Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың


-тарау. Келіспеушіліктер орын алғанда неге оралу (қайту) керек?!



бет4/8
Дата27.02.2020
өлшемі0,63 Mb.
#58672
1   2   3   4   5   6   7   8

10-тарау. Келіспеушіліктер орын алғанда неге оралу (қайту) керек?!

Аллаһ былай деді: «Аллаһқа әрі Елшісіне бой ұсыныңдар да, өзара жанжалдаспаңдар» (8:46).

Бұл аят өзіне келіспеушіліктер туындаған кезде соған оралу керек болған діннің ұлы негізін қамтыған. Оның мәні – егер біз келіспеушіліктердің тоқтауын немесе олардың болмауын қаласақ, онда Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнушылыққа кіруіміз қажет. Өкінішке орай, діни қайраткерлердің көбі бұл негізді түсінбейді, білмейді, білгісі келмейді немесе олар мұндай негізді білмейтіндей бола қалады. Дәл сондықтан да республиканың мешіттерінде «Фитна және алауыздық болмау үшін, намазда екі қолыңды көтерме», немесе «Фатихадан кейін «Әмин!» - деп дауыстап айтпа», немесе «Екі қолыңды көкірегіңе қойма» деген сөздерді жиі кездестіруге болады. Бұл жерде осындай тәсілдің өте қауіпті екенін және ауыр зардаптарға әкеп соғатынын түсіну қажет. Олар мынандай:

1. Бұл сөздерді айтып жатқан адам «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесу мұсылмандардың арасындағы алауыздықтар мен фитнаның себебі болып жатыр» деген сенімге ие. Ол сондай-ақ «Сүннетті қалдыру және оған қайшы әрекет жасау мұсылмандардың бірлігінің себебі болады» деген сенімге де ие. Осыдан «Сүннетке шақырушы адам мұсылмандардың арасына араздық енгізеді және осы үшін Аллаһтың алдында күнә көтереді, ал Сүннетті қалдыруға шақырушы адам мұсылмандарды біріктіреді және осы үшін сауап алады» деген тұжырым шығады. Осыны тұспалдаудың өзі тантық (сандырақ) екені соншалықты – тіпті қарсы дәйектер келтіруді де қажет етпейді.

Осы жерде Аллаһтың мына сөздерін келтіру орынды болады: «Оның әміріне қарсы келгендер өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын» (24:63).

Аллаһ Тағала фитнаның себебі деп адамдардың Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрықтарына бағынбай қоюларын атап көрсеткеніне назар аударыңыздар, бұл олардың сенімді (сахих) хадистерге сәйкес амалдарды қалдыруларында көрініс табуда. Бұл өзі ғана сенімді хадистерге амал етпейтінімен қоса, басқаларға да оларға сәйкес амал етуге тыйым салатындар туралы айтпағанның өзінде. Ал мұны басқаларға тыйым салып қана қоймай, соған қоса осынысымен өзін мұсылмандарды біріктіруші және игілік жасаушы етіп көрсеткісі келетіндер туралы не айтуға болмақ?! Сондықтан да «сенімді (сахих) хадистерге сәйкес амал етуші фитнаның себепшісіне айналады» деген қорытынды өте таңқаларлық және қате болып табылады.

Сондай-ақ осы жерде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Ибн Мас‟удтың мына сөздерін келтіру де орынды болады: «Сендерді оның ішінде кәрілерің қартаятын және оның үстінде жастарың ер жететін фитна басқан кезде не істейсіңдер? Ол адамдардың арасында жүреді, әрі олар діндегі жаңалықтарды Сүннет деп қабылдайтын болады, тіпті біреу осы бидғатты түзетсе немесе жойса, адамдар: «Сүннетті жойды!», - деп айтады. Сонда адамдар: «Уа, Абу Абдур-Рахман?! Бұл қашан орын алады?», - деп сұрады. Ол: «Сендердің араларыңда (Құранды) жатқа оқитындар көбейіп, ал ғалымдар азайған кезде, әмірлеріңнің саны көбейіп, ал сенімді адамдардың саны азайған кезде, әрі адамдар осы өмірдің (игіліктерінің) ізінен қуып, ғибадатты соған жетудегі табыс табудың көзіне айналдырған кезде», - деп жауап береді. Хабар сенімді (сахих); әд-Дәрими 1/58.

Бұл ұлы сахабаның «фитна» деген үғыммен нені меңзегеніне назар бұрыңыздар! Фитна деп ол Сүннетті қалдыруды айтып тұр, ал бұл сенімді хадистерге сәйкес амалдарды тастауда көрініс табуда. Сондай-ақ ол фитна деп бидғаттарды жасауды айтып тұр.

Фитна діндегі жаңалықтарды (биғатты) Сүннетке, ал Сүннетті бидғатқа айналдырылумен қиындай түседі. Және шын мәнісінде де солай: сен осы адамдарға келіп, осылай істеуді Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырды деп айтсаң, олар: «Араб елінен (оқып келген) мына бір студент өз хадистерімен келді де, осында фитна таратуға талпынып жүр!», - дейді.

2. Аллаһ Тағаланың бізден Құран мен Сүннеттің төңірегінде бірігуімізден бөлек, әйтеуір бір кез келген біртұтастықты талап етпейтінін түсіну қажет. Аллаһ Тағала біздің өтіріктің, бидғаттардың және Сүннетті тастаудың негізінде біріккенімізді қаламайды. Аллаһ Тағала біздің ақиқаттың, Сүннеттің және соған сәйкес болған амалдардың үстінде бірігуімізді қалайды. Аллаһ Тағала былай деді: «Түп-түгел Аллаһтың жібіне (дініне) жабысыңдар да, бөлінбеңдер» (3:103).

Назар аударыңыздар, Аллаһ Тағала: «Түп-түгел бәрің қалаған нәрселеріңе жабысып ұстаныңдар, ең бастысы бөлінбеңдер!», - деп айтпады ғой. Және Ол: «Түп-түгел бәрің Сүннетті және соған сәйкес амал жасауды тастаңдар және ешбір жағдайда хадистерге сәйкес амал жасамаңдар, әйтпесе бөлінесіңдер!», - деп тіпті де айтпады. Ол: «...Аллаһтың жібіне...», - деп айтты. Ендеше, қалайша біздің діни жетекшілеріміз біздің діннің жүздеген мәселелерінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін тастауымызды, сондай-ақ жүздеген бидғаттарды жасауда олармен бірге ынтымақтас болуымызды қалайды?! Олар, тіпті егер біз аз болып, олар көпшілік болса да, біз Сүннетті орындауымыз және бидғаттарды тастауымыз арқылы мұсылмандардың біртұтас үмметі болып табылатымызды түсінулері қажет. Ал мұсылмандардың біртұтастығын бөлушілер және фитна жасаушылар – олардың өздері. Сондықтан да біртұтас үмметке (әл-жәма'аға) оралу дәл солардан талап етіледі, ал бізге келер болсақ, бізден ақиқатты ұстануды жалғастыру және бөлінбеу талап етіледі.

Бауырым, ақиқат қуатты және о бастан сақталып келе жатқандығын біліңіз. Ол адамдардан, пікірлерден, саяси және өзге мүдделерден күшті, ол мемлекеттерден, әмірлерден (патшалардан) және ғалымдардан да күшті. Бұл діннің таралуының бастапқы кезінде бидғаттар және бидғатшылар жоқ еді, тек Сүннеттің және біртұтас жамағаттың жақтаушылары (әһлю-Сунна уәл-жәма'а) ғана бар болатын. Сосын біршәма уақыт өткен соң, мұсылмандардың үмметінде Құранмен және Сүннетпен қанағат еткісі келмейтін және дінге жаңалықтар енгізіп, біртұтас жамағаттан шыға бастаған адамдар пайда болды. Алғашында олар аз болатын, бірақ уақыт өткен сайын көбейе берді. Жағдай тұтас қоныстардың, қалалардың және мемлекеттердің осы бидғаттарға батуына, ал осы елдерде тұратын ақиқаттың жақтаушыларын бармақпен санауға болатынға дейін жетті. Алайда егер сен өзіңнің ауылыңа немесе қалашығыңа келген болсаң, және сенің мекеніңнің тұрғындары бидғаттар мен адасушылықтың төңірегінде біріккен болса, бұл «сен олардың бірлігін бұзудан қорқып, оларды қалдыруың керек және ақиқатқа шақырмауың керек» дегенді білдірмейді.

Аллаһ Тағала олардың біртұтастығына разы емес екенін және олар алғашқы ғасырларда өмір сүрген, саны аз болған дінге жаңалық енгізушілердің (бидғатшылардың) ізбасарлары болып табылатынын біл. Сондықтан да ақиқатқа оралу, бидғаттарды тастау және Сүннеттің төңірегіне бірігу дәл солардан талап етіледі. Ал Сүннетті ұстанушы – сен жалғыз болсаң да, біртұтас жамағатсың (әл-жәма’а). Өйткені сен Исламның алғашқы ғасырларында сахабалардан құралған біртұтас жамағаттың сақталып қалған бір бірлігі болып табыласың.

Сондықтан да Ибн әл-Мубаракқа «Соңынан ілесуге тиісті жамағат кімдерден құралады?» деген сұрақ қойылғанда, ол: «Бұл Абу Бакр және Умар», - деді де, кейіннен Мухаммад ибн Сабитке және әл-Хусайн ибн Уақидке келіп тоқтамайынша, есімдерді атай беруін жалғастыра берді. Сонда оған «Бірақ олар қайтыс болды ғой! Тірілерден біреу бар ма?» деген сұрақ қойылды, ал ол: «Абу Хамза әс-Суккари», - деп жауап берді. “Әл-И‟тисам» 2/211, сондай-ақ осыған ұқсас деректі Ләләкаи де № 2326 келтірген.

Ибн Хиббан былай деген: «Біртұтас жамағат (жәма’а) – бұл сахабалар, ал сахабалардан кейін, бұл - дінге, ақылға және білімге ие адамдар. Олар – өз құмарлықтарын (әуес-қалауларын) тастағандар, тіпті бұл адамдар аз болса да! Бірақ жамағат (жәма’а) – бұл қарапайым адамдардың жиналған тобыры емес, тіпті олар көпшілік болса да!» Сахих Ибн Хиббан 14/126.

3. Сондай-ақ осы жерде Аллаһ Тағала: «Келіспеушілікке салынбаңдар да, өз халықтарыңның және қоғамдарыңның сал-дәстүрлеріне оралыңдар, өйткені егер сендер Құран мен Сүннетке шақырсаңдар, бұл адамдарға ұнамайды, олар сендермен келіспейді, әрі сендер олардың бөлінуіне және алауыздығына себепкер боласыңдар», - деп айтпағанына назар бұру қажет. Діни қайраткерлердің көбі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арабтарды Аллаһтың дініне шақырған кезде, ол да олардың салт-дәстүрлеріне қайшы шыққанын, ал бұл өз кезегінде қоғамның бөлінуіне әкелгенін, құрайштықтар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Бөлуші» деген лақап ат тағып, онымен Пайғамбардың атадан баланы, әйелден күйеуін бөлгенін меңзегендерін біледі. Ал, ендеше, не үшін Аллаһ Тағала оған осыны тыйым салмады және өз қоғамының жетегінде жүруді бұйырмады?!

Аллаһ Тағала бізге келіспеушіліктен шығу жолын көрсеткен екінші аятқа қарайық.

Аллаһ былай деп айтты: «Ендеше, егер мүмін болсаңдар, Аллаһтан қорқып, араларыңды жарастырыңдар. Және Аллаһқа, Пайғамбарына бой ұсыныңдар» (8:1).

Аллаһ Тағала келіспеушіліктер орын алған кезде, тағы да Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнуды, яғни Сүннетті қалдыруды емес, оны орындауға мейлінше бекем жабысып алуды бұйырғанына назар аударыңдар. Сондай-ақ Аллаһ Тағала осыны «егер мүмін болсаңдар» деген сөздерімен шартты еткеніне де назар бөліңдер. Өйткені адам Исламды қабылдаған соң, ол келіспеушіліктер орын алған кезде және жалпы өзінің өмірінің барлық жағдайларында оралуға (жүгінуге) тиісті негіз оның өзі иман келтірген Раббысының Кітабы және сол Раббысының Елшісінің Сүннеті болып табылатынын мойындайды. Сондықтан Аллаһ Тағала кәпірлер туралы айтып және олардың Аллаһқа иман келтіруден бас тартқандығының себебін ашып, былай деді: «Аллаһ түсірген (Құранға) бой ұсыныңдар делінсе, олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз», - деді» (2:170).

Ол сондай-ақ былай деді: «Осылайша сенен бұрын қандай да бір қонысқа ескертетін насихаттаушыны жіберген болсақ, оның сән-салтанатпен нәзіктенген адамдары міндетті түрде: "Расында, біз аталарымызды осы жолдың үстінде таптық. Біз де солардың ізіне дұрыс ерудеміз", - деді. Ол: "Ал егер мен сендерге аталарыңды тапқан жолдан дұрыс нәрсе әкелген болсам ше?», - деді. Олар: "Расында, сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз", - деді. Сонда Біз де олардың тиісті жазасын бердік. Енді жасынға шығарушылардың соңы қалай болғанын қара» (43:23-25).

Осы жерде барлық өткен халықтардың өз ата-бабаларының салттары мен әдет-ғұрыптарын тастай алмағандықтары және оларды Аллаһтың дінінен абзал көргендіктері олар Исламды қабылдаудан бас тартудағы негізгі себебі болғанын түсіну өте маңызды болып табылады.

Муса пайғамбар Перғауынды әлемдердің Раббысының дініне шақырғанда, ол не деп айтқанына қараңдар: «(Перғауын): "Ал сонда бұрынғы дәуірдегілердің жағдайы қандай?" - деді» (20: 51).

Әл-Мусайаб ибн Хазн былай деп баяндайтын: «Абу Талиб өлім сәтінде жатқан кезде оған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келді. Сол кезде оның жанына Абдуллаһ ибн Аби Умайя мен Абу Жәһл келіп қойған екен. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Талибке: «Уа, көке! «Лә иләһа иллә Ллаһ» («Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ») деп айт, әрі Қиямет күні осы мен сен үшін Аллаһтың алдында араша түсетін сөз болады», - деді. Сол кезде әлгі екеуі Абу Талибке: «Сонда сен ‘Абдулмутталибтің дінінен бас тартпақсың ба?!», - деп айтты. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған айтқан нәрсесін айтуды жалғастыра берді, ал олар оған айтқан нәрсесін қайта-қайта айта берді. Ал Абу Талибтің соңғы айтқан сөзі оның Абдулмутталибтің дінінде қала беретіні болды да, ол «Лә иләһа иллә Ллаһ» деп айтудан бас тартты. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен міндетті түрде, маған тыйым салынбайынша, сен үшін кешірім сұрай беремін», - деді. Ал Аллаһ Тағала: «Пайғамбарға және мүміндерге мүшриктер үшін, тіпті егер олар туысқандары болса да, олар Тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін жарылқау тілеулеріне болмайды» (9:113), - деді. Әрі Аллаһ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Талибке байланысты жағдайға қатысты былай деді: «(Мухаммед,) расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жолға ілесетіндерді жақсы біледі» (28:56)». Хадис сенімді (сахих); Бухари 1360, 4772; Муслим 24.

Муслимнің риуаятында былай деп айтылаған: «Және (сол кезде) Абу Талиб Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер құрайыштықтар мені қорлап: «Ол осыған өзінің қорқақтығынан барды», - деп айтпағанда, мен міндетті түрде осы сөздерді айтып, сенің көзіңді қуантар едім», - деді. Және сол кезде Аллаһ Тағала: «(Мухаммед,) расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жолға ілесетіндерді жақсы біледі» (28:56), - деген аятты түсірді».

Перғауын да, Абу Талиб те өз ата-бабаларының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қимағандықтан ғана Аллаһтың дінін қабалдамағанына назар аударыңыздар. Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сөздерін Абу Талибке бірнеше рет рет қайталап айтса да, Абу Жәһл мен ибн Аби Умайя «ата-бабаңның дінін қалайша тастайсың?!» деген өздерінің дәйегінен басқа өз сөздеріне ешнәрсені қоспағанына да назар аударыңыздар. Бұл осы дәйектің кәпірлердің жүректерінде өте күшті екенін және оны ескертудің өзі-ақ адамның Исламды қабылдамауына жеткілікті екенін, басқа қосымша дәлелдер келтірудің өзі қажет болмай қалатынын көрсетуде.

Енді біз тура осы дәлелдің біздің діни жетекшілеріміздің жүректерінде де өте күшті екенін және егер данқты ата-бабалары сенімді хадиске сәйкес амал етпеген болса, олар да сахих хадисті қабылдай да, оған амал да ете алмайтынын көрудеміз. Және сонымен бірге олар Пайғамбарға деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйіспеншіліктері мен құрметі туралы, Құран мен Сүннетке ілесу қажеттілігі туралы және басқа да сол сияқты әдемі сөздерді айтуларын жалғастыра береді.

Ал мынау Абу Суфьянның көпқұдайшыл болған кезінде Римнің патшасы – Хиракл одан олардың пайғамбары Мухаммад не нәрсеге шақырып жатқаны туралы сұрағанда берген жауабы: «Ол бізге: «Аллаһқа ешкімді серік қоспаған күйде Оған құлшылық етіңдер және сендерге әкелерің (аталарың) айтып жатқан нәрселерді тастаңдар», - деп айтады». Хадис сенімді (сахих); Бухари 7; Муслим 1773.

Сондықтан да «Бізге арабтардың Исламы керек емес», «Біз уаххабилердің намазын орындамаймыз», «Бізге өзіміздің татардың (қазақи - аудармашыдан), дәстүрлі Исламы керек» деген т.с.с. сөздер дұрыс болып табылмайды. Себебі, біріншіден, Ислам «арабтың», «татардың» немесе «дәстүрлі» немесе «дәстүрлі емес» деп бөлінбейді. Ал, екіншіден, бұл сөздерде ақиқатқа шақыру жоқ, бірақ тек ұлтшылдыққа шақыру бар. Әзірбайжандар: «Бізге әзірбайжанның Исламы керек, дәл соны біздің ата-бабаларымыз ұстанған», - дейтінін, кейін қырғыздар, сондай-ақ әлемнің жүздеген үлкенді-кіші халықтары осындай деп айтқанын елестетіп көріңіздерші? Және сен әрбір халыққа келіп, оларға: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Имам «Әмин» деп айтқанда, сендер де амин деңдер, өйткені, ақиқатында, кімнің «Әмин» деп айтқаны періштелердің айтқанымен бірдей келсе, оның барлық күнәлары кешіріледі», Хадис сенімді (сахих); Бухари 780; Муслим 410, - деген», - деп айтқан кезде, олар: «Жоқ, біз: «Әмин», - деп айтпаймыз, өйткені біздің түркпен бабаларымыз олай істемеген», - десе ше?

Бұл қисынға сүйенсек, біздің діни жетекшілеріміз ата-бабалары мұсылман болмаған халықтарды, олар Исламды қабылдамай жатқаны үшін сөге алмайды, өйткені, олардың қисынына сәйкес, олар ата-бабаларының дәстүрлері мен ғұрыптарын тастауға міндетті емес екендігі келіп шығады ғой.

Және біз мұны бізге «арабтың» Исламы немесе олардың дәстүрлері керек болғандықтан, немесе бізге татарлардың (қазақтың - аудармашыдан) салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары ұнамайтындықтан айтып тұрған жоқпыз. Арабтарда жаман және Аллаһтың дініне сәйкес келмейтін нәрселері көп, ал татарларда жақсы және Аллаһтың дініне сәйкес келетін нәрселер көп болғандықтан да емес. Әрі осы намаз уаххабилердің намазы ма, әлде татарлардың, немесе қырғыздардың, өзбектердің т.с.с. салт-дәстүрлеріне сәйкес келеді ме - бізге бұл мүлде маңызды емес, бізді қызықтыратыны бұл намаздың Құран мен Сүннеттен алынған дәлелдерге негізделуі және әлемдердің Раббысының дініне сәйкес келуі.

Және адасқан надандардан тұратын және мұсылмандарды өз партияшылдығымен бөліп жүрген «Хизб ут-Тахрир», немесе «Таблиғ», немесе «Жиһад және хижра жамағаты», немесе «Ихуан ул-Муслимин», немесе «Хауариждерге», немесе кез келген өзге адасқан ағымдарға бірде-бір сәлафидің қатысы жоқ екенін, тіпті олардың құрамына кіруден бас тартатынын сіздер білесіздер. Сендер сондай-ақ сәлафияның партия да, ағым да, құпия жамағат та еместігін, ол Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларына ілесетін қарапайым мұсылмандар екенін де білесіңдер. Сіздер сондай-ақ біздің мемлекеттік төнкерістер, революциялар, ереуілдер, жарылыстар, басып алулар және басқа да жексұрын амалдар туралы ойларды алып жүрмейтінімізді де білесіздер, өйткені мұндайды Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның ардақты сахабалары да істемеген. Сендер сондай-ақ бізге сіздердің креслоларыңыздың, атақтарыңыздың, билік және тағы басқалардың керек емес екендігін де білесіздер. Сендер біздің жасырын сабақтар немесе құпия жиналыстар өткізбейтінімізді көріп жүрсіздер. Біз әркез сабақтарымызды есіктері үнемі ашық тұратын мешіттерде өткізгенбіз және оларға партияшылдар мен адасқан ағымдардың өкілдерінен өзге барлық қалаушылар қатыса алатынын көріп жүрсіздер, өйткені біз бидғатшыларды оқытпаймыз және ақиқатты жалғанмен араластырмаймыз.

Ал ендеше неліктен сіздер барлықтарын бір үймеге араластырасыздар, және сәлафилер сіздерге қандай жамандық істеді?! «Аллаһ айтты, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты, сахабалар айтты», - деп айтатын қарапайым мұсылмандарға қатысты күш пен қысым көрсетулеріңіз сізге жараспайды. Аллаһпен ант етемін, қысым мен қаталдық пайда әкелмейді, бірақ, керісінше, қайғылы нәтижелерге әкеп соқтырады.

Ал егер Аллаһ Тағала сіздерге де оған бағынуды міндетті еткен Аллаһтың Пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазда имам «Фатиха» сүресін оқып болғаннан соң «әмин» деп айтуды өз үмметі үшін заңдастырып қойған болса және оны сахабалар істеген болса, ендеше шариғатта бекітілген бұл амалға тыйым салуға сіздердің қандай қақыңыз бар? Әрі бізге Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер біз намазда «әмин» деп айтсақ, уәде еткен күнәларымыздың кешірілуіне қол жеткізу мүмкіндігін бізден тартып алуға қандай қақыңыз бар?! Аллаһпен ант етемін, мыңдаған мұсылмандар сол күні сендерге кешірімділікпен қарап, өздерінің құқықтарын талап етпеулері үшін, Қиямет күні тым ауыр. Олар міндетті түрде сендерге саусақтарымен нұсқап: «Міне осылар бізге «әмин» деп айту мүмкіндігін бермеді және осы заңды тәсілмен күнәларымыздың кешірілуіне қол жеткізу мүмкіндігімізден жұрдай етті», - деп айтады.

Ендеше, бізге келіспеушіліктерден шығуға жол көрсететін мына аятқа қарайық:

Аллаһ былай деді: «Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы - хайырлы да, нәтижеде жақсы» (4:59).

Абдур-Рахман әс-Са‟ди өзінің тәпсірінде былай деген: «Кейін Аллаһ кез келген келіспеушілікті: мейлі ол діннің негізіне немесе оның тармақтарына қатысты болсын - Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), яғни Аллаһтың Кітабына және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне қайыруды бұйырды, өйткені осы екі негізде барлық мәселенің шешімі қамтылған... Әрі Аллаһ Тағала осыны иманның шарты етті, сондықтан Ол: «...егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар», - деді. Бұл аят кім келіспеушіліктер туындаған кезде, Құран мен Сүннетке оралмаса (қайтпаса), сол шынайы иман келтірген болып табылмайтынына нұсқайды».

Осы аяттарды және олардың түсіндірмесін оқығаннан кейін, біз өзіміз үшін мынандай қорытынды жасаймыз: мәуліттің шариғи тұрғыдан заңдылығына қатысты біздің мәселемізде екі тарап бар. Оны шариғи тұрғыдан заңды, одан қалса мустахаб және тіпті міндетті9 деп айтатын тарап және екінші, яғни оның шариғи тұрғыдан заңдылығын теріске шығаратын, яғни «мауліт дінге енгізілген жаңалық болып табылады» деп есептейтін тарап. Осы аяттан шыға келе, егер біз Аллаһқа және Ақыретке иман келтірген мүміндер болсақ, онда Құран мен Сүннетке оралуымыз керек және келіспеушілігіміздің шешімін дініміздің осы екі қайнар көзінен іздеуіміз қажет.

Біз: «Мәулітті атап өту Құранда да, Сүннетте де ешқандай дәлелі жоқ дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың (бидғаттардың) бірі болып табылады», - деп есептейміз.

Ал оның заңдастырылғанын айтатын тарап Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім (дінде) біз әмір етпеген амалды жасаса, ол амал қайтарылады», - деген сөздеріне негізделіп, дәлел келтіруі қажет. Хадис сенімді (сахих); Муслим 1718.

Бұл хадисте олардың осы амалына Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығы болуы керек дегенге айқын нұсқау бар! Ендеше, осы бұйрықтың мәтінін бізге келтіріңіздер!

Сондай-ақ Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне негізделіп: «Немесе дінде Аллаһ рұқсат бермеген нәрсені оларға заңдастырған ортақтары бар ма?» (42:21).

Бұл аятта олардың амалдарына Аллаһ тарапынан рұқсаттың болуы, яғни Құран мен Сүннетте дәлелдің болуы міндетті екеніне айқын нұсқау бар. Ендеше, осы рұқсаттың мәтінін бізге келтіріңіздер, және сол кезде ешқандай келіспеушіліктер қалмайды. Осыдан шыға келе, біздің келіспеушілігіміздің үш шешімі болуы мүмкін:

1. Сіздер дәлел келтіресіздер және біз сол дәлелге бағынамыз да, келіспеушілік тоқтайды.

2. Сіздер Құран мен Сүннетке қайтасыңдар да, өздеріңіздің амалдарыңызға дәлел таппайсыздар. Сонда сіздер Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бағынуға және өз амалдарыңызды тастауға және мұсылмандарды бөліп әлсірететін алауыздық пен келіспеушіліктерді тоқтатуға міндеттісіздер.

3. Сіздер мүлде Құран мен Сүннетке қайтпайсыздар да, өз қалауларыңыз бен пайымдарыңызға негізделіп, маулітті өткізудің заңды екенін табанды түрде айта бересіздер. Мұндай жағдайда сіздердің имандарыңыздың толықтығынына күмән туындайды.

Ал егер мәуліттің ұйымдастырушылары: «Мәулітті атап өтуге тыйым салынғандығы туралы дәлелді сіздер келтіруге міндеттісіздер, ал біз оның заңды екеніне дәлел келтіруге міндетті емеспіз!», - деп айтса, онда біз оларға тағы да олар өздерін өтіріктен болса да телитін сол ханафи мазһабының негіздері мен ережелерін естеріне салуға мәжбүр боламыз. Бұл үшін ханафи мазһабының ән-Нәйлауи мен әл-Бандияли деген екі қазіргі заман ғалымдарының сөздерін келтірудің өзі жеткілікті: «Және (діни) негіздер мен ережелерде: «Амалдың заңды екенін теріске шығарушы емес, оның заңды екенін айтушы дәлел келтіруге міндетті», - деп бекітілген». «Шифа ус-Судур» 19-21-беттер.

Ал егер сіздер осының барлығына келіспесеңіздер, онда ұлтшылдыққа шақырып жатқандарыңызды және сіздерді өз халқыңыздың салт-дәстүрлерін, олар Құран мен Сүннетке сәйкес келеді ме, әлде жоқ па – оған байланыссыз, сақтап, дамыту ғана қызықтыратынын мойындай салыңыздар. Осы орайда не істесеңіздер де: концерттерге, филармонияларға барасыздар ма, мінажаттарды әндетесіздер ме, кәпірлерді олардың мейрамдарымен шын жүректен құттықтайсыздар ма - егер мұның барлығын әлемдердің Раббысының дініне жатқызбасаңыздар – онда қалауларыңыз білсін. Аллаһтан қорқыңыздар, Оған жала жапсырмаңыздар және Оның дініне онда жоқ нәрселерді кіргізбеңіздер. Осы арқылы әркез міндетті түрде Исламға жатқызатын әрбір жаңа қылықтарыңызға қарсы пікір жазудан бізді босатасыздар.


Каталог: books
books -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
books -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
books -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
books -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
books -> Антон Первушин Астронавты Гитлера


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет