М.Әуезов атындағы №251 орта мектеп «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» Педагогикалық оқу



Дата04.06.2017
өлшемі0,93 Mb.
#17525


М.Әуезов атындағы № 251 орта мектеп


«Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» Педагогикалық оқу

(аудандық кезең)

Жоба тақырыбы:
ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ

ӘДІС- ТӘСІЛДЕРДІ

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ.

Жоба авторы: химия пәнінің мұғалімі Бердімұратова

Гулбахар

2015-2016 оқу жылы

ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ.
Бердімұратова Гүлбахар

№251М.Әуезов атындағы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, әлемдік ортада алдыңғы шептен орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы оқытудың дидактикалық жаңа сипаты – жаңа оқыту технологияларын, оқу ақпараттарын ұтымды қолдану, шығармашылық оқыту түрлерін кеңінен пайдалануға байланысты.

Қазіргі заманғы жоғары мектеп дидактикасы оқушылардың құзыретті, ойлау белсенділігі жоғары, ізденімпаз, дербес, шығармашыл болып қалыптасуын әдіснамалық тұрғыда, қазіргі қоғам талаптарына сәйкес жаңаша негіздеуді қажет етеді.

Қазіргі кезеңдегі еліміздің күннен – күнге гүлденіп дамуы, жаңа саяси – экономикалық өрлеу, болашақ дамуға бағдарланған өзгермелі өмір жағдайлары адамнан ақыл – ой белсенділігін, өзекті мәселелерді шығармашылықпен шешу, оны оңтайлы пайдалануды талап етеді. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда көрсетілген міндеттерді шешудің басты тұғыры ретінде оқушыларды құзыреттілікке икемдеудің маңызы зор.

Оқытудың әдістерін таңдау көптеген факторлармен білім берудің маңызды мақсаттарымен, оқу курсының ерекшеліктерімен, сабақтың мақсатымен, оқушылардың мүмкіндігімен, қолда бар оқу құралдары және уақытпен, мұғалімді мойындауымен, олар пайдаланатын дидактикалық жүйенің ерекшеліктерімен анықталады.Оқыту әдістері оқыту процесінде маңызды қызметтер атқарады. Әдістердің көмегімен оқытылатын материалдардың тиісті мазмұнымен оқушыларға берілуі, оқушылардың интеллектуалды дамуы және қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталып жүр. Бұл әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі.Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлға аралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру талаптарын қанағаттандырады.Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. [1]

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап,жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпараттарды игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа,күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді. Интерактивті әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс – әрекетінде. Интерактивті әдістерді сабақ барысында қолданудың басты құрылымы мынада: сабақ басталысымен оқушыларға белгілі бір тақырыпты беру және осы тақырыптың әрі қарай дамуына септігін тигізетін іс – әрекеттерді уақытылы жинақтай білу. Осындай интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы химия пәнін оқушыларға жете меңгертуді сонымен қатар мамандықтарын меңгеруде осы білімдерін кеңінен қолдануына жете мән беріп келемін. [3]

Жұмыс барысында алдыма қойған мақсаттарым:

Оқушыны химия пәні арқылы мамандыққа баулу.
• Оқушының білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
• Білім алуға деген ынтасын арттыру.
• Оқушының белсенділігі мен іскерлігін арттырып, шығармашылыққа баулу.
• Химиялық тілді, теориялық білімді практикамен ұштастыру.
• Мамандығына байланысты химиялық үрдісті түсіндіре алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Химияны меңгертуде формулалардың маңызы зор, сондықтан сабақ барысында формуланың жалғасын табатын перфокарталардың да алатын орны ерекше.Сонымен қатар оқушыларға әр түрлі тақырыптарда жеке жұмыстар тапсыруда сабақты тереңдете түседі, осы зерттеген тақырыптарын ортаға салуға мүмкіндік береді.
Осындай әдіс - тәсілдер арқылы әр сабақта жұмыс істеу барысында оқушылардың білімдері тереңдейді, есте сақтау, химиялық тілмен сөйлеу қабілеттері дамиды және олар ізденімпаздыққа, үнемділікке тәрбиеленеді.[10]

Химия сабақтарында оқушылардың белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыруда төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады:


• Дидактикалық ойындар (ойлан тап, химиялық лото, химиялық «лабиринт»)
• Топпен жарыстыру (берілген уақытта тапсырманы топпен орындау түрлері, әртүрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып)

• Еркін тақырыптарда мәтін құрастыру, ертегі шығару, ребустер мен сөз жұмбақтар, басқатырғылар құрастыру,шығармалар жаздыру.т.б.


• Оқушыларды әдебиетті іріктеуге,аннотация жасауға,конспектілеуге,кортетекалар жасауға, жоспар жасауға, материалдар жинауға, оның жоспарын жасауға үйрету.[7]

Жұмыстың мақсаты: Орта мектептің химия курсын оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру және оқушылардың пәнге деген белсенділігі мен сауаттылыңын арттыру.

Міндеттері:

  • Химияны оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді енгізу және оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдің дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушыларда алған білімді жүйелеу;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда мұғалімнің уақытын үдемдеу және химияны оқытуда тиімді пайдалану.

Ұстаз міндеті – оқушыға кез келген білім саласын меңгертудің жеңіл де тиімді жолдарын тауып, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету. Кезінде педагог ғалым « Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы » деген болатын. Пән мұғалімі оқулық көлемінде ғана шектелмей, тың жаңалықтарды қолдана білсе, сабақтың қызықты да тартымды болуы сөзсіз.

Сабақта әр түрлі карточкалар, көрнекіліктерді тиімді пайдалану, газет-журнал жаңалықтарын, теледидар көріністерін дұрыс қолдану арқылы оқушыларға көп нәрсені үйретіп, талдай білуге тәрбиелей аламыз. Уақыт өткен сайын сабақ үрдісін жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңаруда. Мәселен саралап оқыту, даралап оқыту, деңгейлеп оқыту, модульдік оқыту. Соның ішінде менің тоқталып кететінім «Орта мектептерде бейметалдарды интербелсенді тәсілмен оқыту әдістемесі».

Ұлы ойшыл Плутарих кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Әр педагог мектептегі моральдік-психологиялық ахуалға жауапты екенін түсіну керек, одан көбінесе алдында отырған жасөспірім қалай өсіп шығатыны байланысты. Бүгін ол- бала, ертең- біздің еліміздің азаматы. [4]

Мұғалімнің қызметі ең қайырымды мамандықтардың бірі. ¤зінің күнделікті көп еңбегінің арқасында адамгершілік негіздегі жеке тұлғаны қалыптастырады, оған біздің ертеңіміз тәуелді.Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:


  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

  2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

  3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

  4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

  5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Сабақ жүргізу барсында интерактивті әдіс, тәсілдердің бірнеше түрлерін пайдаландым. Ерекшелігі: оқушылар сабақ мазмұнын өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып байланыстырады. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды.

Сабақтың бастапқы кезеңінде (мақсатты айқындау) қолдануға болатын тәсілдер байланыстырады. Оқытушының бұл кезеңдегі басты мақсаты-оқушыларға жаңа білім қабалдауға және игеруге белсенділендіру. оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар «не білемін?», «не білгім келеді?», «жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады. Сабақ жүргізу барсында интерактивті әдіс, тәсілдердің бірнеше түрлерін пайдаланылды. Ерекшелігі: оқушылар сабақ мазмұнын өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып байланыстырады. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды [5].

Қазіргі кезде педагогика саласында тың үрдіс белең алып, сабақ жүргізу түрлері әр қилы болып өткізілуде. Соның бір түрі интербелсенді әдіс.

Интербелсенлді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларға бағыт



бағдар беру;

адамдардың арасындағы қатынас өмірдің басты қажеттілігі екенін



мойындау;

барлық оқушыға тең мүмкіндік жасау;

әлеуметтік – психологиялық кезеңдерде тиімді әдіске топтың даяр болуы;

топпен жұмыс істей білу;

оқу материалын игеруде және іс - әрекеттерінде жете ұғынуға

талпындыру;

белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін



ұйымдастыру.

Төменде осы әдіспен өткізілген бір сабақтың үлгісін жіберіп отырмын.



«Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны және электрондық құрылысы» тақырыбында өткізілген бұл сабақта оқушылар бейметалдардың периодтық жүйеде жоғары дәрежеге ие екенін дәлелдейді.

Тапсырма:

1. Оқушылар периодтық жүйедегі бейметалдардың орны, құрылысы туралы білімдерін жүйелейді, бейметалдардың ерекшеліктерін анықтайды.

2. Ең негізін анықтап, талдау жасайды, топтастырады,салыстыруды үйренеді.

3.Табиғатқа деген сүіспеншіліктерін арттырады, бір – бірін сыйлауға

тәрбиеленеді. өз ойларын ашық айтуға дағдыланады.

Бағалау: Мәтінді талдау арқылы бейметалдар туралы білімдерін пайдаланып, кестедегі тор көздерді толтырады, топтастырады, Венн диаграммасын толтыру кезеңін жасайды.Топпен, жұппен жұмыс істегенде «СТО» әдісі қолданылады. [12]

Қолданған стратегиялар - ой қозғау, Венн диаграммасы, «СТО» стратегисы INSERT, химиялық лото ойыны т.б.



Сабақтың барысы.

I кезең. Ой қозғау.

Кесте 3 - «Кім тез, кім жылдам»

Элементтің аты

Сипаттамасы, физикалық қасиеті

Химиялық қасиеті

Алу әдісі

Маңызы

Оттек













Сутек













II кезең. INSERT ( АҚПАРАТТЫ ТАҢДАУ ) СРАТЕГИЯСЫ.

Бұл кезеңде оқушылар бейметалдар жайлы білгендерін өз беттерінше жеке-жеке толтырады. Берілген мәтінді түсініп, негізгі ойын жазады. Алғашқы қатарға бұрыннан білгендерін жазады, жаңа ақпаратқа өз түсінгендерін толтырады. «Білгім келеді» қатарын толтырғанда оқушылар бір-бірінен білмегендерін сұрайды, кейін ол қатарды мұғалімімен толықтырады.



Кесте 4- INSERT ( АҚПАРАТТЫ ТАҢДАУ ) СРАТЕГИЯСЫ

V

+

-

?

Бұрыннан білемін

Мұнда оқушылар сабақта кездескен бұрыннан білетін мәліметтерді келтіреді.





Жаңа ақпарат”

              1. Бұл жерде оқушылар осы сабақта жаңадан білгенін жазады.

Менің ойлағаныма қайшы”

Мұнда оқушылар бұрынғы білімдеріне қарама-қайшы сабақта келтірілген мәліметтерді келтіреді.



Білгім келеді”


Бұл бағанда оқушылар өздері келіспейтін немесе түсініксіз болған, тағы да білгісі келетін мәліметтің тұстарын жазады.


    1. Сызба сурет 1 - Химиялық лото ойыны


  1. Парларын тап ? Бос торкөздерге әрбір реакция теңдеуі дұрыс құрылатындай берілген карточкалардағы (үлестірме) химиялық қосылыстарды дұрыс орналастыру.




+










+










+










+




+










+










+




Жауаптары: CaC2 N2 CaCN2 C

2NaCl 2H2O Cl2 2NaOH H2



SO2 2C 2CO S

  1. Бос торкөздердегі сұрақ белгісінің орнына тиісті реактивтерді жазу. Бейметалдарды алу қасиеттеріне құрастырылған [4].

III кезең. Рефлексия. Текшенің 2- қырына оттегі мен күкіртті жазылып, периодтық жүйенің үлгілесі ілініп, «салыстырыңдар» деген тапсырма ұсынылады. Бұл жерде Венн диаграммасы толтырылады.

Сурет 2 – Венн диаграммасы





Топтар бір-бірін толықтырады. Текшенің 3-қыры – «иә», «жоқ». «Егер оттегі болмаса адам тіршілік ете алар ма еді?» Бір топ «иә», екінші топ «жоқ» деген пікірлерді дәлелдейді. Сабақтың соңында оқушылардың іс-әрекеттері, білімдері бағаланады. үй тапсырмасы беріледі. Жаңа оқыту технологияларын пайдалану оқушылардың белсенділігін, білім сапасын заман талабына сай арттырады. Оқушының талдап, салыстыруға, танымдық қабілетін танытуға, ұмтылдырады. [6]



«Бейметалдардың периодты жүйедегі орны және электрондық құрылысы» тақырыбында кубизм әдісі элементтерін пайдалану [11]

1. Кубизм әдісі

2. Қызығушылықты ояту әдісі

3. Топтастыру әдісі

4. Эссе жазу әдісі (Еркін жазу)

5. Инсерт әдісі және түртіп алу әдісі

6. РАФТ әдісі

7. Танымдық сұрақтар

1.Кубизм әдісі «Сутек»

1. Суреттеу 4. Саралау

2. Салыстыру 5. Қолдану

3. Ойынмен байланыстыру 6. Талқылау



Суреттеу. Сутек химиялық элемент, жай зат, молекуласы екі атом, сутектен тұрады, өте жеңіл, суда ерімейді. Салыстырмалы атомдық массасы- 1,008, валенттілігі- 1.

Салыстыру. Оттек пен сутекті салыстырып сипаттау.

Ойынмен байланыстыру. Оттекке ұқсаз газ, түссіз, иіссіз, дәмсіз, ауада жанады, жануды қуаттайды. Оттек пен сутектің химиялық қасиеттері Венн диаграммасын сызу.

Саралау. Сутек ерекше жеңіл газ, қопарылыс беріп жанады.

Қолданылуы. Сутекті металдарды кесуде, пісіруде, аммиак, азот қышқылын алу, ауа шарын толтыру да қолданылады.

Талқылау. Өте жеңіл улы емес, қопарылыс береді. А

2. Қызығушылықты ояту әдісі

Тапсырма: «Галогендер» деген сөздің мағынасын ашу.

3. Топтастыру әдісі



Сызба сурет 2-Галогендер

4. Эссе жазу әдісі (Еркін жазу)

Оқушыларға тақтадағы топтастыру әдісінде жазылған сөздерді бір – бірімен байланыстырып эссе жазады.

Кесте 5 - Инсерт әдісі немесе түртіп алу әдісі

«V» білемін

«+» жаңа мәлімет

«-» білмеймін

«?» сұрақ туды













Бұл әдісте жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқып, әр абзацқа белгі қойып отырады. Оқып болған соң дәптерлеріне кестені толтырады. Галогендер туралы бұрыннан білетіндерін «V» - қанатша белгісі бар қатарға жазады, ал «+» қосу белгісі бар қатарға бұрыннан біледі, сонда да қазір оқығаннан толықтырған білімін жазады, «-» алу және «?» сұрақ белгісі қойылған қатарға білмейтін мәліметтер мен термин сөздер немесе сұрап білгісі келген мәліметтерді жазады.

Дәптерлеріне жазып болған соң тақтадағы, кестені толтырып, ондағы «-» алу және «?» сұрақ белгісі тұрған қатарға жазылған мәліметтер жайлы мұғалім түсінік береді. Мысалы: Вром табиғатта сұйық түрінде кездесетін элемент. Қоңыр түсті болады. Иісі өте нашар сасық болады. Фото, кино пленкаларын жасағанда және жүйке ауруларын емдеуге қолданылады [10].



  1. РАФТ әдісі.

Р – рөл, А – аудитория, Ф – форма, Т – тақырып

Мұғалім рөл ретінде тақырыпты айтады, әр топ өз тапсырмасын орындайды



1-топ – аудитория, яғни тақырыпқа сипаттама.

2-топ – форма, сол тақырып бойынша өлең, хат, шығарма т.б. жазып оқиды.

3-топ – тақырып, берілген тапсырмаға тақырып қойып, соны қорғап шығады.

  1. Танымдық сұрақтар.

Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.

  1. топқа:

  1. Бейметалдардың металдардан негізгі қандай ерекшеліктері бар?

  2. Галогендер қай периодтың қатарына жатқызылады?

  3. Қазақстанда бейметалдарды қандай жерлерде кездестіреміз?

2 – топқа:

  1. Инертті газдарға жататын элементтерді қазақша қалай атаймыз?

  2. VI топ бейметалдарының қандай ерекшеліктері бар?

  3. 2 периодтың IV тобына қандай бейметал жатады?

3 –топқа:

  1. Күнделікті медицинада қолданылатын бейметалдар?

2. V топ бейметалдардың бір-бірінен айырмашылығы?

3. I, H, O, P, N, S, Ne, Ar бұлар қандай элементтер?

Сабақ басталғанда әр топқа бағалау парағы таратылып беріледі. Сол бағалау парағына оқушылар өздерін бағалап мұғалімге береді. Бағалау парағына қарап мұғалім оқушыларды бағалайды. Бағаларға мұғалім келіспесе, бағасы төмен немесе жоғары оқушыларға сұрақ қою арқылы толықтырады.

Осындай ізденіс сабақтары оқушылардың білімін шыңдауға көп септігін тигізеді

«Білім стратегі» атты педагогика - психологиялық ойынды

пайдаланып «Бейметалдар» тақырыбында сабақ өткізу

Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат — жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында әрбір сабақта қолданылатын оқытудың жаңа формалары мен технологиялары оқушылардың пәнге қызығуын, ізденімпаздығын байқау, қабілеттерін жетілдіруге, білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Бұл технологияның негізгі мақсаты — баланың қабілетін ашу, дамыта оқыту белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру, қосымша материалдарды жүйелі түрде пайдалану. Осы мақсатпен 9-сыныпта «Бейметалдар» такырыбында «Білім стратегі» деген психологиялық ойын сабағы өткізілді. Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп, сабақ кесте бойынша жүргізілді. [7]



С

Нәтижені бағалаймын

V рефлекция
ызба сурет 3.

Еркін таңдау жасаймын

IV

коорекция




өзімнің іс-әрекетімді болжаймын

Ш

экспликация




Басқа жеке

тұлғамен


диалог

II

экспликация




Мен жеке тұлғамын

І

эпилог, пролог



Оқушылардың колында сигналды белгілер болады.

Қызыл – көмек керек, түсінбеген.

Жасыл тапсырманы орындап дайын болған.
Кесте 6- Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Пролог эпилог

Экспли­кация

Коррекция


Рефликация

Жалпы бион саны

Баға



I

II III

ІV

V

VI

VII






















1. ПРОЛОГ, ЭПИЛОГ. а).үй тапсырмасын тексеру кезеңі. «Сен білесің бе?»

б).Үй тапсырмасын бекіту. «Ішкі сәуле» ойыны

«Сен білесің бе?» бөлімінде оқушылар бейметалдардың сан алуандығы жөнінде мәліметтер жинақтап, өз ойларын ортаға салады. үй тапсырмасы «Ішкі сәуле» ойыны арқылы бекітілді. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы сұрақ қояды. Бұл ойынның басты мақсаты - сұраққа нақты жауап беру.

2. ЭКСПЛИКАЦИЯ II — оқушылардың даму динамикасын, ынтасын, есте сақтауын арттыру мақсатында оқушыларға лездік сұрақтар қойылады. Сол сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді.

3. ЭКСПЛИКАЦИЯ III — кесте сурет арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі

I. Жаңа сабақтың жоспары:

а) Бейметалдарға жалпы сипаттама (кесте, суретті плакат арқылы түсінік беру);

ә) инертті газдардың сан алуандығы. (сурет арқылы түсінік беру);

б) галогендердің тіршіліктегі маңызы. (тірек-сызба, суреттер арқылы түсінік

беру) [38].

А. Кесте 7- Жалпы сипаттама.
Бейметалдар туралы біліміңізді пайдаланып кестедегі торкөздерді толтырыңыз. Ерекшелеп жазылған атом топтары қалай аталады.


Бейметал

дар атауы



              1. Таңбалануы

қосылыстары

Сәйкес қышқыл немесе тұздарының атауы

Формуласы

валенттігі




F










Азот




HNO3
        1. V


Нитрат




Si










Хлор




NaCl




хлорид



      1. C





II










H2S




сульфид

Фосфор






        1. III




Ә. Инертті газдардың сан алуандығы. Бұл бөлімде инертті газдардың сан алуандығы және олардың басқа газдардан айырмашылығы туралы сабақ түсіндіріледі.

Б. галогендердің тіршіліктегі маңызы. Сабақтың бұл бөлімі тірек-сызба арқылы түсіндіріледі.

Кесте 8- галогендердің тіршіліктегі маңызы
Маңызы

Бактерияны жою, суды хлорлау, мата мен қағазды ағарту, тоңазытқыш жасайды, фото, кино. Жүйке ауруларын емдеуге қолданылады.
F-жетіспесе тіс ауырады

Br-жүйке ауруларында қол-

данылады, I-жетпесе бұ-

ғақ ауруына ұшырайды.


Медицинада адамның өсуін

тездететін гармон түзеді,

қал қанша безде болады.



II. Жаңа сабақты бекіту.

а) периодтық кестемен жұмыс (H, O, C, P, B, S, Cl- таңбалары беріліп, сұрақтарға жауап беру)

б) дидактикалық үлестірмелер 3 топқа тапсырмалар беріледі.

І топтың тапсырмасы.

Сутектің, оттектің химиялық қасиеттері туралы түсінік беру.

ІІ топтың тапсырмасы.

Азоттың, күкірттің, фосфордың тіршіліктегі маңызы, зияны туралы туралы түсінік беру [13].

ІІІ топтың тапсырмасы.

Бор, көміртектің қосылыстары, физ-химиялық мағынасын ашу.

4. КОРРЕКЦИЯ IV. Зертханалық жұмыс.

Мақсаты: Кипп аппаратымен сутекті алу, оның құрылысы, козғалысы және қолданылуы.

Бұл бөлімде зертханалық жұмыс арқылы оқушының оқу материа­лын қалай қабылдап, оны мән бере ұғынып есте сақтауын, білімді шебер қолдана алуын түсінуге мүмкіндік табылады. Оқушыдардың білімі мен икемдігін тексеру кезінде, оқу-танымдық әрекеті шыңдалады.

5. РЕФЛЕКСИЯ V. Сабақты қорытындылау кезеңі. Сабақтың нәтижесін сараптап, талдау. Жалпы бейметалдар санын жинақтап, бағалау. Бұл сабақтың нәтижесін семантикалық карта арқылы оқушының кай жер­де қате жібергенін білуге болады.Үйге тапсырма ретінде оқушыларға сурет дәптерлеріне зертхана­лық жұмыста байқаған құбылыстарды салу. Жекелеген оқушыларға тест құрастыру тапсырылады.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, ойлау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруда сабақтың берері мол болады [10ъ



Химия сабақтарын өткізуде пайдаланған интерактивті әдіс тәсілдердің зерттеу нәтижелері

9«а» және 9«б» сыныптарға химия сабақтарын жүргізу барысында 9 «а» сыныптарын бақылау, ал 9«б» сыныптарын зерттеу сыныптары ретінде алынды. Бақылау сыныптарына дәстүрлі әдістермен сабақ өтілсе, тәжірибе сыныптарына интерактивті әдістерді қолдану арқылы сабақ жүргізілді. тілген интерактивті сабақтардың жалпы көрсеткіші мынадай нәтижиелер көрсетті.


Бейметалдар тақырыбын кїнделікті сабақ жоспары бойынша өткізу әдісі.

Сабақтың тақырыбы: Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны және

электрондық құрылысы.



Сабақтың мақсаты : Бейметалдармен танысу, оларға жалпы сиипаттама. Нағыз бейметалдар негізгі топша элементтері болады,сыртқы электрондық қабаттары аяқталуға жақын және атомдық радиустері кіші болып келеді.бейметалдардың жалпы саны қазіргі таңда 22-болып келеді.

Сабақтың көрнекілігі: Менделеевтің таблицасы, үлестірмелі тапсырмалар, кестелер, өлең, оқулықтар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: биология, медицина, тарих, география,физика ж\е т.б

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: ( 1-3 ) мин.

Оқушылармен сәлемдесу, кезекші оқушымен жұмыс және қалған оқушыларды түгелдеу.

  1. Үй тапсырмасын сұрау : ( 15-мин )

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау, алдынғы сабақты қалай түсінгенін байқау.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру ( 20-мин )

Жаңа сабақты өмірмен байланыстыру, бейметалдардың қандай қоспалары бар ? Не себепті бейметалдар деп аталады ? олардың периодтық жүйедегі алатын орны қандай екенін түсіндіру. Бейметалдардың жер бетінде таралуы, табиғатта қолданылуы. Қазақстандағы кен байыту орындары [15].


Кесте 9-Бейметалдардың Қазақстан аймақтарында таралуы.


Эле

мент


таралуы




Қазақстанның қай аймақтарында кездеседі?

C

Алмаз,графит, карбин

Карбонаттар мен гидрокарбо -наттар. Мұнай,тас көмір,газ

Маңқыстау, Екібастұз,

Қарағанды




N

Ауаның 78 % N2

Селитраларда, нәруызда, нуклейін қышқылында

Ақтауда

P

Қызыл фосфор P4

Фосфорит Ca3(PO4)2

Апатит Ca5(PO4)3OH

Нуклейін қышқылдарында


Ақтөбе, Қаратау, Шымкент

S

Вулкан газдарында

Сульфидтер FeS, Cu2S ZnS

Сульфаттар CaSO4*2H2O, MgSO4*7H2O,Na2 SO4*102O,



Балқаш,Шығыс Қазақстан,Маңғыстау,Қостанай,Павлодар

Si

Жер қыртысында

SiO2 (кварц)силикаттар

Қостанай,Жетіқара.




  1. Жаңа сабақты бекіту: ( 5- мин )

Бейметалдар әр түрлі агрегаттық күйде кездеседі. S, P, C қатты күйде кездеседі. O2, H2, N2, Cl2 газ күйінде жүреді.олардың кей біреуі бос күйінде кездеседі, ал көпшілігі қосылыстар күйінде жүреді [14].

  1. Сабақты қорытындылау. (2-мин )

Үйге тапсырма беру. Сұрақтар мен жаттығулар

Кесте-10 Бейметалдарды сабақ жоспары бойынша өткізілген 9-сынып оқушыларының үлгерімі



Оқушылар тізімі

Белсенділігі бойынша

Бағалануы



Жаңа сабақты игеруі бойынша

бағалануы



Қорытынды баға

1

Ақылбек Г

5

5

5

2

Әбжан Б

4

4

4

3

Әбдікәрім Н

4

4

4

4

Әбубәкірова Н

4

4

4

5

Дүйсекеев Б

5

5

5

6

Жәнібеков Р

3

3

3

7

Жұмаділда Н

3

3

3

8

Жүрсін Н

3

4

4

9

Қасымбеков Н

3

3

3

10

Манатбекқызы Т

4

5

5

11

Мейрамхан Б

5

5

5

12

Мұсаева Н

4

4

4

13

Мұханбетжанов Н

3

4

4

14

Нақыпбай Б

4

5

4

15

Палжанова А

4

4

4

16

Палжанова К

4

4

4

17

Рузаева Н

3

3

3

18

Сұлтанов Б

4

4

4

19

Шәмен С

3

3

3




Сыныптың орташа үлгерімі

3,7

4

4

Оқушылардың алған білімдерін бағалап кестеге толтырып, оның нәтижесімен диограмма тұрғызылды. Диаграмманың нәтижесі төмендегідей:



Диаграмма 1


Бейметалдарды сабақ жоспары бойынша өткізілген 9-сынып оқушыларының үлгерімі
Кесте 11 Бейметалдар тақырыбын интерактивті тәсілмен өткізген 9-сыныбының оқу-үлгерімі



Оқушылар тізімі

Белсенділігі бойынша

бағалануы



Жаңа сабақты игеруі бойынша

бағалануы



Қорытынды баға

1

Асанов Азамат

3

3

3

2

Ахметова Г

4

4

4

3

Әбузаев Р

3

3

3

4

Әжайыпхаов Н

4

4

4

5

Берікқызы Ә

3

3

3

6

Жақсылықұлы Д

3

3

3

7

Жұман Н

4

5

5

8

Жүрсінова Т

4

3

4

9

Исаханов Н

4

4

4

10

Қытайбеков Б

4

4

4

11

Қытайбек Д

3

3

3

12

Мейрам Б

4

5

5

13

Молдабекова Н

5

5

5

14

Мырзаханқызы С

4

4

4

15

Наурызбаев Ф

3

3

3

16

Нұрмаққызы С

4

4

4

17

Рахметқызы Н

3

3

3

18

Сануарқызы Н

3

3

3

19

Серік Аружан

5

5

5

20

Шерманова Асқар

3

4

4




Сыныптың орташа үлгерімі

3,65

3,75

3,78

Кестеде толтырылған оқушылардың интербелсенді әдіс-тісілдерді өткенде алған білімдерінің нәтижесін диаграммаға салып, екі диаграмманы салыстырамыз.



Диаграмма 2- Бейметалдар тақырыбын интерактивті тәсілмен өткізген 9 Б сыныбының оқу-үлгерімі

Кестеден көріп тұрғандай бақылау сыныптарында ешбір өзгеріс болған жоқ. Ал, тәжірибе сыныптары айтарлықтай нәтижелік көрсеткіштер берді.

Нәтижесінде 95-100 % - дық көрсеткішке жетпеуінің бірден бір себебі алғашында оқушыларға интерактивті тәсілдерді үйрену оларға күнделікті дәстүрлі сабаққа қарағанда біраз ерекшеліктері мен қиыншылықтары болды. Дегенмен сынып

оқушылары интерактивті тәсілдерді меңгергеннен кейін, енді олар жан – жақты жұмыс істеуді үйренді және олармен жұмыс істеу оңайланды. Өйткені бұл жерде оқытушының жұмысы сабақта оқушыларға тек бағыт бағдар беруші, ал оқушы өзі талпынып іздеуші болып табылады. Болашақта бұданда тиімді интерактивті тәсілдердің басқа да бірнеше түрлерін меңгеріп, белсенді оқушылардың санының пайыздық көрсеткіштері артады деп сенемін.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. ¤йткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Осы заманғы әлемде білім мен дағдылардың өмірлік циклі өте қысқа. Осы себепті білімнің үздіксіздігі мен біліктілікті үздіксіз жүйелі арттыру барған сайын маңызды бола түсуде. АҚШ-тың ғылыми әдебиетінде, мысалы, маманның ескірген білімінің айрықша өлшем бірлігі « біліктіліктің жартылай ыдырау кезеңі» деп аталатын өлшем бірлігімен көрсетіледі. [9]

Ақпараттық қоғамда компьютерлер немесе байланыс сызықтары емес, станоктар да емес, қайта білім мен творчествалық ойлау әулеті шешуші мәнге ие болады.

Сонымен қатар оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің есте сақталуы А.Маслоу және Б.Блум таксономиясы ( ойлау әрекеттерінің, оқу тапсырмалары мен сұрақтарының түрлері ) әдетте біз ақпаратты есте сақтауға ұмтыламыз, өйткені оны білім деп түсінеміз. А.Маслоу бойынша айтар болсам, қосымша – 1, 2. А.Маслоу таксономиясы бойынша лекция тыңдай отырып сынып оқушыларынан белсенді оқушылар бастапқы кезде 5 % көрсеткіште болады. Олар өздері мәтінді оқығанда 10 % өседі. Сабақта аудио – видео құралдарын қолдану барысында 15 %– ға, жобалар мен кестелерді т.б. көрсете отырып 30 %– ға, енді оқушылар тыңдап, оқып, қолданып, көргеннен кейін олар бір – бірімен пікірталасады ол кезде 50 %-қ көрсеткіште болады. Енді практикалық іс – әрекерттер жасау барысында 75 % көрсеткішке жетеді.

Нәтижесінде оқушылар оқытушының бағытымен өздері үйренген білімдерін қолданады және қасындағы жолдастарына үйрете бастайды, сонымен қатар қорытынды көрсеткіштері 90 % жетеді. Б.Блум таксономиясы бойынша әрбір оқушы көрген, естігендерін есте сақтайды, оны түсінеді бұл кезде төмен бағамен бағаланады. Осылайша есте сақтағандары мен түсінгендерін қолданып оған талдау жасайды ондай уақытта орта балмен бағаланады. Енді оқушы әрбір ісін синтездейді, нәтижесінде бағалайды осылайша жоғары балмен бағаланады

Сонымен, «Маған айтып берсең - ұмытып қалармын

Көрсетіп берсең –есте сақтармын

Өзіме жасатсаң – үйреніп алармын»
ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанның болашағы жасөспірім, жас ұрпақтар біз оларға болашақта үлкен сенім артамыз. Олардың сол сенімді орындауы үшін біз оларға үлкен жол көрсетуіміз керек. Қазір мектепте берген білім әрбір баланың санасында қалып қояды, олар оны орындауға барынша тырысып бағады. Сол үшін интерактивті тәсілдің маңызы өте зор. Оны әрбір оқытушы өз ісімен, шеберлігімен оқушыға жеткізе отырып, оны жан – жақты тәрбиелеп санасына құйып отыруы қажет. Міне сонда ғана қазақтың туын көкте желбіретіп, биіктерге асқақтатады және де білімді де білікті жастар саны артады деп сенемін.

Химия пәнінде оқушыға интерактивті тәсілдерді меңгерту үшін стандарттық бағдарламаны игеруде оқушыны қалыптастырып, оны қызықтыру үшін сабақ берудің оңай жолдарын тәсілін табу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Химия пәнінде интерактивті тәсілдермен өтудің мақсаты оқушылардың қызығушылығын арттырып, қоршаған ортаны қорғауға экологиялық сауаттылығын дамыту кезінде ішкі сезімін оятып, өзін танып біліп, кез келген әрекетке жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарау деңгейіне жеткізу.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін интерактивті әдіс,тәсілдердің тиімді пайдасы бар. Бұл сабақтардың, дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушылар жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып, өткізілген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі толықтыруға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.



  • Химияны оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді енгізу және оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыратындығы дәлелденді;

  • Интербелсенд әдіс-тәсілдер оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттырды;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдер нәтижесінде дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушыларда алған білімді жүйелеу қабілетін меңгеруге мүмкіндік беретіндігі анықтылды;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда мұғалімнің уақыты үдемделеді және химияны оқытуда қолданғанда өте тиімді.

Жалпы интерактивті тәсілдерді пайдалана отырып 9 «б» сыныбында және

9 «а» сыныбында сабақтар өтілді. Оның нәтижесінде оқушылардың сабақ үлгерімінің бағасы 3,6-дан 4-ке дейін артты. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар интерактивті әдіс, тәсілдің оқушы үшінде және оқытушы үшінде бұл қоғамда маңызы өте зор. Келтірілген оқытудың интербелсенді тәсілдерін әр сабақта тиімді пайдалану арқылы білімді де білікті маман шығады. Интербелсенді оқыту тәсілдерінің стратегияларын әр сабақта бөлек-бөлек қарастыруға болады. Стратегиялардың барлығын бір сабақта қолдану міндетті емес. Оқытушы өзінің тақырыбына ыңғайлы стратегияны таңдауына болады.




ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Химия мектепте» жураналы сәуір-мамыр 2003ж

2. «Химия мектепте» жураналы 2010ж. №2 12 бет

3. «Химия мектепте» жураналы 2011ж. №2 23 бет

4. « Химия мектепте » журналы 2006ж-2. 44 – 64 бет.

5. Жұматаева Б.Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы. // Биология және

салауаттылық негізі-2005.-№2.- Б.34-44.

6. Ж. Мұханбетов «Топқа бөліп оқыту» Алматы №5 2005ж. 16 – 18б.

7. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы: Кітап, 2000. – 87б.

8.М.М.Жанпейісова // Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту

құралы ретінде. Алматы. 2002 ж

9. Интернет желісі www. google.ru. «Интерактивное обучение»

10. «Мектеп және жоғары оқу орындары: Ой қозғағыштар, ізденістер,

табыстар» // Алматы. «Кәсіби даму мектебі» 2005ж

11. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құралдар. №1, 2, 3, 4. 1998

12. Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау- 2006. - №1-21-21б.

13. Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов. Жалпы химия. – А.: Рауан, 2001.

14. М.З.Қамалов, М.Д. Джусубалиева. Химиялық элементтер қасиеттерінің

энциклопедиялық анықтама таблицасы.- А.: Қайнар, 1993.-49 бет.



15. Химия. Орта мектептің 8-10 кластарына арналған оқулық. КазГ,

1961.- 429 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет