарттау түрі. Симплификациялауда қажет болып табылмайтын бұйымдар түрлерін, олардың құраушы бөліктерін және бөлшектерін әдетте жоққа шығарады (немесе қажет деп саналған түрлерін қалдырады). Симплификациялау объектілеріне қандай да бір жетілдірулерді енгізбейді.
Конструкциялық бұйымдарды типтеу-бұйым және олардың құраушы бөліктеріне, бөлшектеріне ортақ конструктивті параметрлеріне ие типтік конструкцияларды әзірлеу және бекіту. Типтеу кезінде бұйымдарды, оларды құраушы бөліктерінің және бөлшектерінің тек таңылған типтерін және типті өлшемдерін талдап ғана қоймайды, сонымен қатар ғылым және техника жетістіктерін және өндіріс дамуын ескеретін жаңа түрлерін де әзірлейді. Мұндай жұмыстың нәтижелері болып жиі ретте сәйкес бұйымдардың,оларды құраушы бөліктер және бөлшектер қатарының бекітілуі табылады.
Технологиялық процестерді типтеу - біртипті бөлшектерді немесе біртипті құраушы бөліктерді жинау немесе бұйымның сол немесе басқа да классификациялық топтарын өндіру үшін технологиялық процесті әзірлеу. Біздің елімізде технологиялық процестерді типтеу кең таралған.
Агрегаттау қарастырады: әртүрлі орындауларды құрастырумен және негізгі типтері бойынша шығарылатын машиналар тізімдемелерін модификациялау арқылы ұлғайтумен жеке органдары (механизмдерін, бөлшектерін) жылдам ауыстырылатын машиналарды қолдану аясын кеңейту; бірыңғайланған өзара ауысатын агрегат және бөлшектерден әртүрлі қызмет атқаратын кейбір машиналарды (механизмдерді, жабдықтарды) жасақтау.

1.3.2 Стандарттау бойынша нормативті құжаттардың түсініктемелері. Нормативті құжат (НҚ) - әртүрлі қызмет түрлеріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты ережелерді, ортақ ұстанымдарды немесе сипаттамаларды бекітетін құжат 1.3.1 кестеде сәйкес объектілерге стандарт және техникалық регламент салыстырылады.



1.3.1 – Кесте - Өнімге қойылатын техникалық регламент және стандарттың айрықша белгілері

Әлеуметтік рөл

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету

Қолданылатын
мазмұн (реттеу аспектісі)

Өнім және процестер қауіпсіздігінің сипаттарына талаптар
Таңбалауға, қаптауға, ілеспе құжаттамасы-на талаптар

Барлық техникалық тұтынушылық сипаттарға талаптар

1. Өнім және процестер тізімі 2.Сәйкестендіру ережесі
3. Талаптар
4. Сәйкес болу бағасының ережелері мен нысандары

Техникалық талаптар

Қолдану сипаты

Міндетті

Ерікті

Реттеу объектісі

Өнім және процестер

Жұмыстың, қызметтің өнімдері және процестері

Мәртебе

Мемлекеттік заң (бекітудің негізгі заңды нысаны ретінде)

Стандарттау облысындағы құжат

Құжат

Техникалық регламент

Стандарт

«Нормативті құжат» сөзі стандарттау бойынша стандарттар - ережелер, ұсыныстар, қалыптасқан тәжірибелер кодекстері, ортақ қазақстандақ классификаторлар және басқа да нормативті құжаттар туралы ұғымды қамтитын туыстық термин болып табылады.
Стандартта қолдану, сақтау, тасымалдау, жүзеге асыру және кәдеге жарату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету процестерін сипаттау және жүзеге асыру ережелері, өнім сипаттамалары бекітіледі.
Стандарт сонымен қатар терминологияға, символға, орамаға, таңбалауға немесе этикеткаларға және оларды дұрыс орналастыруға қойылатын талаптардан тұруы мүмкін. Стандарттар ғылым, техника және іс жүзіндегі тәжірибелердің жалпылама нәтижелеріне негізделеді және қоғам үшін оңтайлы пайда әкелуге бағытталған.
Қызмет ету саласына қарай стандарттарды әртүрлі дәрежесіне және категориясына байланысты қарастырады: халықаралық стандарт, аймақтық стандарт, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты (ҚР СТ), мемлекет аралық стандарт (МСТ), қоғамдық бірлестік стандарты, кәсіпорын стандарты.
Ұлттық стандарт - стандарттау бойынша ұлттық органмен қабылданған және көпшілік тұтынушылар қол жеткізе алатын стандарт.
Регламент - билік органымен қабылданған міндетті құқықтық нормалардан тұратын құжат.
Жіктегіш - жүйеленген жинақ атауларын және мамандандырылған топтамалар кодтарын және (немесе) мамандандыру объектілерін ұсынатын ресми құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет