Тарих факультеті



Дата19.12.2022
өлшемі1,51 Mb.
#163249
Байланысты:
Ислам діндегі б м 11 семинар Ержанова Дильназ ТД405


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Тарих факультеті
Тарих және Дінтану кафедрасы
Тақырыбы: Шиға мәзһабтың аты мен пайда болуы тарихы
Ақтөбе,2022ж
Орындаған: Ержанова Д.С
Топ: Тарих-Дінтану 405
Қабылдаған:Ғанибаева Ж

Жоспар: 1. ШИҒА (ШИИТТЕР 2. Мәзһабтың аты мен пайда болуы 3. Шейт етілуінен кейін мұсылмандардың бөлінуі 4. Қорытынды 5. Пайдаланылған әдебиет


ШИҒА (ШИИТТЕР)
Мәзһабтың аты мен пайда болуы:
Шиға, сөздікте – топ, жамағат, бір адамның жақтастары және жәрдемшілері деген мағыналарды білдіреді. Ислам тарихы, мәзһабтар тарихы және кәләм секілді ілімдерде термин ретінде «Төртінші халифа Хазірет Әлидің жақтастары болғандар және оны өзге сахабалардан абзал деп санағандар» деген мағынада қолданады.
«Шиға» сөзі – мүфрәд (жекеше), тәсния (екілік), жәми (көпше) мүзәккар (ер тегі) және муәннәс (әйел тегі) болып қолданыла береді. Бірақ, негізінен «шиға» жамағат мағынасында көпше түрі қолданылған, ал жеке адамдар үшін «шии» қалыбы қолданылған.
Үшінші халифа Хазірет Османның шейт етілуінен кейін мұсылмандар екіге бөлінеді.
Бір бөлігі Хазірет Осман жақтастары болып, оны өлтіргендерді дереу тауып, жазалауды қалайды. Бұларды «Шиғату Осман» немесе «әл-Османий» деп атаған
Мұсылмандардың екінші бөлігі Хазірет Әлидің жақтастары болған. Бұларды да «Шиғатул-Әли» немесе «әл-Алауийя» (Алауилер-Шииттер) деп атаған. Кейіннен қысқартылып «Шиға» термині тек қана Хазірет Әлидің жақтастары үшін қолданылған.185 Ибнун-Нәдимнің (ө.385/995) жазуынша, Хазірет Әли өзінің жақтастарын «шиғадан» басқа «асфийя, әулия, асхаб» секілді атаулармен еске алады екен.
Шиғаның орнына қолданылған сөздердің бірі – «рафыза». Тәрк ету мағынасын білдіретін «рафз» түбірінен шыққан бұл сөз негізінен Хазірет Әбу Бәкр мен Омардың халифалығын әрі бұларға бәйғат еткен сахабалардың пікірін қабыл етпегендер мағынасына келсе де кейбір ғалымдар жалпы шииттерге қолданған.
Мақдисидің (ө.355/966) айтуынша рафыза бұл мағынада жаман лақаб ретінде қолданылған.188 «Шиға» және «алауия» секілді «рафыза» да бір топтың аты, жекеше түрі «рафызи»
Шиғаның ортаға шығуын сонау пайғамбарымыздың (с.а.у) қайтыс болуынан кейін халифа сайлауынан бастауға болады. Жаназа рәсімімен жүрген Әһли Бәйттің дайын бола алмаған алғашқы халифа сайлауына Хазірет Әли наразылық білдіріп, халифалыққа бәрінен бұрын пайғамбар әулетінің лайықты екенін айтады.
Бірақ, шиғалардың ғылыми тұрғыдан дәлелді негізі жоқ пікірі өз алдына, Хазірет Әли өзінен алдыңғы халифалардң үшеуіне де бәйғат еткен әрі халифалық мәселесінде ешқандай дау туғызбаған. Сол себептен, Хазірет Османның шейт етілуі және төртінші халифа болып Хазірет Әлидің сайлануына дейін Ислам әлемінде «шиға» деп аталған топ болмаған
Шиға тобының сүйенген негізгі көзқарасы мен түсінігінің түбірі туралы бір-бірінен өзгеше көзқарастар айтылған:
1) Кейбір зерттеушілерге қарағанда, бұл топтың шығу түбірі Иран (Парсы) мен Үндінің түсінігінде жатыр. Өйткені, биліктің еркін сайлаумен емес, мираспен жалғасуы, көшбасшыларға тәңірлік сипат беріп, оларға міндетті түрде мойынсұну керектігі секілді пікірлер көне Иран мен Үнді түсінігінде орын алған. Тіпті, Ибн Хазм (ө.456/1064) мен Мақризи (ө.845/1442) секілді кейбір Ислам тарихшыларымен қатар бір топ шетелдік ғалымдар шиғалықты Парсылардың (Ирандықтар) Исламды іштей құлату үшін құрғандыған айтады.
Бір топ батыс шығыстанушылары шиға көзқарастары мен яһудилік және христиандық түсініктерінің арасында ұқсастықтар тауып, шиғалықтың осы ескі екі дінге сүйенгенін алға тартқан
Тағы бір топ батыстық шығыстанушылар шиғалықтың алғаш рет арабтардың арасында пайда болғанын алға тарта отырып, жат елден шықпағанын, Арабтардың өзінен шығып, кейін басқа елге, ұлттарға, әсіресе, ирандықтарға өткенін айтады.

Пайдаланылған әдебиет: 1. Әділбаева Ш. А. Ислам және Қоғам (Қазақстандағы Ислам мәселелері): Монография – Астана: «Рухани құндылықтарды қолдау қоры» корпоративтік қоры, 2018. – 206 б., «Қазақстандық исламтану мектебін дамытуға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбы бойынша грант аясында жарық көрген монографияның 14 томы ISBN 978-601-80766-8-8 2. Ислам теологиясы. Кіріспе: Оқулық. Топалоғлу Б



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет