Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың



бет3/8
Дата27.02.2020
өлшемі0,63 Mb.
#58672
1   2   3   4   5   6   7   8

5-тарау. Аллаһ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жолдауды ешбір өзгертулерсіз жеткізуді, оған қатаң түрде ілесуді және кәпірлер мен екіжүзділердің жетегімен жүрмеуді бұйырды

Аллаһ былай деді: «Әй, Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Аллаһ сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз, Аллаһ қарсы болған елді тура жолға салмайды» (5:67).

Бұл аят ақиқатты ұлықтау өзімен бірге міндетті түрде адамдар тарапынан қорқытулар алып келетініне, бірақ Аллаһ Тағала мүміндерге қамқорлық жасайтынына нұсқайды.

Сондай-ақ Аллаһ былай деді: «Ол әлемдердің Раббысынан түсірілген. Егер елші кей сөзді өзі айтып, Бізге таңса, әрине оның оң жағынан қолға алар едік. Сосын оның күре тамырын кесер едік (өлтірер едік). Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды» (69:43-47).

Бұл аят бізге тіпті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі кәпірлер мен екіжүзділердің айтқандарына еріп кетпеуі үшін және Аллаһқа Ол айтпаған нәрсені таңбауы үшін, Аллаһ тарапынан ескертулерге және қолдауға мұқтаж болғандығын айтып тұр. Осыдан біз «ақиқатты қорғау жеңіл іс емес» деген қорытынды шығара аламыз.

«Саған уахи етілгенге ілес. Сондай-ақ Аллаһ бір үкім бергенге дейін сабыр ет. Ол үкім берушілердің Қайырлысы» (10:109).

Аллаһ Тағала Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қасиетті мәтіндерден қатаң ұстануды және олардан өз пікірлеріне және ой-тұжырымдарына қарай ауытқымауды бұйырады, тіпті олар (адамдар): «Кейбір ауытқуларда қорқынышты ешнәрсе жоқ», - деп айтса да.



«Әй, Пайғамбар! Аллаһқа тақуалық істе де, кәпірлер мен екіжүзділерге бағынба. Рас, Аллаһ - тым Білуші, аса Дана. Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ілес. Әрине, Аллаһ не істегендеріңді толық білуші. Аллаһқа тәуекел ет. Оның Қамқоршы және Сақтаушы екендігі жеткілікті» (33:1-3).

Бұл аят өзіне өте терең мағынаны қамтыған. Ол ақиқатқа шақыруда Аллаһ Тағала сені ризықпен қамтамасыз ететін Қамқоршың және сені адамдардан қорғайтын Сақтаушың болатынын түсініп, Аллаһқа тәуекел ету және сені тура жолдан тайдырушылардың ұсыныстарына алданбау қажет екендігі туралы айтады.



«Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне бағынсаң, олар сені Аллаһтың жолынан адастырады. Олар ойларына ғана ілеседі де, тек жорамалдайды ғана». (6:116)

«ухаммед) яһудилер де, христиандар да сен олардың діндерін ұстанбағаныңша, сірә, сенен разы болмайды. Оларға: «Аллаһтың жолы – тура жол», - де. Өзіңе білім келгеннен кейін, егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Аллаһ саған не Қамқоршы, не Жәрдемші болмас» (2:120).

Бұл аяттар айқын және түсінікті-ақ.



(Мухаммед) сен Біз туралы басқа бір нәрсені ойыңнан шығаруың үшін, олар сені саған уахи етіп бергенімізден ауытқызуға сәл-ақ қалды. Сол уақытта сен олардың сүйіктісіне айналар едің. Егер біз сені бекемдемегенде, әрине, оларға біраз бейімдеуге жақындар едің. Егер ондай болса, саған тіршілікте де, қайтыс болғаннан кейін де әлбетте еселеп азап таттырар едік. Сосын өзіңе Бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің!» (17:73-75).

Бұл аяттар бізге кәпірлер мен екіжүзділер ақиқаттың жақтаушыларын үнемі аздап болса да тура жолдан тайдыруға талпыныс жасайтындары туралы айтады. Олар ақиқаттың негізінде бекем және мығым тұрған адамды аздап болса да ауытқығысы келеді, осы азғантай ғана ауытқу кейіннен оны шетке қарай алыс алып кетуі үшін. Міне, сол кезде сен олар үшін досқа айналасың және олар саған ризашылығын білдіріп, сені тыныш қалдырады.

Ал бізге қатысты айтар болсақ, біздің ісіміз жоғарыда аталған көптеген сипаттарда кәпірлер мен екіжүзділерге ұқсастық танытатын дінге жаңалық енгізушілермен болуда.

6-тарау. Кейін Аллаһ Тағала Өзінің Жолдауын (Құран мен Сүннетті) тамамдады, оларды толық (кемел) деп атады және олардағы қандай да бір нәрсені толықтыруға тыйым салды

Аллаһ Тағала әрбір заттың толық түсіндірмесін беріп болмайынша, Өзінің заң-ережелерін, шекараларын, бұйрықтары мен тыйымдарын түсіруін тоқтатпады. Сөйтіп Ол Өзінің дінін кемелдікке жеткізді, оны толық деп атады және оны қандай да бір нәрсемен толықтыруға тыйым салды. Бұл мына аяттар мен хадистерден айқын түсіндіріледі:

Аллаһ Тағала былай деді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (5:3).

«Кітапта еш нәрседен кенде етпедік» (6:38).

«Сондай-ақ әрбір нәрсеге толық түсіндірме бердік» (17:12).

Осы аяттардан біз «Аллаһ Тағала не жеке, не жалпы аяттармен және хадистермен мәнін түсіндірмеген бірде-бір зат жоқ» деген қорытынды шығарамыз. Сондықтан да кім қандай да бір бидғат істесе, ал кейін өзінің амалына шариғатта негіз таппаса, Аллаһқа жанама түрде «Ол барлық затты түгелімен түсіндірмеді және осы игі істі түсіндірусіз қалдырды» деген айып таққан болады.

Абу Зарр Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Сендерді Аллаһқа жақындатын бірде-бір нәрсені мен сендерге нұсқамай қалдырмадым. Әрі сендерді Аллаһтан алыстатып, Отқа жақындататын бірде-бір нәрсені мен сендерге тыйым салмай қалдырмадым». Хадис сенімді (сахих); әт-Табарани «әл-Кәбир» № 1647; Ибн Хиббан 65.

Сондай-ақ Абдуллаһ ибн Амр да Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Аллаһ Тағала Пайғамбарларды жіберіп, оларға өздеріне белгілі болған кез келген (барлық) игілікті үмметіне нұсқауды және өздеріне белгілі болған кез келген (барлық) жамандықтан үмметін алдын ала сақтандыруды міндеттеді». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1844.

Осы екі хадистен біз «егер амал игі және Аллаһқа жақындататын болса, онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде міндетті түрде оған нұсқау болуы қажет» дегенді түсінеміз. Ал егер адам белгілі бір амалды игі десе, бірақ содан соң Сүннетте оған нұсқау таппаса, ол оны игі деп айтудан да, оны жасаудан да тыйылуы қажет. Кері болған жағдайда ол Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол осы игілікке нұсқамай кетті», - деп жанама түрде айыптаған болады. Егер адам мұндайды ашық түрде мәлімдесе, ол, ешбір күмәнсіз, кәпірге айналады.

Әл-Ирбад ибн Сәрия Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға (сахабаларға) былай деп өсиет еткенін жеткізген: «Ақиқатында, сендердің ұзақ өмір сүретіндерің көптеген келіспеушіліктерді көреді. Ендеше менің Сүннетімнен және тура жолмен жүруші ізгі халифалардың Сүннетінен ұстаныңдар, оған азу тістеріңмен жабысып алыңдар. Әрі ешбір жағдайда дінге ешқандай жаңалық енгізбеңдер, өйткені діндегі әрбір жаңалық – бұл адасушылық». Хадис сенімді (сахих); Абу Дауд 4607; Тирмизи 2676 ол туралы: «Хадис жақсы (хасан), сенімді (сахих)», - деген.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіспеушіліктен шығу үшін (қазіргі кезде кейбіреулер «фитна болмасын» деп айтуды жақсы көретіндей) не нәрсеге нұсқағанына назар бұрыңыздар. Ол бізге соларды орындасақ, кез келген келіспеушіліктен шығатын және адасушылықтан аман қалатын екі нәрсеге нұсқады, олар: Сүннеттен мығым ұстану және ешбір жағдайда дінге ешқандай жаңалық енгізбеу (және істемеу). Сонымен бірге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сондай заманға дейін өмір сүрсеңдер, аталарыңның әдет-ғұрыптарына жабысып алыңдар, өздерің игі деп санайтын амалдарды жасаңдар, тіпті осы амалдарыңа дәлел болатын еш нәрсе таппасаңдар да осылай істей беріңдер. Сондай-ақ фитна болмауы үшін, Сүннетте нұсқалған амалдарды тастаңдар. Әрі сендерге сөгіс айтқандардың барлығын жаныштап, оларға масқаралаушы лақап аттарды тағыңдар, оңды-солды өтірік айтыңдар, ал осының барлығы көмектеспесе, онда бұл өжеттерді полицияға тапсырсаңдар да болады», - деп айтқан жоқ.

Аиша Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Кім біздің бұл ісімізге (Исламға) одан болмаған бір нәрсе енгізсе, ол қайтарылады». Хадис сенімді (сахих); Бухари 2697; Муслим 1718.

Сондай-ақ Аиша Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын да жеткізген: «Кім біздің бұйрығымыз болмаған амалды жасаса, ол қайтарылады». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1718.

Бұл хадистен біз кімде-кім қандай да бір діни амал жасағысы келсе, осы амалға Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығы болуы керектігін, керісінше болған жағдайда оның амалы қайтарылатынын түсінеміз.



7-Тарау. Аллаһ Тағала бізге Құран мен Сүннетті сахабалар түсінгендей етіп түсінуді бұйырды

Аллаһ былай деді: «Мухажір, ансарлардан алғашқы иман келтіргендерден және жақсылықта оларға ілескендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Аллаһтан разы болды. Сондай-ақ Аллаһ олар үшін олар онда мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарын әзірледі. Осы - ұлы жетістік» (9:100).

Шейх Абдур-Рахман әс-Са‟ди өзінің тәпсірінде бұл аятқа түсіндірме беріп, былай деді: «Аллаһ сахабаларға қатаң түрде ілескендерге, яғни солардың сенімдеріндей сенімдерге ие болғандарға, солардың жасаған амалдарындай амалдар жасағандарға, солардың сөздеріндей сөздер сөйлегендерге разы. Олар – сөгіс білдіруге тиісті ешнәрсесі болмағандар, олар Аллаһтан ең ұлы мақтауға және ең жомарт сыйға лайық болды».

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Сонда олар егер сендер иман келтірген сияқты иман келтірсе, онда, рас, тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да Аллаһ сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Аллаһ - Естуші, әр нәрсені Білуші» (2:137).

Ибн Аббас: «Сөз сахабалар туралы болуда», - деді. Әл-Харауи «Замм ул-Кәлам» 4/39.

Біз бұл аяттан Аллаһ Тағаланың осы аятта белгілеген шартын орындағанымызда ғана, яғни сахабалар иман келтірген сияқты иман келтіргенімізде ғана тура жолмен жүре алатынымызды түсінеміз. Ал иман – бұл сөздер, амалдар және сенімдер.5 Сондықтан біз сахабалардың сенімдеріндей сенімге ие болуымыз, сахабалардың айтатын сөздеріндей сөздерді айтуымыз және солардың амалдарындай амалдар жасауымыз қажет. Кері болған жағдайда біз ақиқатпен үнемі келіспеушілікте және алауыздықта боламыз, ал «фитна» дегеніміз – осы. Әрі біз Аллаһ Тағала Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардан қорғауға уәде еткен адамдардан боламыз.

Аллаһ былай деді: «Ал біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!» (4:115).

Имам Ибн Аби Жәмра былай деген: «Ғалымдар: «Бұл аятта сөз сахабалар және мұсылмандардың алғашқы буыны туралы болуда», - деп айтқан». «Бахжат ун-Нуфус» 15-бет.

Осыдан біз егер біреу сахабалар істемеген амалды істеп жатса, оның барар орны Тозақ болатынын түсінеміз.

Му‟ауия ибн Аби Суфьян Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді. Жетпіс екі ағым Отта, ал біреуі Жәннатта», - деп айтқанын жеткізген. Сахабалар: «Жәннаттағылар кімдер?», - деп сұрады. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар – мен және менің сахабаларым ілескенге ілесетіндер», - деп жауап берді. Хадис жақсы (хасан); Ахмад 4/102; Абу Дауд 2/503; Тирмизи 3/367; Ибн Мәжаһ 2/479; Қз.: «әс-Сахиха» № 204.

Бұл хадистен түсінетініміз: кім Жәннатты қаласа және Оттан құтылғысы келсе, оның жолы белгілі – Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары шектелгенмен шектелу.

Аллаһ Тағала былай деді: «Сонда кім Оттан құтқарылып Жәннатқа кіргізілсе, рас жетістікке ие болды» (3:185).

Имам Шә‟би ибн Шурахбил былай деген: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан баяндалған нәрсені ал да, ал жеке пікірге сүйеніп баяндалған нәрсеге кіші дәретіңді сындыра сал!» Абдурраззақ «Мусаннаф» 11/256.

Са‟ид ибн Жубайр былай деген: «Бадр шайқасына қатысқан сахабаларға мәлім болмаған нәрселер – діннен емес!» «Жәми‟ ул-баян ил-илм уа фадлиһи» № 1425.

Ибн Аббас хауариждерге: «Мен сендерге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан – мухажірлер мен ансарлардан және оның көкесінің баласынан келдім. Құран солардың кезінде түсірілді әрі олар оның мағынасын сендерден жақсырақ түсінеді, ал мен сендердің араларыңда олардың біреуін де көріп тұрған жоқпын», - деді. Сенімді (сахих) хабар; Ахмад 1/621; әл-Хаким 2/150.

Осы хабарларға негізделіп, біз сахабалардың кезінде мәуліт өткізілді ме - соған қарауымыз керек. Егер өткізілмеген болса, онда бізге имам әш-Шә‟бидің кеңесіне амал етуден басқа ешнәрсе қалмайды!



8-тарау. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабын және Сүннетті бұрмалаулардан сақтап қалуды уәде етті

Аллаһ былай деді: «Расында Ескертуді Біз түсірдік әрі Біз оны қорғаушымыз». (15:9)

Бұл аятта «Ескерту» дегенде тек Құран ғана емес, бірақ Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті де, сондай-ақ сахабалардың Құран мен Сүннетті түсінулерін қамтитын олардан келген хабарлар (асарлар) да аталып тұр. Ойткені Сүннетсіз Құранды дұрыс түсіну мүмкін емес, ал сахабалардан келген хабарларсыз ешкімнің Құран мен Сүннетті түсінуі дұрыс болуына сенімді бола алмайды. Ал егер Аллаһ Тағала біз үшін Құран мен Сүннетті және сахабалардың түсінігін сақтап қалмағанда, бұл зұлымдық болар еді, өйткені бұл бізді тура жолды табу мүмкіндігінен айыру болар еді. Ал Аллаһ Тағала әділетсіз болудан Пәк.

«Негізінен Аллаһ тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді» (4:40).

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас АллаһЕлшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ адамдардан білімді тартып алу арқылы алмайды, бірақ оны ғалымдардың өлімі арқылы алады», - деп айтқанын жеткізген. Хадис сенімді (сахих); Бухари 100; Муслим 2673; Ахмад 6521; Тирмизи 2652; Ибн Мәжаһ 52.

Хафиз Ибн Хәжар былай деген: «Ибн әл-Мунир былай деп айтқан екен: «Білімнің жойылуы теориялық тұрғыдан орын алуы мүмкін, бірақ бұл хадис білімнің жойылмайтынына дәлел болып табылады». «Фатх ул-Бәри» 1/257.

Ал білім - бұл Құран, Сүннет және сахабалардан жеткен хабарлардан өзге еш нәрсе емес.

Осы тарауды оқып болған соң, оқырман өзіне төмендегідей қорытынды жасауы қажет:

1. Ешкім: «Мәуліт туралы аяттар мен хадистер кезінде болған, бірақ бізге жетпеген және бұл туралы хабарлар жоғалып кеткен», - деп мәлімдеме жасай алмайды. Бұл негіз өте маңызды, өйткені онымен келіспейтін адам, әлемдердің Раббысының дініне ойына келген қайдағы бір нәрселерді енгізіп, кейін: «Бұл туралы аяттар және хадистер бар болған болуы ықтимал, бірақ бізге жетпеген», - деп айтуы да мүмкін.

2. Ешкім: «Сахабалар немесе Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мәуліт өткізген, бірақ ешкім бұл туралы деректі жеткізбеген», - деп мәлімдеме жасай алмайды. Яғни басқаша айтқанда: «Амалдың орындалғандығы туралы білімнің болмауы «бұл амал орындалмады» дегенді білдірмейді», - деп айта алмайды.

Ешкім мұндай мәлімдеме жасай алмайды, өйткені егер осы амал адамдарды Аллаһқа жақындататын болғанда, онда бізді одан және Аллаһтың разылығын алу мүмкіндігінен мақұрым қалдыру әділетсіздік болар еді.

3. Ешкім мұндай аяттарды Құранға, немесе мұндай хадистерді Сүннетке қоса алмайды (өйткені бұл хадистердің жалғандығы міндетті түрде мухаддистер6 тарапынан әшкереленеді).

Аллаһ былай деді: «Оның алдынан да, артынан да өтірік келмейді (араласпайды). Ол Аса Дана, өте Мақтаулы АллаҺ тарапынан түсірілген». (41:42)



9-тарау. Діндегі жаңалық (бидғат) деген не және оның зияны неде?

Діндегі жаңалық (бидғат) – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалардың кезінде кезінде олардың Аллаһқа жақындау жолында және Оған құлшылық қылуларында көрініс таппаған кез келген сенім, сөз және амал.

Қасиетті кітаптарда сөгіс айтылған діндегі жаңалықтардың (бидғаттың) не екендігін, сондай-ақ олар адасушылық болып табылатындығын төмендегілер нұсқайды7:

1. Сүннетке қайшы келетін барлық сөздер, амалдар және сенімдер, тіпті олар ижтиһадтың нәтижесі болса да (мысалы, жұма намазына шақырылатын екі азанның біріншісі)8.

2. Адам Аллаһқа жақындауды және Оның разылын алуды қалап істейтін, бірақ шариғатта оның тыйым салынғандығы туралы нақты нұсқау болған кез келген іс (мысалы, туысқан адамыңның қайтыс болғанынан кейін үшіне, жетісіне, қырқына, жылына, өлген күніне, жамбасы жерге тиген күніне, туған күніне, пейшенбілікке, т.с.с. күндерді белгілеп (атап), адамдарға арнап дастархан жаю (тамақ беру)).

3. Тек шариғи мәтінмен ғана заңды етіп бекітілетін, бірақ оған қатысты шариғи мәтін жоқ кез келген іс. Сахабаның бірнеше рет істеген ісі, егер басқа сахабалар оған ешқандай сөгіс білдірмеген болса (мысалы, намаздың немесе дұғаның ерекше бір түрі т.б.), бұдан тыс шығарылатын іс болып табылады.

4. Кәпірлерден алынып, кейін шариғатта заңдастырылған ғибадатқа телінген іс (мысалы, негізі христиандардың Рождество Христово (Христостың туған күні) мерекесі болған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туғанына арналған мереке өткізу).

5. Кейбір ғалымдар оларды істеу жақсы деп айтқан, бірақ қасиетті мәтіндерде бұған дәлелдері жоқ істер (мысалы, қабірдің басына, не жалпы бейіттерге тал отырғызу).

6. Тек әлсіз және өтірік хадистерде ғана нұсқалған (көрсетілген) кез келген ғибадат (мысалы, Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немесе әулиеніңнінің құрметі және құқығы арқылы жүгіну (сопылардың заңдастырылмаған тәууасулі)).

7. Қандай да бір ғибадатта шектен шығу (мысалы, Рамазан айынан өзге уақытта үнемі, үзіліссіз, күнде ораза ұстау).

8. Заңдылығына шариғат нұсқаған, бірақ оны белгілі бір күнмен, орынмен, тәсілмен немесе санмен шектемеген ғибадаттар (мысалы, өз аумағыңның қабірлеріне зиярат жасау шариғатта заңдастырылған, бірақ «оларды әр жұма күні немесе айт күндерінде зиярат ету жақсырақ» деген сөз діндегі жаңалық болып табылады). Діндегі жаңалықтар туралы көптеген аяттар, хадистер және сахабалардан хабарлар келген. Олардың мәні діндегі жаңалықтар көпқұдайшылдықтан кейінгі ең жаман амал екендігіне келіп тіреледі!

Олардың зияны неде?



  1. Діндегі жаңалықтың жақтаушысы (бидғатшы) жанама түрде: «Аллаһ Тағала әділетсіздік жасады және адамдарға сауапқа жетуге болатын кейбір амалдар мен жолдар туралы хабар жібермеді», - деп мәлімдеген болады.

Аллаһ былай деп айтады: «Олардың жүректерінде дерті бар ма? Немесе күдіктенуде ме? Не өздеріне Аллаһ, Пайғамбары әділетсіздік істейді деп қорқа ма? Олай емес. Олардың өздері залымдық істеуде» (24:50).

Сондай-ақ Ол: «Міне, Раббыларың туралы ойлаған осы ойларың өздеріңді жойды да, сонда зиянға ұшыраушылардан болдыңдар», - деді (41:23).

2. Бидғатшы жанама түрде: «Пайғамбардың өзі діндегі бұл жаңалықтың игілігі туралы білмеген», - деп мәлімдеген болады. Бірақ бұл мына хадиске қайшы келеді: «Сендерді Аллаһқа жақындатын бірде-бір нәрсені мен сендерге нұсқамай қалдырмадым. Әрі сендерді Аллаһтан алыстатып, Отқа жақындататын бірде-бір нәрсені мен сендерге тыйым салмай қалдырмадым». Хадис сенімді (сахих); әт-Табарани «әл-Кәбир» № 1647; Ибн Хиббан 65, Абу Заррдың сөздерінен.

Бұл хадистен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сауапқа жетудің барлық жолдары мен тәсілдерін білгендігі бірмағыналы түрде түсініледі.

3. Бидғатшы жанама түрде: «Пайғамбар Аллаһ оған адамдарға жеткізуді бұйырған нәрсесінің бір бөлігін бізден жасырып қалды», - деп мәлімдеген болады.

Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Аллаһ сендерге бұйырып, мен сендерге бұйырмаған, және Аллаһ сендерге тыйым салып, мен сендерге тыйым салмаған ешнәрсе жоқ» деген хадисіне анық қайшы келеді.

Осыдан шыға келе кез келген бидғатшы өзінің бидғатымен жанама немесе ашық түрде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күйе жаққан болады. Сондықтан да ханафи мазһабының имамдарының бірі имам әл-Баркауи (981 х/ж) былай деген екен: «Сен қандай көпқұдайшылды кездестірсең де, ол міндетті түрде Аллаһ Тағаланы қаралайды, тіпті егер өзінің көпқұдайшылдығымен Оны ұлықтаймын деп ойласа да. Тура сол секілді, сен қайсы бидғатшыны кездестірсең де, ол міндетті түрде Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаралайды, тіпті егер өзінің бидғатымен оны ұлықтаймын деп ойласа да». «Зиярат ул-Қубур» 34-бет.

4. Бидғатшы сахабаларды жанама түрде: «Олар игілікке және ғибадатқа жеткілікті түрде ұмтылмады және Пайғамбарды жеткілікті денгейде сүймеді», - деп айыптаған болады.

Абу Са‟ид әл-Худри Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайтын: «Менің сахабаларымды балағаттамаңдар, егер сендердің кез келгендерің Аллаһтың жолында Ухуд тауына тең алтынды таратса да, сахабалардың кез келгені бір уыс алтынды немесе оның жартысын сарп еткені үшін алған сауабын ала алмайды». Хадис сенімді (сахих); Бухари 3673; Муслим 2541.

5. Бидғатшы: «Аллаһтың діні бәрібір толық және кемел емес және ол кейбір қосымшалар мен түзетулерге мұқтаж», - деп мәлімдейді.

Ал Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (5:3).

Сондай-ақ Ол: «(Мухаммед) «Аллаһтың діні осылай! Кімнің діні Аллаһтың дінінен жақсырақ болмақ? Сондықтан біз Оған ғана құлшылық қыламыз», - деп айт», - деді (2:138).

6. Кез келген бидғатшы жүрегінде сахабаларға деген жеккөрушілік сақтайды, өйткені ол қандай бидғат жасаса да, Сүннеттің жақтаушылары оған осы амалды жасамаған сахабаларды мысал ретінде келтіреді.

Аллаһ сондайлар туралы былай деген: «Қашан олар сендерге кездессе: «Иман келтірдік», - деп, ал қашан олар оңашалана қалса, сендерге деген ызаларының зардабынан саусақтарын шайнар. (Мухаммед) «Ызаланған бойда өліп кетіңдер!» - де. Шәксіз, Аллаһ көкіректегілерді толық біледі» (3:119).



«Сондай олардан кейін келгендер де: "Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббымыз, шүбәсіз, Сен тым Жұмсақ, ерекше Мейірімдісің" – дейді» (59:10).

7. Діндегі жаңалықтардың көптігі адамдардың мүлде басқа дінді ұстануына алып келеді, әрі іс жүзінде олар осы арқылы Аллаһқа жақындамайды және Аллаһтан Ол оларға уәде етпеген нәрселерді алуға үміт етеді.

Аллаһ былай деді: «Немесе дінде Аллаһ рұқсат бермеген нәрсені оларға заңдастырған ортақтары бар ма?» (42:21).

8. Діндегі жаңалық – ең жаман амалдардың бірі болуына қарамастан, бидғатшы осы ісіне тәубе етеді және оны тастайды дегенге үміт жоқтың қасы.

Әнас ибн Мәлик Пағамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ бидғатшыға тәубе етуді нәсіп етпейді», - деп айтқанын баяндаған. Хадис сенімді (сахих). Абу әш-Шейх «Тарих Асбахан» 259-бет; Табарани «әл-Аусат» № 4360; әл-Харауи «Замм ул-Кәлам» 6/101/1; Бәйһақи «Шу‟аб ул-Иман» 2/380/2; Қз.: «әс-Сахиха» 1620.

Сондықтан Абу Амр әс-Сибани былай деп айтқан екен: «Аллаһ Тағала бидғатшыға тәубе ету мүмкіндігін бермеді, әрі бидғатшы өзінің бидғатынан да жаманырақ нәрсеге өтпесе ғана, өз бидғатын тастамайды». Ибн Уаддах «әл-Хауадис» № 152.

Басқа бір жерде ол былай деген: «Ол тәубеге келеді деген азғантай ғана ықтималдық бар, бірақ басым көпшілік жағдайда бұлай болмайды. Бұл оның өз бидғатына жабысып алғандығынан, өйткені ол (шариғи) мәтіндерде оның амалдарын заңды ететін дәлелдер бар деп есептейді. Бірақ іс жүзінде бұл мәтіндер осы амалдың заңдылығына нұсқамайды. Ол өзі дұрыс деп есептейтін бір нәрселерді шариғат та дұрыс деп есептейді деп пайымдайды. Сондықтан да қалайша ол осы амалынан бас тартпақ және ол үшін тәубе етпек?!»

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Сондықтан да Суфьян әс-Саури және басқалар сияқты бұл діннің имамдары діндегі жаңалық Ібіліс үшін күнәлардан да сүйіктірек деп айтқан. Өйткені күнәлары үшін адам тәубе етеді, бірақ діндегі жаңалық жасағаны үшін тәубе етпейді. Оның себебі адамның Аллаһ пен Оның Елшісі заңдастырмаған дінді ұстана бастайтынында және оның ісі өзіне көркем етіп көрсетіледі, әрі ол оны игілік деп санайды. Ендеше, қалайша ол игілік деп санаған нәрсесі үшін тәубе етпек?! Тәубе туралы ой істелініп жатқан амалдың жаман екендігін түсінгеннен кейін ғана пайда болады». «Мәжму‟ әл-Фәтауа» 10/9.

9. Діндегі жаңалық жасаған адам міндетті түрде тура сол мазмұндағы Сүннеттің мөлшерін тастайды.

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Сен Сүннеттен өз бидғатына қарама-қайшы келетін қандай да бір нәрсені тастаған бидғатшыдан өзге бидғатшыны таппайсың. Бұл хадисте: «Дінде қандай жаңалық ойлап табылса, міндетті түрде Сүннеттен сонша нәрсе тасталады», - деп келгеніндей. Хадисті имам Ахмад (4/105) жеткізген. Аллаһ былай деген: «Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына Қиямет күніне дейін дұшпандық пен өшпенділіктік салдық» (5:14)». «Мәжму‟ әл-Фәтауа» 7/173.

Сүннеттен қандай да бір нәрсені тастау адасушылыққа алып келеді:

Абу Бакр әс-Сыддық: «Мен Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істегенінің кішкентай ғана бөлігін істеуді де қалдырмаймын, өйткені мен осыдан бір нәрсені қалдырсам, адасамын ба деп қорқамын». Хабар сенімді (сахих); Бухари 3093; Муслим 1759.

10. Пайғамбар Қиямет күні бидғатшылардан бас тартады.

Абу Са‟ид әл-Худри Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Қиямет күні маған мен танитытын және мені танитын адамдарды алып келеді, бірақ кейін мені мен олардың арасында бөгет қойылады да, мен: «Олар менің үмметімнен ғой!», - деп айтамын. Ал маған: «Сен олардың сенен кейін не енгізгенін білмейсің!», - деп айтылады. Сол кезде мен: «Кетсін әрі, кетсін әрі, менен кейін дінді өзгерткендер!», - деймін». Хадис сенімді (сахих); Бухари 5/2406; Муслим 4/1793.

11. Бидғатшы өзінің бидғатымен мұсылмандардың біртұтастығын бұзады, соның салдарынан, келіспеушіліктер, алауыздық пен өшпенділік пайда болады.

Аллаһ былай деді: «Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына Қиямет күніне дейін дұшпандық, өштік салдық. Және Аллаһ оларға не істегендерінің хабарын тез береді» (5:14).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Сонда олар егер сендер иман келтірген сияқты иман келтірсе, онда, рас, тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да Аллаһ сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Аллаһ - Естуші, әр нәрсені Білуші» (2:137).

12. Бидғатшы өзінің бидғатын істей бастағанда, ол қаласа да, қаламаса да, не сөздерімен, не істерімен оған басқа адамдарды шақыра бастайды. Өйткені адамның табиғаты сондай, яғни ол бір нәрсені игілік деп таныса, міндетті түрде өзін қоршаған адамдармен онымен бөліскісі келеді, әсіресе өзі жақсы көретіндермен және оларға жақсылықты қалайтындарымен. Ал осы нәрсе мұсылмандардың тұтас тобының біртұтас жамағаттан (әл-жәма`адан) бөлініп шығып, діндегі осы жаңалықтың негізінде достасуына және дұшпан болуына әкеп соғады. Өздерін қолдайтындарды олар өз ортасына қосады, ал кім бұл бидғатқа қарсылық жасаса, олар оны дұшпан деп жариялады.

Аллаһ былай деп айтты: «Рас, сендердің діндерің – біртұтас дін, ал Мен - Раббыларың. Менен ғана қорқыңдар. Алайда олар өз дінін бөлшектерге бөліп тастады, әр секта өзінде болғанға мәз болды» (23:52-53).

Ол сондай-ақ былай деді: «Күдіксіз, діндерінде бөлініп, топтарға бөлінгендерге сенің ешбір қатысың жоқ. Сөзсіз, олардың ісі Аллаһқа тән. Кейін Ол оларға істеген істерін түсіндіреді» (6:159).



Каталог: books
books -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
books -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
books -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
books -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
books -> Антон Первушин Астронавты Гитлера


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет