Мәуліт Ақерке 103-топ Саясаттану Саяси жүйелер және сайлау



Дата07.04.2022
өлшемі15,2 Kb.
#138335
Байланысты:
Документ (18)


Мәуліт Ақерке
103-топ
Саясаттану
Саяси жүйелер және сайлау
Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады.

Пропорционады сайлау жүйесі.
Мажоритарлық сайлау жүйесі.
Сайлау жүйесі 
Мажоритарлы сайлау жүйесі, оның түрлері мен модификациясы; 
Мажоритарлық сайлау жүйесі (majorіte — көпшілік) — сайлау кезінде дауыс берудің нәтижелерін анықтау тәртібі. Мажоритарлық сайлау жүйесі кезінде үміткер немесе партия сайлануы үшін сайлаушылардың көпшілік дауысын алуы қажет. Әрбір округтегі депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиесілі. 
Мажоритарлық сайлау жүйесі

Абсолютті 
Салыстырмалы 

Пропорционалды сайлау жүйесі 


Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:
дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);
қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.
Пропорционалды сайлау жүйесінің оның түрлі елдердегі ерекшеліктері

Сайлаудың пропорционалды жүйесі үміткерлердің тізіміне байланысты екіге бөлінеді


Ашық тізімде: сайлаудың әдісіне байланысты бір немесе бірнеше үміткерге дауыс беріледі немесе партиялық тізімдегі реттік нөмірі анықталады.Финляндия, Бразилия, Нидерланды).

Жабық тізімде:кезінде сайлаушылар тек партиялық тізім бойынша дауыс береді.(Еуропарламент, Израиль, ОАР, 2007 жылдан кейін Ресей). 


Аралас сайлау жүйесі пропорциялық және мажоритарлық жүйелерді біріктіруді көздейді. Ондағы мақсат – жекелей алғанда олардың әрқайсысына тән кемшіліктерді мейлінше азайту.
Аралас сайлау жүйесі пропорциялық және мажоритарлық жүйелерді біріктіруді көздейді. Ондағы мақсат – жекелей алғанда олардың әрқайсысына тән кемшіліктерді мейлінше азайту.
Көп сатылы сайлау – сайлау жүйесінің бір түрі. Мұнда өкілетті органның депутаттарын төменгі сайлау органдары немесе сайлау алқалары (олардың құрамына халық сайлаған сайлаушылар, яки төменгі өкілетті органдардың депутаттары, кейде олардың екеуі де кіруі ықтимал) сайлайды. К. д. с. екі және одан да көп сатылы болуы мүмкін, дегенмен үш немесе төрт сатылы сайлау қазіргі кезде өте сирек кездеседі.
Көп сатылы сайлау – сайлау жүйесінің бір түрі. Мұнда өкілетті органның депутаттарын төменгі сайлау органдары немесе сайлау алқалары (олардың құрамына халық сайлаған сайлаушылар, яки төменгі өкілетті органдардың депутаттары, кейде олардың екеуі де кіруі ықтимал) сайлайды. К. д. с. екі және одан да көп сатылы болуы мүмкін, дегенмен үш немесе төрт сатылы сайлау қазіргі кезде өте сирек кездеседі.
Сайлау шаралары мен сайлау кампаниялары
Сайлау кампаниясында саяси маркетингтің рөлі өте жоғары. Мұндағы саяси маркетинг деп отырғанымыз – бұл саяси нарықты зерттеу, нақтырақ айтқанда сайлаушылардың мінез-құлқы мен оларға әсер ету жолдарын зерттеу. Сайлау кампаниясы – өте қымбат шара. Көп жағдайда басымдық дұрыс сөзі көптерде емес, ақшасы көптерде болып шығады. Шынайы демократияға дақ келтіретін бұл олқылықтың әсерін азайту үшін бірқатар елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, ОАР) сайлауалды кампанияға жұмсалатын қаражаттың максимал көрсеткішін заңды түрде бекіткен болатын, алайда заңның орындалуын қадағалау өте қиынБарлық құқықтар қорғалған
Қазақстан Республиксында сайлау азаматтардың өзінің сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген.Бұл ретте Призидентті,Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын,сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жалпыға бірде й ,тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады.
Глоссарий
Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі.
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет