Бөлім тақырыбы: Әлемдік экономикалық дағдарыс Сабақ тақырыбы: Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты?
Дүниежүзі тарихы 8-сынып Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы Оқу мақсаты: 8.2.4.1 Әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Дж. Кейнс теориясының рөлін сипаттау;
8.4.1.5 1930 жылдардағы құрылымдық экономикалық дағдарыстың нәтижесінде экономикада орын алған өзгерістерді анықтау
Бағалау критерийлері:
әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы кейнсшілдік рөлін сипаттап, талдайды;
жаһандық экономикалық дағдарыстың (АҚШ, Франция, Германия) түрлі жолдарын түсіндіреді, фактілерді, процестерді, оқиғаларды сәйкестендіреді, қорытындылар жасайды.
Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты?
Өткен сабақ:
Дағдарыс себептері
Экономикалық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі — өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем кабілеті — сұраныстан асып кетеді.
Рузвельт Франклин Делано (1882–1945) Д
Дағдарыстан шығу үшін
«Жаңа бағыт» саясатын ұсынды. Бұл бағыт бойынша экономиканы мемлекеттік реттеу, мемлекеттің жеке меншік шаруашылық істеріне араласуын білдіреді. Бұл реформалар кейнсшілдік теориясы негізінде жүргізілді.
Кейнсшілдік теориясы
Кейнсшілдік-экономиканың дамуына мемлекеттік реттеудің қажеттілігі идеясы негізінде жасалған макроэкономикалық теория. Ол Джон Мейнард Кейнстің «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» еңбегі негізінде жасалды