Метрологиялық қамтамасыз етудің құқұқтық негіздері ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы



Дата09.03.2023
өлшемі84,08 Kb.
#171530
Байланысты:
Aqjol ss21-06 (копия)

Метрологиялық қамтамасыз етудің құқұқтық негіздері

ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы

Өлшеу бірыңғайлығының негізгі принциптері

  • Өлшеу бірыңғайлығы дегеніміз өлшеу дәлдігі қажетті сенімділік ықтималдығына ие және өлшеу нәтижелері заңдастырылған өлшеу бірліктерімен көрсетілген өлшеу процесінің сипаттамасы

ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы

  • ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы 2000 жылы қабылданды
  • Осы Заң қабылданғанға дейін метрология саласындағы нормалар заң жүзінде реттелмеген болатын
  • Заңда мемлекеттік метрологиялық тексеру және мемлекеттік метрологиялық бақылау органдарының міндеттері анықталды, калибрлеудің жаңа ережелері бекітілді, ӨҚ сертификаттау ұғымы енгізілді

Заңда негізгі ұғымдар заң жүзінде бекітілген

  • 1) өлшеу бірыңғайлығы;
  • 2) өлшеу құралдары;
  • 3) шама бірлігінің эталоны;
  • 4) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны;
  • 5) өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар;
  • 6) метрологиялық қызмет;
  • 7) метрологиялық тексеру;
  • 8) метрологиялық бақылау;
  • 9) өлшеу құралдарын калибрлеу;
  • 10) калибрлеу сертификаты.

ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы

  • Заңда бекітілген барлық анықтамалар Халықаралық заңдастырылған метрологиялық ұйымның (МОЗМ) ресми терминологиясына негізделген

Заңның негізгі баптары

  • 1) өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету мемлекеттік басқару органдары ұйымының құрылымы;
  • 2) өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету нормативтік құжаттары;
  • 3) тағайындалған физикалық шамалардың өлшем бірліктері және шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
  • 4) өлшеу құралдары;
  • 5) өлшеу әдістері.

Метрологияның экономикалық негізі

  • Мемлекеттік бюджет қоры өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету саласы бойынша Мемлекеттік бағдарламалар және Мемстандарт жұмысына жұмсалады
  • Өздері жүргізетін жұмыстар :
  • 1. Өлшеу құралдарын (ӨҚ) салыстырып тексеру
  • 2. ӨҚ калибрлеу
  • 3. ӨҚ мемлекеттік сынақ
  • 4. Өлшеу жүргізу әдістемесін (МВИ) аттестаттау
  • 5. ӨҚ метрологиялық аттестаттау
  • 6. Құжаттарға метрологиялық сараптама жүргізу
  • 7. Метрология саласы бойынша мамандарды дайындау және олардың біліктілігін арттыру

Мемлекеттік метрологиялық қызметтің жұмыс бағдарламасы

  • Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету саясатын құру,
  • Шама бірліктерін тағайындау,
  • Шама бірліктерінің эталондық негізін кеңейту және жетілдіру,
  • ӨҚ өндіру, қолдану және жөндеу ретін анықтау,
  • Мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу,
  • Метрология саласы бойынша ҚР министірліктер және ведомстволар іс-әрекеттерін бағыттау,

Мемлекеттік метрологиялық қызметтің жұмыс бағдарламасы

  • Метрология саласында зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру,
  • Нормативтік құжаттарды жасау және бекіту ретін анықтау,
  • Өлшеу құралдарының Мемлекеттік реестірін жүргізу,
  • Метрология саласы бойынша мамандарды дайындау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру,
  • ҚР атынан халықаралық және аймақтық метрологиялық ұйымдарда өкілдік ету

Мемлекеттік метрологиялық бақылау

  • Мемлекеттік метрологиялық бақылау – ӨҚ өндіру, қолдану және қалпын сақтауын, өлшеу жүргізу әдістемесін қолдануды, метрологиялық нормаларды, ережелерді және т.б. сақталуын бақылайтын ҚР Мемстандартының іс-әрекеті

Заңнамалық негізі

  • ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы,
  • ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» Заңы,
  • ҚР «Тұтынушылар құқұғын қорғау туралы» Заңы,
  • Әкімшілік кодекс,
  • Азаматтық кодекс,
  • Қылмыстық кодекс.

Мемлекеттік метрологиялық тексеру және бақылау жүргізіледі

  • 1) өлшеу құралдарына;
  • 2) шамалар эталонына;
  • 3) өлшеу жүргізу әдістеріне;
  • 4) заңдастырылған метрологиямен бекітілген тауар сапасы және басқа да объектілерге.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет